Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Т: Күрделі ұнтақтар алу. Ұнтақтау. Елеу. Араластыру

Автор:   •  Сентябрь 17, 2021  •  Реферат  •  667 Слов (3 Страниц)  •  1,738 Просмотры

Страница 1 из 3

[pic 1]

НЕКОММЕРЧЕСКОЕ  АКЦИОНЕРНОЕ ОБЩЕСТВО

 «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА»  «С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ»

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС  АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ 

Промышленная технология процессы

Реферат

Реферат

Т: Күрделі ұнтақтар алу. Ұнтақтау. Елеу. Араластыру

Орындаған:Альтай Ақмарал

Топ:  19-018-2К      

 Тексерген: Нокербек Ш

Алматы 2021ж.

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  1. Күрделі ұнтақтар;
  2. Күрделі ұнтақтарды дайындау технологиясы;
  3. Ұнтақтау;
  4. Елеу;
  5. Араластыру
  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

  1.  Кіріспе

Қазіргі таңда ҚР-да 7000-нан астам дәрілік препараттар тіркелген. Олардың әрқайсысының өзіне тән дәрілік форма (таблетка, драже, ұнтақ, пасталар және т.б.) түрінде жасалынып, шығарылады.

Күрделі ұнтақтар

Күрделі ұнтақ құрамына екі немесе одан көп заттар және әртүрлі мөлшерде енуі мүмкін, олар негізінен ішуге қолдануға белгіленеді. Жазылған заттардың физикалық қасиеттерінің ерекшеліктері және олардың әртүрлі қиыстырылуы күрделі ұнтақтарды әртүрлі тәсілдермен дайындауды қажет етеді.

Күрделі ұнтақтарды дайындау технологиясы

- рецептіде берілген дәрілік заттардың сыйымдылықтарын тексеру;

- улы және күшті әсер ететін заттардың дозасын тексеру;

- күрделі ұнтақтардың жалпы мөлшерін есептеу, бақылау паспортын жазу;

- жеке ингредиенттердің келіге салу реттілігін анықтау;

- күрделі ұнтақтардың майдалану және араласуының белгіленген оптималды

уақытын сақтау;

- дайын ұнтақтардың майдалану дәрежесін және араласу біртектілігін тексеру;

- дайын ұнтақтарды дозалау;

- ұнтақтарды орамдау және безендіру ережесін сақтау.

Ұнтақтау

Ұнтақтау (майдалау) – pulverаtіo. Қатты дәрілік заттарды ұнтақтаудың қажетті емдік әсер алу ғана емес, сонымен бірге, дәрілік заттарды оптимальды араластыру және дәл дозалау үшін де маңызы зор. Ұнтақталған дәрілік заттардың бөлшектерінің мөлшері теңестіріліп, олар жеңіл және жақсы араласады, дозаланған кезде қатпарланып кетпейді.

Майдалау процесін таңдау ұнтақталатын заттардың табиғатына, сонымен бірге алынатын ұнтақтың майдалылығына да байланысты. Майдалау әртүрлі механикалық күштермен арқылы жүзеге асырылады.

Дәріхана жағдайында ұнтақтау үшін келі (mortarіa), келісап (pestіlla) кең түрде қолданылады. Келі фарфордан, шыныдан, агаттан, шойыннан және т.б. материалдардан жасалады.

Ұнтақтау сапалы жүргізілуі үшін келінің түбі келісап басына максимальды сай болуы керек. Фарфорлы келіде езгілеу және ысқылау процестерін бірден жүргізуге болады. Металды келілерде осы күштерді ұрумен (тоқпақтау) біріктіруге болады.

Дәріханада фарфор келілер  кеңінен қолданылады, олар жеті түрлі номермен шығарылады. Дәріхана жағдайында дәрілік заттарды ұнтақтау үшін кофе ұнтақтағыштарды қолданған тиімді. Ұнтақтағыштардың бұл түрлері негізінен дәріхана-ішілік дайындамаларда қолданылады.

Елеу

Елеу сатысы – cubratіo. Ұнтақталған дәрілік құралдарды електер арқылы елеу керек. Елеу мақсаты – бірдей өлшемді бөлшекті өнім алу.

Елек, металдық табақты қалыптау арқылы, металдан және, жібек, капрон , металл жіптерден жасалады. Електердің, түбі белгілі өлшемдегі тиісті материалмен тартылған, ашық қуысты цилиндр тәрізді және електің өзінен, еленген материал түсетін қабылдағыштан және шаңданудан қорғайтын қақпақтан тұратын жабық түрлері бар.

...

Скачать:   txt (10.4 Kb)   pdf (119 Kb)   docx (37.4 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club