Шпаргалка по "Микробиология"
Автор: Malitoli • Май 22, 2019 • Шпаргалка • 7,156 Слов (29 Страниц) • 852 Просмотры
Ашытқылардың арқасында глюкозаның этанол мен көмір қышқылына дейін ашытылуы фруктозаби-фосфатты жолмен жүреді.
Пируваттың (пирожүзім қышқылы) этанолға дейін айналуы 2 кезеңде жүреді. Алғашқыда пируват пируваткар-боксилаза арқылы декарбоксиленеді, нәтижесінде ацетальдегид түзіледі. Ацетальдегид алкоголдегидро-геназа арқылы этанолға дейін тотықсызданады.
Сонымен глюкозаның 1 молекуласынан 2 АҮФ молекуласы мен 2 этанол молекуласы түзіледі.
Л.Пастер спиртті ашытудың анаэробты жағдайда жүретінін және де ашытудың аэробты жағдайда төмендеп «тыныс алудың» белсенді болатынын ашты. Бұл құбылыс кейінірек «Пастер әсері» деп аталынып кетті.
Спиртті ашыту рН 3-6 арсында жүреді. Егер де оны сілтілі жағдайда жүргізсе және NaHCO3 қосатын болса глицерин өнімі алынады.
Карл Нойберг спиртті ашытудың рН жағдайға байланысты басқа өнімнің алуына болатындығын байқады. Ол глюкозаға бисульфит қосатын болса негізгі өнімнің глицерин болатындығын ашты (бұл жағдайда этанол түзілмейді):
CH3OH + NaHSO3 -> CH3COH2 - SO3Na
ацетальдегид бисульфит глицерин
Спирттік ашу процесі кезінде этил спиртінен басқа сірке альдегиді, глицерин, сірке және янтарь қышқылдары, сивуш майлары түзіледі.
15. Пропион қышқылды ашыту
ПҚБ алғаш рет швейцар iрiмшiгiнен (эмменталь cыры) Шерман (1921) мен Фреуденрейх (1907) бөлiп алды. Оларды алғашқыда Propionibacterium shermanii және Propionibacterium freudenreichii деп атады.
Пропион қышқыл бактериялар- грам-оң, плеоморфты таяқша, анаэробты не микроаэротолерантты болады. Олар қанттар мен лактатты, глицерин мен аминқышқылдарды пропион қышқылына дейiн ашытады. Глюкоза Эмбден-Мейергоф жолымен пирожүзім қышқылына дейiн ыдырайды.
Пирожүзім қышқылы, алдымен, метилмалонил-КоА-карбок-силазаның көмегімен карбоксилденеді және оксалацетатқа айналады. Көмірқышқыл газының органикалық затпен байланысуын және соның нәтижесінде дикарбон қышқылының пайда болу Вуд-Веркман реакциясы деп атайды.
Метилмалонил-КоА жолындағы бір ізбен жүретін реакцияларды екі айналымға бөлуге болады: СО2 тобының айналымы және КоА тобының айналымы. Көмiрқышқыл газын оксалацетат қабылдайды, ол бiрнеше реакциялардан кейiн (оксалацет – алма қышқылы – фумарат) сукцинатқа берiледi.
Ал КоА айналымы пропионил-КоА-дан басталады. Бұл кезде пропионил-КоА-дан пропион қышқылы бөлiнiп ортаға шығады, ал КоА сукцинатпен қосылып, сукцинил-КоА-ға айналады. Ол метилмалонил-КоА-мутаза арқылы метилмалонил-КоА-ға ауысады.
16. Май қышқылды ашыту
Бұл процестi 1861 ж. Л.Пастер ашты, ал процеске жауапты микроорганизмдердi С.Н.Виноградский 1886 ж. бөлiп алды. Бактерияларды таяқша пiшiнiне, спора түзуiне және анаэробты жағдайда өсуiне байланысты Clostridium туысына жатқызды, ал түрiн Пастер атымен Clostridium pasteurianum деп атады. Кейiн май қышқылды ашу процесiн Butyrivibrio мен Fusobacterium туыстарына жататын бактериялар жургiзе алатыны анықталды.
- Пируват: ферродоксин комплексі арқылы пирожүзім қыш-қылынан екi ацетил-КоА, екi СО2, екi Н2 молекуласы бөлiнедi;
Clostridium pasteurianum глюкозаны Эмбден-Мейергоф жолы-мен ашытады. Пайда болған пирожүзім қышқылы ацетил-КоА мен СО2-ге тотығады және Н2 пайда болады. Бұл реакция пируват:ферродоксин оксидоредуктаза жүргізеді. Майлы қышқылды ашу процесі ацетил-КоА-ның екі молекуласының қосылуынан (конденсациядан) басталады. Бұл реакцияны тиолаза жүргізеді. Нәтижесінде ацетоацетил-КоА пайда болады. Ол НАДН2 есебінен және β-гидроксибутирил-КоА-дегидрогеназа-ның қатысуымен β-гидроксибутирил-КоА-ға тотықсызданады. Одан кротоназаның әсерінен су бөлініп, кротонил-КоА пайда болады. Келесі фермент, бутирил-КоА-дегидрогеназа, кротонил-КоА-ны бутирил-КоА-ға тотықсыздандырады. Одан КоА-трансфераза көмегімен КоА ацетатқа көшеді, ақырында майлы қышқыл бөлініп шығады.
...