Невроздар. Олардың пайда болу себептері және алдын алу
Автор: Eromaturgun • Сентябрь 30, 2021 • Реферат • 405 Слов (2 Страниц) • 2,061 Просмотры
[pic 1]
СӨЖ
Тақырыбы: Невроздар.Олардың пайда болу себептері және алдын алу
Орындаған:Тұрғын Ержан
Тобы: 103
Тексерген:Нүркенов Т.Т
[pic 2]
Невроз (лат. neurosіs — жүйке тозуы) – адамда болатын психикалық-жүйке жүйесінің өтпелі психогенді, созылмалы аурулар тобы. Невроз шамадан тыс психикалық жағдайдың себепші болуынан дамитын, өте жиі таралған дерт. Негізінен жүйке жүйесі әлсіреген адамдарда байқалады. Жүйке жүйесінің іштен туа біткен әлсіздігі жүктілік кезіндегі жеріктіктен, ал жүре пайда болатын әлсіздік бала кезінде алған жарақаттар мен әр түрлі аурулардың салдарынан пайда болады. Кейде адамдардың өмірінде неврозға ұқсас жағдайлар байқалады. Мысалы, адам ерекше бір хабар күткенде, уайымға батып, сабырсыздық танытады, жүрегінің соғуы жиілеп, денесі дірілдейді, қатты тер басады. Психикалық жарақаттардан кейін болатын Невроздың белгілері: жабырқау, ренжу, үрей, титықтап қажу, тұйықтан шыға алмау. Кейде невроздың белгілері ішкі органдар қызметінің бұзылуынан да болады. Мұндай кезде науқаста жазылмайтын аурумын деген қорқыныш үрей пайда болады. Мысалы, жүрегі шаншыса – инфаркт, асқазаны ауырса – қатерлі ісік (рак) болдым деп, ауру бірнеше дәрігерге қаралумен болады. Клиникалық белгілеріне қарай невроздың: неврастения, истерия деген түрлері ажыратылады.
[pic 3]
[pic 4]Невроз – өмірдегі жағымсыз жағдайларға тұлғаның реакциясы.Осы реакция нәтижесінде тұлға бұзылысы, сана және ес бұзылысы туындайды. Невроздардың келесі түрлері бар: неврастения, есіріктік невроз, жабыспалы қалып күй неврозы. Балалар неврозының этиологиясы: психикалық травма, биологиялық факторлар, психикалық факторлар, әлеуметтік факторлар.
НЕВРОЗ АУРУЛАРДЫ ЕМДЕУ ЖОЛДАРЫ
Невроздарды қалай емдеуге болады? Бұл аурулардан құтылудың қандай жолдары бар?
Невроздарды емдеуде қатып қалған үлгі болуы мүмкін емес, өйткені ол негізінен әр ауру адамның жеке өзіне тән ерекшеліктеріне, оның жоғары нерв қызметінің типіне байланысты.
...