Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Контрольная работа по "Ботаникае"

Автор:   •  Январь 29, 2023  •  Контрольная работа  •  517 Слов (3 Страниц)  •  178 Просмотры

Страница 1 из 3
  1. Сабақтың алғашқы анатомиялық құрылысы бізде біржылдық, даражарнақты өсімдіктерде болады. Қара бидай сабан сабағының сыртында эпидерма ішке қарай жақсы жетілген склеренхима , оның арасында хлорофилл дәндеріне бай хлоренхима ұлпасы орналасқан. Одан ішке қарай ірі паренхима жасушасы бар. Сабақтың ортасы қуыс, осы құрылымда тұйық коллатеральді өткізгіш шоқтар екі шеңберде орналасқан. Сыртқы шеңбердегілері, ішкілеріне қарағанда майда болады.

Жүгерінің сабағының сыртын эпидерма, астын склеренхима ұлпасы тұратын қабат қоршайды, ішін паренхима клеткаларынан тұратын ұлпа толтырып тұрады. Онда тұйық коллатеральды өткізгіш шоқ шашылып орналасады.

Сабақтың соңғы анатомиялық құрылысында шеңберлік камбий шоқтағы прокамбийден және шоқаралық прокамбийден түзіледі. Камбийден ішке қарай сүрек бөлімін түзеді. Сүрек бөлімінде трахея, трахеид түтіктерін, склеренхима (либриформ), паренхима клеткаларын түзеді. Сүрек паренхималық жасушалардан тұратын орталық өзекті қоршап жетіледі. Камбийдің сыртында соңғы флоэмадан, паренхималық жасушалардан, тін талшықтарынан, өзек сәулелерінен (паренхималық клеткалар) тұратын тін бөлімі түзіледі. Алғашқы қабық болімінің сыртында тақталы колленхима (тірек үлпа), ішке қарай алғашқы қабықтың

паренхима клеткалары болады. Колленхиманың сыртын соңғы жабын ұлпа перидерма жауып жетіледі.

  1. Жалпы алғанда, жоғары сатыдағы өсімдіктер екі топқа бөлінеді. Олар: споралы және тұқымдылар. Тұқымды өсімдіктер ашық және жабық болып екіге бөлінеді. Ашық тұқымдыларға келетін болсақ,олар тұқым арқылы көбейе алады. Бірақ жеміс түзуге қатыспайды. Ашықтұқымдылардың қазіргі кезде 700 түрі белгілі. Олардың ішінде қылқанжапырақтыларға 600 және қарағайға 100 түрі жатады. Олардың ішінде көп таралғандарына қарағай,шыршаны,және аршаны жатқызуға болады. Сонымен қатар,ашықтұқымдылардың ауыл шаруашылығында рольі айтарлықтай зор. Мысалы,қарағайды химиялық жолмен өңдеген кезде жібек секілді жасанды талшық алуға болады. Қарағайды, шыршаны қағаз өндіруде таптырмас шикізат ретінде қолданады. Және  медицина саласындада қолданылады. Сондай-ақ, кәдімгі қарағай жарықты сүйетін әрі тамыры тереңге кетіп өсетін өсімдік болып табылады. Ағаштың сабақтарын дің деп атаймыз. Жалпы дің бірнеше бөліктен тұрады. Олар:сүрек,қабық және нашар бөлінетін өзек. Қылқанжапырақтылардың тағы бір ерекшелігі-шайыр мен эфирге толған шайырлы өзекшелер болады. Жас өркеннің түбінде тығыз орналасқан аталық бүр болады. Аталық бүрде 2 тозаңқаптан  болады. Және түсі жасылдау сары болып келеді. Аналық бүрінде сыртқы жағында жабын,ал ішкі жағында тұқымдық болады.

  1. Жалпы,жеміс дегенге келер болсақ-бұл бізге қажетті бірден бір дәрумен болып табылады.Осы жемістер 2 түрге ажыратылады.Оларды біз шырынды жеміс  және құрғақ жеміс деп екіге ажыратамыз. Шырынды жеміс ,негізінен өте жұмсақ және шырынды болып келеді.Оларды жидек,жидек тәрізді және сүйекті деп бөлеміз.Жидек жемістердің экзокарпийі өте жұқа және жұмсақ тұқымдары көп болып келеді.Сол үшін  мына жемістерді жатқыза аламыз:жүзім,қарақат және қызанақ.Бұларды біз күнделікті өмірде көріп жүрміз.Өте жұқа және жұмсақ екеніне күмәніміз жоқ. Екіншісі,жидек тәрізді жемістер бұлардың сыртқы қабатында эфир майы көп бөлінеді,түстері сарғылт-қызылғылт түсті болады.Жидек жемістердің ортаңғы және сыртқы қабаты бір-бірімен бірігетін болса ол жеміс қабын түзеді.Бұл жемістерге бізде :апельсин,лимон,асқабақты жатқуымызға болады. Енді сүйекті жемістерге келер болсақ,аты айтып тұрғандай бұл жемістерге сүйекті жемістерді жатқызамыз.Мысалы,күнделікті өмірде көріп жүрген өрік,шие.Осы сүйекті жемістердіңде  құрғақ түрлері де кездеседі.Оған грек жаңғағы мен бадамды жатқызуға болады. Құрғақ жемістер өз ішінде бірнеше түрге бөлінеді. Олар: Бұршаққап,бұршаққын, дәнек және қауашақ пен тұқымша болып бөлінеді. Бір ұялы болған құрғақ жемісті бұршаққап деп атаймыз. Бұршаққынды айтар болсақ, бұнын жемістері піскен кезде жіктері қақырап тұқымдары көрініп тұрады.Оларға қырыққабат,шомыр,шалқанды жатқызуға болады. Тұқымшаға келетін болсақ, ол дәнекке ұқсас.Оның бір айырмашылығы, тұқымы жеміс серігімен бірікпеген болып келеді. Жеміс қабы -экзокарпий,эндокарпий және мезокарпий деп алатын үш түрлі қабаттардан тұрады.Осы үшеуін талдайтын болсам,экзокарпий-«экзо» -сыртқы қабаты.Эндокарпий- «эндо» - ішкі, сонда жемістердің ішкі қабаты.Мезокарпий- «мезо» -орта, сонда жемістердің арасында орналасқан негізі бөлім табылады.

...

Скачать:   txt (7.9 Kb)   pdf (39.2 Kb)   docx (9.3 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club