Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ферменттік реакциялар арқылы мектеп оқушыларының химия,биология пәндеріне деген қызығушылылықтарын арттыру жолы мен олардың өмірдегі қо

Автор:   •  Декабрь 7, 2024  •  Курсовая работа  •  1,353 Слов (6 Страниц)  •  11 Просмотры

Страница 1 из 6

[pic 1]

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ ИНСТИТУТЫ

ТАҚЫРЫБЫ: Ферменттік реакциялар арқылы мектеп оқушыларының  химия,биология пәндеріне деген  қызығушылылықтарын арттыру жолы мен олардың өмірдегі қолданысын көрсету

Орындаған:Тұрсынбаева.А

                      Сайлаубаева.А

                      Өскін.А

   Аннотация:

Мақалада химия пәнін оқушылар үшін қызықты әрі түсінікті етудің жолдары қарастырылады. Автор теориялық білімді тәжірибелік жұмыстармен ұштастыру арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру қажеттігін атап өтеді. Биохимия, әсіресе ферменттік реакциялар, оқушыларға өмірдегі химиялық процестерді көрсетуге мүмкіндік береді. Амилаза, альдегидоксидаза және пероксидаза ферменттері көмегімен орындалатын қарапайым тәжірибелер оқушылардың ғылыми қызығушылығын оятып, химия мен биология арасындағы байланысты жақсырақ түсінуге ықпал етеді. Мектептерде биохимиялық зертханаларды пайдалану арқылы оқушылардың химия мен биологияға деген қызығушылығын арттыру мүмкіндігі талқыланады.

 Химия пәнінің оқушыларға әсерлі әрі қызықты болуы үшін теориялық білімді тәжірибелік жұмыстармен ұштастыру маңызды. Химия, биология пәндері көбіне теориялық ұғымдарға негізделгендіктен, оларды оқушыларға қызықты және түсінікті ету үшін практикалық тәсілдер қолдану тиімді. Сондай-ақ, мектепте қарапайым, бірақ әсерлі эксперименттер жасау арқылы оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын арттыруға болады. Біздің ойымызша, оқу процесінде пәнаралық байланыстың маңызы зор, ол байланыс білімді толықтырады, растайды, оқушылардың білімін «ішкі байланыстарды» реттеу арқылы білім мен біліктілікті бекітеді және биология, химия пәндері туралы түсінік қалыптастырады. Әсіресе, химияның биологиялық негіздерін зерттеу оқушылардың күнделікті өмірде кездесетін қолжетімді мысалдар арқылы қызығушылықтарын оятуға мүмкіндік береді. Мұндай тәжірибелердің бірі-адам ағзасындағы ферменттерді зерттеу арқылы оларды тәжірибе жүзінде көрсету. Мысал ретінде, сілекейдегі амилаза ферментінің көмегімен крахмалдың ыдырауын анықтайтын түсті реакцияларды қарастыруға болады. Химия мен биологияның қиылысында орналасқан биохимия пәні адам ағзасындағы, тағамдағы, табиғаттағы күрделі биохимиялық реакцияларды түсінуге мүмкіндік береді. Биохимия – тірі ағзалардағы химиялық процестер мен реакцияларды зерттейтін ғылым. Бұл сала молекулалық деңгейде жасушаның тіршілік ету процестерін түсінуге бағытталған. Қазіргі уақытта биохимиялық зертханалар негізінен жоғары оқу орындарында және ғылыми-зерттеу орталықтарында кеңінен қолданылады. Биохимиялық зертханалар оқушыларға теориялық білімді практикада қолдануға мүмкіндік береді. Олар биохимиялық процестерді өз қолдарымен зерттей отырып, материалды тереңірек түсініп, ғылыми дағдыларын дамытуға көмектеседі. Мысалы, оқушылар ферменттердің әсерін зерттеу, жасушалық тыныс алу мен фотосинтезді модельдеу арқылы күрделі биологиялық механизмдерді практикада көре алады. Алайда, мектептерде биохимиялық зертханаларды қолдану әлеуеті зор. Бұл мақалада қазіргі заманғы зертханалық тапсырмаларды мектептерде қалай енгізіп, оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыруға болатыны талқыланады. Ағзадағы ферменттердің қызметі мен реакцияларды қарапайым тәжірибелер арқылы көрсету-мектеп оқушылары үшін қызықты әрі танымдық тәсілдердің бірі. Ферменттік реакциялар арқылы олар биохимияның тек зертханаларда ғана емес, өз өмірінде де маңызды екенін түсінеді. Осы мақалада сілекейдегі амилаза ферменті, шикі сүттегі альдегидоксидаза, картоптағы пероксидаза сынды реакциялар қарастырылып, олардың химия пәніне деген қызығушылықты арттырудағы орны және оқушыларға өмірде қолдану әдістері көрсетіледі.

...

Скачать:   txt (21.4 Kb)   pdf (122 Kb)   docx (36.9 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club