Орталық қазақстанда кездесетін Delphinium L. түрлерінің биоэкологиялық ерекшеліктері
Автор: Aknur1601 • Май 18, 2019 • Дипломная работа • 14,282 Слов (58 Страниц) • 696 Просмотры
МАЗМҰНЫ
Стр.
КІРІСПЕ 4
1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ 7
1.1 Delphinium L. түріне жататын өсімдіктің жүйелік құрамы мен Қазақстанда таралуы 7
1.2 Тегеурінгүл түрінің химиялық құрамы мен пайдалы қасиеттері 17
2 Орталық қазақстанның физикалық-географиялық сипаттамасы мен өсімдіктері 24
3 ЗЕРТТЕУ НЫСАНДАРЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ 31
4 ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ОНЫ ТАЛДАУ 35
4.1 Қарағанды облысының аймағында биік тегеурінгүл мен торлы жемісті тегеурінгүлдің таралуы мен онтогенезін зерттеу 35
4.1.1 Биік тегеурінгүлдің онтоморфогенезі 37
4.1.2 Торлы жемісті тегеурінгүлдің онтоморфогенезі 48
4.2 Қарағанды облысы аймағында биік тегеурінгүл мен торлы жемісті тегеурінгүлдің популяциясының түрлік құрамы мен құрылымы 48
4.3 Қарағанды облысының аймағында торлы жемісті тегеурінгүл мен биік тегеурінгүлдің шикізат қорын бағалау 63
4.4 Биік тегеурінгүл мен торлы жемісті тегеурінгүлдің жер асты және жер үсті мүшелерінде алкалоидтардың жиналуын зерттеу 68
4.5 Биік тегеурінгүлдің (Delphinium L.) анатомиялық зерттеулері 73
ҚОРЫТЫНДЫ 83
БИІК ТЕГЕУРІНГҮЛ МЕН ТОР ЖЕМІСТІ ТЕГЕУРІНГҮЛДІҢ ШИКІЗАТЫН ЖИНАУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР 86
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 87
ҚОСЫМША А ЖАРИЯЛАНҒАН ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАЛАР ТІЗІМІ 94
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Адамзат ежелден бастап этиологиясы әр түрлі ауру-сырқаттарды емдеу үшін және денсаулығын сақтау үшін шығу тегі минералды және жануар тектес түрлі шөптерді қолданған. Егер халық медицинасы мен дәстүрлі медицинаның нәтижелерін қарастыратын болсақ, тері ауруларынан бастап онкологиялық сырқаттарға дейін түрлі аурулар үшін көптеген рецептілердің барын атап өтуге болады.
Алайда, 20 ғасырда ғылыми прогресс фитотерапия мен фитофармакологиядан алысқа кетті [1], себебі биологиялық белсенді заттардың синтетикалық синтезі саласында ғаламдық табыстарға қол жетті. Осы уақыт ішінде дәрілік химия саласында синтетикалық препараттар ағзада түрлі аллергиялық реакцияларды тудырып, барлық ағзаға қатты әсерін көрсететіні жөнінде мәліметтер жинақталды. Осыған байланысты дәрілік сырқат деген түсінік қалыптасты [2].
Дәрілерге тәуелділік препараттарды периодты түрде қайталамалы немесе ұзақ мерзімді қабылдау кезінде дамиды. Ол кезде препаратты қабылдамағанда денсаулықтың күрт нашарлауы жүреді, нәтижесінде дәріні қабылдаған адамның денсаулығына, кейде тіпті қоғамға зиян келуі мүмкін. Әдетте психотропты дәрілік препараттарға тәуелділік жиі таралған, ол абстиненциямен байланысты (мәселен, опиаттарды немесе психостимуляторларды қабылдамағанда). Бірақ басқа да көптеген дәрілерге деген тәуелділік белгілі, мысалы жүрек-қантамыр жүйесіне әсер ететін заттар – глюкокортикостероидтар (корвалол, валокордин).
Дүние жүзінде шығу тегі өсімдік тектес заттарға деген қызығушылық күннен күнге артып келеді [3]. Мәселен, ДДС (Дүние жүзілік денсаулық сақтау) мәліметтері бойынша Шығыс Азия елдерінде, Жапонияда және АҚШ-та соңғы 20 жылда жазылатын фитопрепараттардың үлесі 40 %-ға өсті.
Ресми медицинада ТМД елдерінде шамамен 105 дәрілік өсімдіктерді қолдануға рұқсат берілген. Кеңес Үкіметінің құлауы мен Қазақстанның егемендік алуы өзіндік фармацевтикалық өндірістің дамуы жөнінде мәселені өзекті етеді.
Атап өткенде, фармацевтикалық саланың дамуы бірқатар бағдарламалық құжаттарда белгіленген:
• Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына арналған 2006 жылғы «Қазақстанның дүние жүзінің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену Стратегиясы» Жолдауы;
• Қазақстан Республикасының Президентінің
...