Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Алмалар және өрік тұқымдас тармағы

Автор:   •  Октябрь 13, 2022  •  Реферат  •  1,458 Слов (6 Страниц)  •  386 Просмотры

Страница 1 из 6

1.Жабықтұқымдылар бөлімі-Angiospermae

Класс:Қосжарнықтылар- Dicotyledoneae

Қатар: Раушангүлділер-Rosales

Тұқымдас:Раушандар-Rosaceae

1.Туыс тармагы:Алмалар-Pomoideae

Туыс:Алмa-Malus

Туыс:Алмұрт- Pyrus

Туыс:Долана-Crataegus

Туыс:Шетен-Sorbus

2.Туыстармағы :Өріктер-Prunoideae

Туыс:Қараөрік-Prunus

Туыс:Шие-Cerasus

Туыс:Шабдалы-Persica

Туыс:Сарыөрік-Armeniaca

Алмалар тұқымдас тармағы – Rosaceae.Тіршілік формасы ағаштар және бұталар.Гүлдері түйін үстігүлдер, гултабаны иілген. Гүл серігі қосарлы, бес мүшелі. Аталығы көпшілік жағдайда 20. Аналығы ценокарпты, жемісжапырақшасы  әдетте 5, бірақ жиі 2-3, кейде 1 дейін қысқарған. Түйіні төменгі түйін бокал тәрізді гипантиімен. Төменгі түйін бұл тұқымдас тармағының айырықша белгісі болып саналады. Жемісі жалған жидек тәрізді алма. Алмалар тұқымдас тармағының гүлінің формауласы *Са5Со5А∞G(1-5).

Бұл тұқымдас тармағына алма-яблония, алмұрт-груша, шетен-рябина, долана-боярышник, айва, мушмула т.б жатады.

Алма-яблония-malus  туысы -сүректі ағаш, сирек бұталы өсімдік. Жапырақтары сағақты қарапайым, сопақ формалы астыңғы жағынан түкті, түсіп қалатын жапырақшасы бар. Гүлдері ірі, дұрыс гүл, үлкен емес шатыршы гүл шоғырына жиналған, гүлсерігі қосарлы. Тостағаншасы 5 тостағанша жапырақшадан, күлтешесі 5 күлтешеден, ішке беті ақ, сырты қызғылт. Аталығы көп(18-50), тозаңдығы сары. Аналығы 1, бес біріккен жеміс жапырақшадан, бес бос бағанасымен. Түйіні төменгі түйін  бес ұялы. Буынаяқтылармен тозаңданатын өсімдік. Жақсы омарталы өсімдік. Май айында гүлдейді. Гүлденуінің биологиялық ерекшелігі: алманың гүл шоғырында бірінші жоғарғы гүлдері ашылады. Алма туысының 300-ге аса жабайы түрлерді біріктіреді, оның ішінде ТМД-да 9 түр, Қазақстаңда 3 түр: Недзвецкий, Қырғыз, Сиверс алмасы. Жабайы түрде алмалар таулы аудандардың ормандарында өседі.  Жабайы алмалар қысқы суыққа төзімді, сондықтан мәдени сорттарды телуге пайдаланылады. Алмалардың мәдени сорттарының бәрі «Үй алмасы» деген атпен біріктіріледі.

Алмұрт-Груша- Pyrus туысына сүректі ағаш, сирек бұталар жатады. Туыс алмаға жақын. Жапырақтары қарапайым, бірақ ұзындау сағақты. Гүлдері дұрыс гүл, қос жынысты, қалқаншаға жиналған, 5 күлтешелі. Алмадан айырмашылығы гүлдерінің күлтешелері ақ түсті (қызығылт емес), гүлшоғырында бірінші төменгі гүлдері гүлдейді (алмаларда жоғарғы гүлдері), аналық бағаналары 5, бірақ олар түбіне дейін бөлек, түйінінде екі тұқым бүрі болады (алмада 5-6) тозаңдығы күлгін-қызыл (алмада сары). Жемісі әдетте алмұрт пішінді, жеміс жұмсағы тас жасушаларымен. Жабайы түрде Еуропаның оңтүстігінде, Африкада, Қазақстанда 2 түр:кәдімгі алмұрт, Регель алмұрты. Мәдени сорттары көп. Кәдімгі алмұрт-груша  обыкновенная- Pyrus communis,биіктігі 8-20 метрге дейін жететін ағаш, бөрбасы (крона) көпшілік жағдайда пирамидальды. Жапырақтары ұзын сағақты, терілі, үстінгі жағы жылтыр, дөңгелек немесе жұмыртқа тәрізді, жиегі ұсақ тісшелі. Жемісі етженді, шырынды, әртүрлі формада, бірақ жиі алмұрт пішінді.Мәдени түрде көп таралған.

2.Шетен-рябина- Sorbus  туысы. Ағаш немесе бұталар. Жапырағы күрделі, тақ қауырсынды немесе қарапайым, кезектесіп орналасқан. Гүлдері дұрыс гүл, қосжынысты, 5 күлтешелі, қалқанша гүлшоғырына жиналған. Жапырақтары ірі, қауырсынды емес, 11 - 23-ге жуық отырғыш (сабағына іс жүзінде бекітілген) ұзынша үшкір жапырақтары бар.  Жас кезінде жапырақтары түкті, бірақ кейін жалаңаш болады.  Бұтақтарының ұштарында пайда болатын қалқанша тәрізді қалың гүлдерге шоғырланған.  Олардың күшті ерекше иісі бар.  Гүлшоғырында тостағанша мен гүлшоғырынан тал маңы гүлшоғыры, үш бағаналы тыртықтар мен пестик дамыған [3].  Жемісі - ұсақ, шеті дөңгелек тұқымды шар тәрізді немесе сопақша ашық қызыл шырынды алма.Жемістерде 8% -ға жуық қант (фруктоза, глюкоза, сорбоза, сахароза), сондай-ақ органикалық қышқылдар, оның ішінде антисептикалық әсері бар сорбин қышқылдары, микроэлементтер мен витаминдер - аскорбин қышқылы (200 мг% -ға дейін), P витамині, каротин және гликозидтер бар. Қазақстанда 2 түрі кездеседі: Сібір шетені-рябина сибирская- Sorbus sibirica Hedl,Тянь-Шань шетені  Sorbus tianschanica Rupr.

...

Скачать:   txt (20.2 Kb)   pdf (132.8 Kb)   docx (14.4 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club