Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шпаргалка по "Биологии"

Автор:   •  Февраль 15, 2018  •  Шпаргалка  •  29,990 Слов (120 Страниц)  •  924 Просмотры

Страница 1 из 120

1билет

1. Микробиология және вирусология  пәніне кіріспе.

2.  Микроорганизмдер физиологиясы.

3.  Микробиологиялық лабораторияда жұмыс істеу ережесі.

1.  Микробиология грек тілінен аударғанда микрос-кішкентай,  био – тіршілік,   логос – ғылым д. м. б.  Ол жай көзбен көрінбейтін,   өте ұсақ организмдер жайлы ғылым.  Микробтар әлеміне бір клеткалы жасыл балдыр-р,  қарапайымдылар,   микроскопиялық саңырауқұлақ-р,   актиномицеттер,   бактерия-р,   ашытқылар,   микоплазма,  вирустар жатады. Микробиология – микроорганизмдерің биологиялық қасиеттерін,   генетикасын,   экологиясын,   олардың табиғатта,   адам,   жануарлар мен өсімдіктер тіршілігіне  әсер ететін рөлін зерттейтін ілім.  Микроорганизмдер биотехнологиясының дамуы микробиология,   генетика,   биохимиядағы фундаменталды зерттеулермен қатар жаңа приборлар мен аппараттар дайындау,   қазіргі заманға сай технологиялық линияларды құрастыру,   биообъектілермен жұмыс жасағанда инженерлік-конструкциялық шешімдерді жетілдіруіне көңіл аударылады.  Биообъектілерден,   шикізат,   технологиялық жағдай және құрал-жабдықтардан құралған биотехнологиялық жүйе өндірісте нақты өнім алу үшін тағайындалады.  Ашыту,   биосинтез және биотрансформация процестері нәтижесінде өнім алынады.  Биотехнологиялық жүйеде нақты орынды микроорганизмдер алады,   ал технологиялық үрдістің аппараттық жабдықталуы,   субстратты таңдауы микробтың биологиялық қасиеттер ерекшеліктеріне,   олардың ферментациялануына байланысты.  Биообъект ретінде микроорганизмдерді айрықша қолдануы келесі критерийлерге сүйенеді: микроорганизмдерің жылдам көбеюі,   биосинтездің көптеген метаболизм жолдарының болуы,   жоғары ферменттік қасиетке ие болғандықтан түрлі органикалық заттарды,   ксенобиотиктерді ыдырату қабілеттіліктері және керісінше,   аэробты және анаэробты жағдайда бейорганикалық заттардан органикалық қосылыстар түзу,   микроорганизмдердің барлық жерде кездесуі,   экстремалды жағдайларға олардың жылдам бейімделуі,   гендік-инженерлік манипуляциялар үшін жоғары организмдермен салыстырғанда микробтық клетканың ауқымды технологиялық қол жетерлігі.  Сондықтан да биотехнологияда қолданылатын микроорганизмдер түрлері мен штаммдар саны күнделікті өседі,   кеңейеді және пайдалы қабілетін зерттеу спектрі өседі.  Бұл метаболизмді реттеу механизмдерін әбден білу және оларды меңгере білу,   шеберлікпен бейімделген биоөндіріске жаңа инженерлік технологиялар мен приборларды кіргізу болып табылады.

2. Микроорганизмдердiң физиологиясы.

(қоректенуi,  дамуы,  тыныс алуы –физиология)

Микробтардың тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн негiзгi физиология :

-қоректену

-тыныс алу

-көбею

-даму

Микробтар қарапайым болғанымен олардың химиялық құрамы күрделi. Кез-келген тiрi клетка қалыпты тiршiлiк ету үшiн өте бай энергия қажет етедi. Ол энергия зат алмасу процестерiнiң нәтижесiнде құрастрылады.

Зат алмасу – метаболизм ( грек тiлiнен аударғанда метаболь -өзгеру).

Метаболизм организмдердiң зат және энергия алмасуының биохимиялық процесiнiң бiрлестiгi,  яғни ассимиляция (заттардың организмге түсiп сiңiрiлуi) және диссимиляция  процесiнiң жиынтығы.  Бұл процестер клетканың сыртында экзоферменттердiң әсерiнен жүредi.  Жәй қосылыстардан клетка денесi құрылады. Бұны анаболизм –құрылыстық алмасу деп атайды.

Метаболизм процесiнiң өтуi үшiн энергия қажет. Бұл энергия клеткада органикалық заттар тотыққанда түзiледi. Организмге түскен заттар түрлi өзгерiстерге ұшырайды. Оны катаболизм (энергетикалық алмасу ) д. а. ,   яғни энергия құрастыру жолы. Органикалық заттардың тотығуы –тыныс алу болып табылады.  Анаболизм мен катаболизм және клеткадағы қоректену ,   тыныс алу байланысты,  яғни бiр екзде жүруi мүмкiн.

Микроб клетканың химиялық құрамы.

Химиялық құрамы өсiмдiктер мен жануарларға ұқсас. Оның 70-85 % судан,   15-25 % құрғақ судан құрылады,   көмiртегi мөлшерi 45-55 % ,  оттегi -30 %,  сутегi –6-8 %,  Р,  К,  Mg,   Fe- 3-10  %.

...

Скачать:   txt (382.7 Kb)   pdf (821.6 Kb)   docx (136.4 Kb)  
Продолжить читать еще 119 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club