Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Пәннің дамуының қысқаша тарихы

Автор:   •  Апрель 9, 2018  •  Реферат  •  2,229 Слов (9 Страниц)  •  1,038 Просмотры

Страница 1 из 9

КІРІСПЕ

1 Пәннің міндеттері.

2 Пәннің  дамуының қысқаша тарихы.

3 Пәннің дамуына ғалымдардың қосқан үлестері.

Микробиология және вирусология - көзге көрінбейтін организмдердің – микроорганизмдердің морфологиясын, физиологиясын, генетикасын, экологиясын және олардың өсімдіктер мен жануарлар, сонымен қатар адамдар үшін маңызын зерттейтін ғылым. Ғылымның атауы үш грек сөздерінен құрастырылған; micros- кішкене,  bios-өмір, logos- ғылым. Микроорганизмдерге бактериялар, саңырауқұлақтар, вирустар және т.б. организмдер жатады. Бұл жан иелерін тек жарық немесе электронды микроскоптардың көмегімен ғана көруге болады. Микроорганизмдердің арасында пайдалы да, зардапты та түрлері кездеседі. Айталық, олардың бір тобы өсімдіктердің қалдықтары мен жануарлардың өлексілерін шірітіп, жер бетін үнемі тазартып отырады, ал екінші бір тобы өсімдіктерді, жануарларды және адамдарды ауруға ұшыратады.

Микроорганизмдер әлемі өте күрделі және әр-қилы болып келеді. Табиғатта микроорганизмдерді кез-келген нысаннан табуға болады. Олар зат алмасу үрдісіне белсене қатысып, сонымен қатар атмосферадағы азотты сіңіре отыра топырақтың құнарлығын арттырады. Микроорганизмдер жан-жануарлардың, әсіресе күйіс қайырушылардың рубец –да целлюлозаны ыдыратып, ас қорыту үрдісінде маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар микробтың тіршілік өнімдерін және олардың өлі жасушаларын макроорганизм қоректік зат ретінде пайдаланады.

Микробиология ғылымының тарихы және даму кезеңдері. микроорганизмдер белгілі болғанына дейін адамзат олардың әрекеттерінің әсерінен туындайтын құбылыстарды өз пайдасына қолданып келді. Айталық, микробтардың биохимиялық белсенділігін адамдар шарап, қымыз, айран даярлауда, нан пісіруде және т.б. өнімдерді шығаруда пайдалана білді. Cонымен қатар, адамдар микробтар туралы түсініктері болмаса да, олардың зардаптарынан тағамдарды сақтай білген. Археологиялық зерттеулерге сүйенсек, адамзат тағам өнімдерін сақтауды (тоңазыту, қақтау, тұздау, кептіру) сонау неолитика кезінен бастап игерген көрінеді.

Абу Али ибн Сина (Авиценна) /980-1037 жж/ өзінің «Медицина канондары» атты танымал еңбегінде оба, шешек және басқа аурулардың су және ауа арқылы  көзге көрінбес қоздырғыштары арқылы таралатынын жазған еді. Жұқпалы аурулардың тірі табиғаты туралы гипотезаны біздің жыл санауымызға дейін өмір сүрген ғалымдар - Гиппократ (б.ж.с.б. 460-377) пен Гален (б.ж.с.б. 131-211) де айтқан болатын. Жұқпалы аурулардың көзге көрінбейтін тіршілік иелері арқылы пайда болатындығын Варрон (б.ж.с.б. 116-27) мен Плиния (б.ж.с.б. 23-75) да болжаған еді. Лукреций өзінің б.ж.с.б. 75 ж. жарияланған «De rerum natura» атты еңбегінде оба белгісіз бір «ұрықтардың» әсерінен туындайды деген тұжырымға келеді.

Орта ғасырда жер бетінде шешек, оба, сүзек және т.б. жұқпалы аурулар етек алды. Азия халықтары алапестің /лепраның/ жұғымталдығын біле отыра, ауруға шалдыққан адамдарды оқшаулап отырған.

Джироламо Фракастро 1546 ж. жарық көрген «Жұқпа туралы» кітабында аурулардың адамнан адамға өте ұсақ тіршілік иелері - contagium vivum арқылы жұғатындығына негіздеме келтірген.

Егер микробиологияның бастауы ретінде адамның ең бірінші рет микроорганизмдерді көрген уақытын алатын болсақ, онда біз аталмыш ғылымның туған жылын ғана емес, сонымен қатар туған күнін де және зерттеушінің атын да  дәл басып айта аламыз - 1676 ж. 24 сәуірі,  голландия азаматы Антони ван Левенгук (1632-1723). Ол арнайы білімі жоқ, саудагер ғана болатын.  Бос уақыттарында А.Левенгук үлкейткіш шыныларды линзаларды жасап, олардың көмегімен өсімдіктердің жапырақтарын, сілекейді, тіс қырындысын /соскоб/, су тамшыларын, бұрыш тұнбасын /настойка/ және т.б. зерттеумен әуестенген. 1683 жылы ол зерттелген нысандарда көзге көрінбейтін animalculae деп өзі белгілеген ұсақ жәндіктердің болатындығын «Левенгук ашқан табиғат құпиялары» атты кітабында жария етеді. Бұл еңбегінде ол ауыз қуысында, су үлгілерінде және т.б. субстраттарда өте көп мөлшерде кездесетін шар тәріздес, таяқша іспеттес, сонымен қатар иректелген анималькульдердің суреттерін келтіреді, олардың кейбіреулерінің белсенді түрде жылжи алатындығын жазады. Алайда ол организмдердің табиғатта алатын орны, әрекеттері жөнінде мағұлмат бере алмады. Левенгуктің еңбегі көптеген ғалымдардың қызығушылығын тудырғанмен, жаңа зерттеулерге жол аша алмады, өйткені ол кезде биология ғылымы аталмыш жаңалықты игеріп кететіндей деңгейге әлі жетпеген еді.

...

Скачать:   txt (33.1 Kb)   pdf (145.2 Kb)   docx (20.1 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club