Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Нәруыздардың тірі материясы құрудағы ролі

Автор:   •  Февраль 13, 2021  •  Контрольная работа  •  589 Слов (3 Страниц)  •  950 Просмотры

Страница 1 из 3

Бақылау сұрақтары:

  1. Нәруыздардың тірі материясы құрудағы ролі. Нәруызтың элементарлың құрамы
  2.  Нәруыздарды бөлу әдістері
  3. Нәруыздар денатурациясы мен ренатарциясы. Нативтік нәруыз туралы ұғым.
  4. Протеидтер классификациясы
  5. Нәруыздар құрылымы

1.Жер жүзіндегі тірі ағзалардың негізгі құрамды бөлігі – нәруыз. Тірі ағзаның құрамына кіретін нәруыздар немесе протеиндер  грек тілінен аударғанда protos – бірінші, алғашқы, маңызды деген мағынаны біліреді органикалық қосылыстардың 50-85% құрайды. 1871 ж. орыс химигі Н. Н. Любавин нәруыздар амин қыш қылдарынан тұратынын анықтады. Нәруыздар цитоплазма мен ядроның негізін құрайды. Олар табиғатта кездесетін органикалық заттардың ішіндегі ең күрделісі.

Нәруыздардың элементтік құрамы:

Көміртегі – 50-55%

Оттегі – 21-24%

Азот – 15-18%

Сутегі – 6-7%

Күкірт – 0,3-2,5%

Кейбір нәруызтік заттардың құрамына фосфор кіреді, аз мөлшерде кейде темір, мыс, йод, хлор, бром, кальций, мырыш жəне тағы басқа элементтер де кездесуі мүмкін.

2. Диализ әдісі, Хроматографиялық əдіс, рентген-құрылымдық анализ, электронды микроскопия, таңбаланған атомдар əдісі, инфрақызыл жəне ультракүлгін анализ, электрофорез, молекулярлы елек əдісі, масс спектрометрия, ультрацентрифуганы пайдалану, магниттіоптикалық айналудағы дисперсиялық əдістер, электронды парамагнитті резонанс, ядролық магнитті резонанс жəне т.б. əдістер қолданылады.

3.Нәруыздар денатурациясы-нәруыз молекулаларының кеңістітік құрылымының бұзылуынан табиғи қасиеттерінің жойылуы. Өз қызметін ойдағыдай іске асыра алатын кез келген конформациясында болатын нәруыздарды нативті деп атайды. Нәруызтың структурасы тұрғысынан тұрақтылығы деген ұғым нативті конформацияны сақтау дегенмен анықталады. Энтропияның жоғары деңгейі және полипептид тізбегіндегі көптеген топтардың сулы (еріткіш) ортада бір-бірімен сутегілік байланыс арқылы әрекеттесуі молекуланың жазылуына (unfold) жағдай жасайды. Осындай жағдайға қарсы тұратын және нативті конформацияны тұрақтандыратын химиялық әрекеттесулерге дисульфидтік байланыстар және әлсіз яғни, ковалентті емес сутегілік, иондық және гидрофобтық байланыстар жатады.

4. Протеидтер — құрамында нәруызқа жатпайтын простетид тобы компонентті бар күрделі нәруыздар. Простетид тобының химиялық негізіне қарай протеидтерді нуклеопротеидтерге, липопротеидтерге, фосфопротеидтерге т. б. бөледі. Протеидтерге көптеген ферменттер де кіреді.

5.Нәруыз молекуласының бірінші деңгейдегі құрылымы полипептидтік тізбектегі амин қышқылдарының реттеліп орналасуы.

Нәруыздардың екіншілей құрылымы кеңістіктегі полипептид тізбегінің түрі. Пептидтік топтардың өзара тартылуы есебінен нәруыз молекуласының ішінде сутектік байланыстар түзіледі.

Нәруызтың үшінші реттік құрылымы деп полипептидті тізбектің белгілі бір көлемде кеңістікте орналасуын айтамыз. Үшінші реттік құрылымның пішініне қарай, нәруыздарды глобулярлы жəне фибрилярлы түрлерге бөледі.

Төртінші деңгейдегі құрылым олигомерлі нәруыздарда болады. Мұндай нәруыздар екі немесе одан да көп полипептидтік тізбектерден тұрады.

Деңгейлік тапсырмалар:

1-деңгей. Нәруыздардың қасиеттері, молекулалық массасы

2-деңгей.Нәруыздардың амин қышқылды құрамы. Аминқышқылдардық байланысу тәсілдері.

3-деңгей. А.Я.Данилевский мен Э.Фишер еңбектері. Клетканың құрамы мен нәзік құрылымы туралы қазіргі ұғымдар.

...

Скачать:   txt (9.8 Kb)   pdf (81.2 Kb)   docx (10.3 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club