Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тері

Автор:   •  Апрель 17, 2020  •  Доклад  •  533 Слов (3 Страниц)  •  357 Просмотры

Страница 1 из 3

Тері – біздің денеміздің сыртқы жабыны, оның көлемі 2 метрдей. Тері үш қабаттан тұрады. Сыртқы қабат – эпидермис көп қабатты эпителий ұлпасынан құралған, ол үнемі жаңарып отырады. Эпидермистің астындағы қабат дерма ұлпасынан тұрады. Терінің бұл қабатында қан тамырлары, лимфа тамырлары, май және тер бездері болады. Терінің ең астыңғы қабатында май торлары бар. Май торлары ішкі мүшелерді әр түрлі зақымдаулардан, салқындаудан сақтайды, сондай-ақ, энергия қоры болып табылады.

Таза және ауруға шалдықпаған тері денеге әр түрлі микробтардың енуіне жол бермейді. Ағзадағы зиянды заттар, мөлшерден артық тұздар тері арқылы (термен) бөлініп отырады. Тер бездері тер бөледі. Бұл – денені ысып кетуден сақтайды. Терідегі май бездері май бөледі. Тері майы шашты және терінің үстін майлайды, теріге жұмсақтық және серпімдік қасиет береді. Тері – сезім мүшесі, ол жүйке талшықтарымен торланған. Сондықтан біз ыстықтың, суықтың әсерін, ауру сезімдерін қабылдап, өзімізді күюден, үсуден, жарақаттанудан қорғай аламыз. Тері газ алмасуга қатысады, оттегін сіңіріп, көмір қышқыл газын бөледі.

Күбіртке – саусақтағы тырнақ астының іріңдеп қабынуы. Бұл көбінесе жарақаттан болады. Жараланған саусаққа (тырнақ астына) микроб түсіп, оны іріңдетеді. Іріңдеген жер солқылдап, қатты ауырады. Егер микроб қанға өтіп, денеге жайылса, адам өміріне қауіпті ауру басталады. Сондықтан күбіртке түскенде күн сайын саусақты 10-15 минут жылы суға малып, дәрі жағып, жылы орап, дәрігерге көріну қажет.

Күйік ыстықтан, қайнаған су мен ыстық темір, от және химиялық заттардан (қышқыл, сілті, улы заттар және т.б.) болады. Күйген жер әуелі қызарады, қол тигізбей ауырады, қызарған тері күлдіреп, ішіне су толады, ашып ауырады, терінің кейбір жері сыдырылады, сөйтіп күйген жердің жаны кетіп қараяды.

Алғашқы жәрдем оттан, судан, зақымданған жерден тез шығару, ал химиялық заттар күйдірсе, күйген жерді сумен жуу керек. Егер денені қышқыл күйдірсе, онда көмір қышқыл натрийдің (сода) ерітіндісімен жуу керек. Содан кейін күйген жерді спиртке немесе марганец

...

Скачать:   txt (7.2 Kb)   pdf (35.9 Kb)   docx (9.1 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club