Өсімдіктер физиологиясы
Автор: Балнур Тойшыбек • Май 26, 2022 • Реферат • 22,986 Слов (92 Страниц) • 375 Просмотры
ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Кешкі, қашықтықтан және дайындық орталығы
Биология кафедрасы
«Өсімдіктер физиологиясы»
пәні бойынша студенттердің өз бетінше және студенттердің оқытушының басшылығымен орындайтын
өз бетінше жұмыстарына арналған
Шымкент, 2022 ж
Кіріспе
Өсімдіктер физиологиясы - өсімдік ағзасының тіршілік процестері мен қызметтерін зерттейтін ғылым. «Физиология» сөзін грек тілінен аударғанда «physis» - табиғат және «logos» - ұғым, ғылым деген мағынаны береді. Өсімдіктер физиологиясы эксперементалдық ботаныканың құрамдас бөлігі ретінде дами келе 19 ғасырда жеке ғылым ретінде бөлініп шықты.
Өсімдіктер физиологиясы жасыл өсімдіктердің барлық тіршілік процестерін – қоректену, тыныс алу, өсу, даму, көбею және т.б., олардың зат және энергия айналымын зерттейді. Өсімдік ағзасы, басқа да тірі жүйелер сияқты табиғаттағы зат және энергия алмасу заңдарына бағынады.
Олай болса өсімдіктер физиологиясының негізгі міндеті – қоршаған ортаның әр түрлі жағдайларындағы өсімдік ағзасының онтогенездегі тіршілік қызметтерінің заңдылықтарын танып білу.
Қазіргі заманғы өсімдіктер физиологиясында негізгі алты бағытты бөліп көрсетуге болады:
- Биохимиялық бағыт өсімдік ағзасында фотосинтез және тыныс алу процесінде түзілетін әр түрлі органикалық заттардың функционалдық маңызын қарастырады.
- Биофизикалық бағыт жасушаның энергетикасы, өсімдіктің электрофизиологиясы, өсімдіктің тіршілік процесстерінің физикохимиялық заңдылықтарын зерттеу мәселелерімен айналысады.
- Онтогенетикалық бағыт өсімдіктің дамуының жастық заңдылықтарын зерттейді.
- Эволюциялық бағыт белгілі бір сыртқы орта жағдайларындағы өсімдік дараларының жеке дамуының, түрдің филогенезінің ерекшеліктерін көрсетеді.
- Экологиялық бағыт өсімдік ағзасының ішкі процестерінің сыртқы орта жағдайларына тәуелділігін зерттейді.
- Синтетикалық бағыт(кибернетикалық) өсімдіктің өсуі, энергетикасы мен кинетикасының жалпы даму заңдылықтарын зерттейді.
Студенттердің өз бетінше жұмыстарының тапсырмалары өсімдіктер физиологиясының төмендегі негізгі бөлімдерін қамтиды:
1.Өсімдік жасушасының биохимиясы мен физиологиясы:
Өсімдік –күрделі көпжасушалы ағза. Оның әрбір жасушасы-оның құрылым бірлігі ретінде ағзаның тіршілік белгілерін тасушы. Өсімдіктің әрбір жасушасының жұмыс істеуі үшін күн сәулесінің кванты, фотонынан келетін энергия қажет.
Жасушада үздіксіз зат алмасу, өздігінен қалпына келу процесстері жүріп жатады. Өсімдіктің және оның жеке мүшелерінің өсуі жасушаларының өсуіне байланысты болады.Өсу конусының ұлпаларында
қабықшасы жұқа, ортасында ядросы бар, өзі толығынан протоплазмамен толтырылған.
Жекеленген жасушаларда протоплатың мөлшері біртіндеп
артады да, жасушаның көлемі үлкейеді. Содан соң ядро мен цитоплазма бөлінеді. Өсу конусының төменгі бөлігінде эмбрионалдық жасушалар созылу кезеңіне өтеді. Бұл кезеңде вакуольдар пайда болады, жасушаның көлемі үлкейеді де қабықшасы өседі.
Протопласт пен жасуша қабықшасы бір-бірінен бөлінбеген. Плазмодесма жіпшелері жасша қабықшасы арқылы өте отырып жеке жасушалардың тірі затын бір жүйеге біріктіреді.
Бұл бөлімде сонымен қатар жасушаның жекеленген органоидтарды, олардың құрылысы мен қызметі, жасушаның химиялық құрамы, органикалық заттардың биологиялық қызметі қарастырылады.
1.Өсімдіктердің су режимі
Су бүкіл тішіліктің өмір сүруінің шарты. Өсімдік жасушаларындағы судың мөлшері 70-80, кейде 90% дейін жетеді.
Тіршілік процесіндегі судың маңызы, оның биохимиялық процестер жүретін жасушаның негізгі ортасы болып табылуында. Су химиялық қосылыс ретінде гидролиз, тотығу-тотықсыздану, синтез және т.б. реакцияларға тікелей қатысады.
...