Құмырсқаның қанағаты
Автор: Манзия Мухтарова • Сентябрь 4, 2022 • Лекция • 1,038 Слов (5 Страниц) • 305 Просмотры
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
«Семей қаласының №6 гимназиясы» КММ
Қысқа мерзімді жоспар
Әдебиеттік оқу 3 сынып 5-сабақ
Бөлім: | Жанды табиғат | |
Мұғалімнің аты-жөні | Мухтарова Манзия Сатбековна | |
Күні: | ||
Сынып: 3 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Құмырсқаның қанағаты | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 3.2.5.1 көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау 3.1.2.1 ертегінің мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша мазмұндау 3.1.5.1 – өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып, жеткізу. | |
Сабақтың мақсаты ЕБҚ бар оқушыға | 1.Ертегінің жанрлық ерекшеліктерін және оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтай алады. 2.Ертегі мазмұнын жоспар құрып, мазмұндай алады. 3.Шығармадағы негізгі ойды түсіндіре алады. Ертегінің мазмұнын сурет бойынша мазмұндай алады. | |
Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу, түсіну, қолдану, жоғары ойлау дағдыларының деңгейі |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы 5мин | Психологиялық ахуал ширату жаттығуларын жасату. Жабырқауды білмейміз, Жалқаулықты сүймейміз. Біз талантты жасұлан, Үлгі аламыз жақсыдан. Топқа бөлгенде ертегі түрлерін «Таңдау» әдісі арқылы ертегі түрлерінің бірін таңдайды. Топқа бөлініп, топ басшысын сайлайды. Ертегі түрлері 1. Қиял ғажайып ертегі 2. Хайуанаттар туралы ертегі 3. Шыншыл ертегі 4. Тұрмыс салт ертегі Сабақтың тақырыбы мен мақсатын жариялау -Бүгін біз құмырсқа туралы «Құмырсқаның қанағаты» атты ертегімен танысамыз. Ертегінің түрлерін қайталап, ертегідегі кейіпкерді сипаттаймыз | оқушылар бірлесіп өлең шумақтарын айтып, топқа бөлініп отырады. | парақшадағы сөздер: 1. Қиял ғажайып ертегі 2. Хайуанаттар туралы ертегі 3. Шыншыл ертегі 4. Тұрмыс салт ертегі [pic 1] | |
Сабақтың ортасы 20 мин 10 мин 5 мин | 1тапсырма Мәтінді әркім шолып оқып, таныс емес сөзді сызып отырыңыздар. Топта талқылап, ең көп қайталанған сөзді тақтаға жазып сөздік жұмысын орындайсыздар Құмырсқаның қанағаты Ертеде бір ғұлама болыпты. Ол барлық халықтың, жан-жануардың, жәндіктің , өсімдіктің тілін біледі екен. – Сенің белің неге жіңішке?-деп сұрайды. -Егер саған бидайдың бір дәнін берсем, қаншаға жеткізер едің?-деп сұрайды. -Бір жылға жеткізер едім,- депті құмырсқа. Ғұлама құмырсқаны сауытқа салып, қасына бидайдың бір дәнін қояды. Бір жыл өткен соң, сауытты алып қараса, құмырсқа бір қырынан бүк түсіп, қимылсыз жатыр екен. Қасында бидай дәнінің жартысы қалыпты. Әрі-беріден кейін бірте-бірте мұртын, аяғын қимылдатады да, құмырсқа орнынан тұрады. -«Бір дән бір жылға жетеді» деп едің . Жыл өтті, ал сен дәннің жартысын ғана жепсің. Оның қалай?-деп сұрайды ғұлама. -Иә... ол дәнді бір жылда жеп бітірсем, қазір менің қалім әлдеқайда жақсы болған болар еді. Бірақ сен бір жылдан кейін мені босатуды ұмытып кетсең, онда мен бостан босқа аштан өлер едім. Сол себепті, бір жыл бойы жарты дәнді қанағат қылдым,-деп жауап береді құмырсқа. Ғұлама құмырсқаның шыдамдылығы мен қанағатына қайран қалыпты. Содан кейін ғұлама қанағаттық қасиетін адам баласына үйретіпті. «Түртіп алу» тәсілі (Жеке,топта) Таныс емес сөздердің астын сызып, топта талқылау, жазу Дескриптор:
Сөздік жұмысын жүргізу Ғұлама-оқымысты адам Қанағат- бар нәрсеге риза болу ЕБҚ оқушы үшін: таныс емес сөздің астын сызып беремін Дескриптор:
2 тапсырма Оқушыларға мәтін 3 бөлікке бөлініп беріледі, жұптарымен зерделеп оқып, оқыған бөлігіне ат қояды . 1 жұп Ертеде бір ғұлама болыпты. Ол барлық халықтың, жан-жануардың, жәндіктің , өсімдіктің тілін біледі екен. – Сенің белің неге жіңішке?-деп сұрайды. -Егер саған бидайдың бір дәнін берсем, қаншаға жеткізер едің?-деп сұрайды. -Бір жылға жеткізер едім,- депті құмырсқа. 2 жұп Ғұлама құмырсқаны сауытқа салып, қасына бидайдың бір дәнін қояды. Бір жыл өткен соң, сауытты алып қараса, құмырсқа бір қырынан бүк түсіп, қимылсыз жатыр екен. Қасында бидай дәнінің жартысы қалыпты. Әрі-беріден кейін бірте-бірте мұртын, аяғын қимылдатады да, құмырсқа орнынан тұрады. 3 жұп -«Бір дән бір жылға жетеді» деп едің . Жыл өтті, ал сен дәннің жартысын ғана жепсің. Оның қалай?-деп сұрайды ғұлама. -Иә... ол дәнді бір жылда жеп бітірсем, қазір менің қалім әлдеқайда жақсы болған болар еді. Бірақ сен бір жылдан кейін мені босатуды ұмытып кетсең, онда мен бостан босқа аштан өлер едім. Сол себепті, бір жыл бойы жарты дәнді қанағат қылдым,-деп жауап береді құмырсқа. Ғұлама құмырсқаның шыдамдылығы мен қанағатына қайран қалыпты. Содан кейін ғұлама қанағаттық қасиетін адам баласына үйретіпті. «ЖИГСО- 1 тәсілі» (Жұп) Оқушылар әр бөлікті жұпта оқып,бөлікке ат қояды. Дескриптор:
ЕБҚ оқушы үшін: бөлікті тұжырымдап қысқартып беремін. 3 бөліктің суретін беремін, өзі оқыған бөліктің суретін табады. Дескриптор:
3 тапсырма Ертегіні бөлігіне сәйкес мазмұндау «Аквариум» әдісі (топ) «Аквариум» топты басқа топ оқушылары келіп, қоршап тұрады. «Аквариум» топ ертегіні басы, ортасы, соңғы бөлік бойынша кезекпен мазмұндайды. Тыңдап тұрған топ сұрақ қояды. Сұраққа «Аквариум» топ жауап береді. Дескриптор:
ЕБҚ ететін оқушы: бөлікке байланысты сурет арқылы мазмұндап айтады. Дескриптор:
4 тапсырма Алдыңғы сабақта өткен И. Крыловтың «Шегіртке мен құмырсқа» мысалы мен «Құмырсқаның қанағаты» ертегісіндегі құмырсқаны сипаттау «Венн диаграмасы» әдісі (жеке) Дескриптор:
ЕБҚ ететін оқушы: бір бөлікті сарымен, бір бөлікті жасылмен жазып беремін, ортақ белгісін жазып қоямын. Дескриптор:
| -мәтінді шолып оқиды -таныс емес сөздердің астын сызады -таныс емес сөзді топта талқылап , мағынасын ашады -барлық оқушыға түсініксіз сөздерді дәптерге жазады -бөлікті зерделеп оқиды - бөлікке ат қояды -мәтінді мазмұндайды -Сұрақтар қойып, оған жауап береді. -мысалдағы құмырсқаны сипттайды -ертегіде құмырсқаны сипаттайды -ортақ белгісін табады | 1.мәтінді оқиды 1 ұпай 2.таныс емес сөздің астын сызады 2 ұпай 3.мағынасын ашады 1ұпай 4.сөздік жұмысын орындайды 1ұпай -бөліктерді зерделеп оқиды 1 ұпай -бөлімге ат қояды 1 ұпай -мәтінді мазмұндайды 1 ұпай -сұрақтар қояды 1 ұпай -сұрақтарға жауап береді. -мысалдағы құмырсқаны -ертегіде сипаттайды 1 ұпай құмырсқаны сипаттайды 1 ұпай -ортақ белгісін табады 1 ұпай | Оқулық, дәптер бөлікке бөлінген мәтін, парақ, бөлім бойынша сурет[pic 2] [pic 3] [pic 4] Дәптерге «Венн» диаграммасын сызады |
Сабақтың соңы 7 мин | Рефлексия: Құмырсқаның әрекетіне өз көзқарасың. 5 тапсырма Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі 5 асыл істі еске түсіре отырып , бүгінгі тақырыптан қандай ой түйдің? 2 минуттық эссе әдісі Оқушылар 2 минут ішінде тақырып бойынша өз ойларын жазады. Дескриптор:
ЕБҚ ететін оқушыға: «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін беремін. Дескриптор:
Оқу тапсырмасы: ертегіні мазмұндау. | Сабақтың негізгі ойына ой тұжырым жасайды | Алған ұпай санын топ жетекшісі санап ҚБ қойылады. | «Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым» деген сөздер жазылған парақша. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі жазылған парақша |
...