Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тыныс алу кезіндегі өкпе көлемінің өзгеруін, плевральдық теріс қысымды анықтау

Автор:   •  Январь 13, 2018  •  Курсовая работа  •  3,571 Слов (15 Страниц)  •  2,147 Просмотры

Страница 1 из 15

Қазақстан   Республикасы  білім   және    ғылым    министрлігі

Л.Н Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

Жаратылыстану ғылымдары факультеті

«Жалпы биология және геномика» кафедрасы

        

Курстық жұмыс

Тақырыбы: «Тыныс алу физиологиясы»

«Адам және жануар физиологиясы» пәні

Дайындаған: Масалимова Минара

Тобы: Биология – 31

Тексерген: Мукатаева Жанат Макановна

Астана 2017

Жоспар:

І Кіріспе.................................................................................................3

ІІ Негізгі бөлім......................................................................................4

  1. Тыныс алу процесінің физиологиялық мағынасы және табиғаты.Сыртқы және ішкі тынысалу......................................... 4
  2. Тыныс алу типтері..........................................................................7

2.1 Тері арқылы...............................................................................7

2.2 Желбезек арқылы.......................................................................7

2.3 Қарапайым диффузия................................................................8

2.4 Өкпе арқылы..............................................................................8

  1. Тыныс алу кезіндегі өкпе көлемінің өзгеруі, тыныс алу  және шығару механизмі. .......................................................................................8
  2. Тыныс алу бұлшықеттері................................................................. 9
  3. Плевральдық ауданның кері қысымы,оның тынысалу кезіндегі өзгерісі. Дондерс схемасы..............................................................................10
  4. Тыныс алу вентиляциясы..................................................................12
  5. Тыныс алудың реттелуі...................................................................13

ІІІ Қорытынды ......................................................................................16

ІV Қолданылған әдебиеттер тізімі......................................................17

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Тыныс алу – барлық тірі материяға тән қасиет; ол кез келген мүшеде, кез келген ұлпада және клеткада жүретін процес болып табылады. Жалпы тыныс алу – организммен оны қоршап тұрған сыртқы ортаның арасындағы газ алмасу процесі.Тыныс алу – тіршіліктің белгісі және оның тоқтауы организмнің өлуіне әкеледі.

Сыртқы ортадан үздіксіз келетін ауадағы оттегі организмде тотығу реакциясының жүруін реттейді. Тотығу реакциясы - энергия бөлетін негізгі биохимиялық процесс. Сондықтан, организмнің тіршілік процесі тканьдер мен клеткаларды оттегімен толық қанағаттандыруына байланысты болады. Неғұрлым организм жоғары сатыға шыққан сайын, оның оттегіне мұқтаждығы арта береді.

Курстық жұмыстың мақсаты: Адам организмінде жүретін тыныс алу процесіне талдау жасай отырып, оның  маңызы мен жүру механизмін анықтау. Тыныс алу типтерін  және өкпенің тіршілік сыйымдылығын зерттеу.

Курстық жұмыстың міндеттері:

1) Тыныс алу процесінің физиологиялық маңызын зерттеу

2) Сыртқы және ішкі тыныс алу процесін анықтау

3) Тыныс алу типтеріне талдау жасау

  1. Тыныс алу кезіндегі өкпе көлемінің өзгеруін, плевральдық теріс қысымды анықтау

Негізгі бөлім

Тыныс алу процесінің физиологиялық мағынасы және табиғаты.Сыртқы және ішкі тынысалу

      Тыныс алу - организммен оны қоршап тұрған сыртқы ортаның арасындағы газ алмасу процесі.

Сыртқы ортадан үздіксіз келетін ауадағы оттегі организмде тотығу реакциясының жүруін реттейді. Тотығу реакциясы - энергия бөлетін негізгі биохимиялық процесс. Сондықтан, организмнің тіршілік процесі тканьдер мен клеткаларды оттегімен толық қанағаттандыруына байланысты болады. Неғұрлым организм жоғары сатыға шыққан сайын, оның оттегіне мұқтаждығы арта береді. Қоректік заттардың қоры организмде сақталғаны сияқты, оттегінің қоры онда сақталмайды.Организмге   үнемі   керек мөлшерде оттегі үздіксіз сыртқы ауадан келіп тұрады. Ал қандай да, бір себептермен оттегі клеткаларға және тканьдерге бармай, аз уақыт тоқтаса, олардағы зат алмасу процесі бұзылады да, адам өледі. Тыныс алу органдары организмді оттегімен қамтамасыз етеді және тотығу процесінің нәтижесінде түзілетін көмір қышқыл газын сыртқа шығарады.

...

Скачать:   txt (49.5 Kb)   pdf (418.1 Kb)   docx (132 Kb)  
Продолжить читать еще 14 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club