Йод.Адам өміріне әсері
Автор: Dulatbek Azatzhan • Март 29, 2018 • Реферат • 2,935 Слов (12 Страниц) • 1,663 Просмотры
РЕФЕРАТ
Орындаған:Е.Талғар
Тексерген:
2018 ж.
Йод.Адам өміріне әсері
Йод аса маңызды микроэлементтердің біріне жатады. Организмнің қалыпты дамуы үшін ол аса қажет, солай бола тұра қажетті мөлшері өте аз не бары 100-150 мкг. Ол адамға ғана керек емес, жануарлар мен өсімдіктерге де қажет, бұл йодтың жер бетіндегі бүкіл тірі материялар үшін маңыздылығының айғағы..Өткен ғасырдың басында Наполеонның толып жатқан басқыншылық соғыстарына өте көп керекті «мылтық дәрісін» (порох) жасауға селитра қажет болды; Селитраны теңіз балдырларынан алуды көп кісі кәсіп қылды. Париждің түбіндегі аптека ұстаушы Куртуа селитра заводын салды. Селитра қайнататын қазанның түбінде бір белгісіз тұздарды зерттей келе, оның күкірт қышқылымен әрекеттесе күлгін түсті будың шыққанын байқайды, буды жинаса ол металл сияқты жылтыр кристалдарға айналады. Куртуа бұл затты таныс профессоры Клеманға, ол Гей-Люссакқа береді. Гей-Люссак оны қонаққа келген Дэвиға көрсетеді. Гей-Люссак пен Дэви мұның қасиетін зерттеп Кутуаның тапқаны жаңа элемент екенін анықтайды. Оны иод (грекше «йодос»-күлгін түс) деп атайды. Йод 1812 жылы ашылды жəне осылай деп аталуына буларының күлгін түсті (iodes –грекше «күлгін») болуы себеп болды. Йод қоры көбінесе сулы ортада жинақталған. Сондықтан болар суда планетадағы салмағы мен тұрқы ең ірі хайуанаттар тұрақтаған. Мысалы, қанық көк немесе аспан көк түсті кит – бювал, массасы 150 тонна жəне дене ұзындығы 30 метр. Əлемдегі бүгінгі ғылыми танылғандар ішінде бұдан ірі жануар жоқ. Теңіз жануарлары арасында өмір сүру уақыттары ұзақтығынан да рекордтар бар, мысалы, теңіз тасқабалары 200–300 жыл өмір сүреді Топырағы мен суы йодпен қаныққан аудандарда өсетін өсімдіктердің тұрқы ғаламат үлкендігімен таңқалдырады. Оған мысал ретінде гиганттық секвойя – мамонт ағашын қарастыруға тұрады, ол Калифорнияның Тынық мұхиттық жағалауларында өседі жəне оның биіктігі 140–160 м, ал діңгегінің диаметрі 10 м жəне одан да артық болады. Секвойя ағашы мыңдаған жылдар жасайды, қалай болғанда да, бұл ағаштың 4500 жыл жасаған даналары ғылымға танымал. Ғалымдар секвойя ағашы 9000 жыл жасауы да ықтимал деген байламға келіп отыр. «Бұл ғаламат алып ағаштардың өсуіне керекті жалғыз жағдайға йодтың буларына қаныққан теңіз тұманы жатады», – деп санайды биология ғылымының докторы, профессор В.О.Мохнач . Йод жылжымалы жəне айқын белгілері бар, табиғатта біркелкі таралмаған жер қыртысының элементі. Йодтың биосферадағы айналымы көбінесе территорияның теңіздер мен мұқиттардан алшақтығы, жердің рельефі, жəне де су мен топырақтың қышқыл-негіздік қасиеттері сияқты факторларға байланысты.Табиғаттағы йод айналымында, оның негізгі бөлігі теңіз суында таралған. Жəне оның топырақтағы негізгі көзіне атмосфералық йод жатады, ал өз кезегінде ол атмосфераға теңіздер мен мұхиттардан түседі. Мұхиттың 1м² ауасында 10 мкг жəне одан да артық йод көлемі бар, ал континент ауа қабығында – 0,5 мкг (бұл өте аз мөлшер). Осыған байланысты теңіз жəне мұхиттарға жақындық, желдің бағыттары жəне жауын-шашын мөлшері йодтың топыраққа түсуінде аса маңызды роль атқарады. Йод табиғатта үнемі айналымда болғандықтан, үздіксіз қозғалыста: мұхит пен теңіздегі сулардан буланып атмосфералық ауада қоюланып жиналады, содан кейін жауын-шашынмен араласып жердің топырақты қыртысына қайта оралады. Жер топырағында йодтың таралуы 50-ден 9000 мкг/кг-ға дейін болады жəне ол соңғы (төртінші) мұз дəуіріндегі оның қату деңгейіне байланысты. Оның концентрациясы балшықты, көмірленгендікті, қара топырақты жерлерде (1–50 мкг йод/1 г топырақта) жоғары, ал құмдауытты жəне күлденген жерлерде (0,5–10 мкг йод /1 г топырақта) төмен болады. Жауын-шашындағы жəне өзен суларындағы йод концентрациясы 5 мкг/л, ал атмосфера ауасында – 0,5 мкг/л болады. Табиғатта йод түрлі формада кездеседі – органикалық жəне органикалық емес, жəне де оның басым бөлігі йодид жəне йодат түрінде таралған. Сонымен, йодтың көп мөлшері топырақтың жоғарғы қабатынан мұздықтардың еріген суларымен жəне жауын-шашындармен шайылып, өзендер арқылы теңіздер мен мұхиттарға құйылады. Йод топырақтың терең қабаттарында да болады жəне мұнай бұрғыларынан шығатын топырақтарда кездеседі. Терең қазылған құдықтардан бөлінетін сулар йодтың маңызды көзі болуы ықтимал. Жалпы алғанда, жер қыртысының жоғарғы қабаты неғұрлым кəрі болса, ол сыртқы əсерлерге көп тап болған (эрозияларға), сондықтан йодқа ол соғұрлым кедейлеу. Йод таулы жерлерде өте аз кездеседі, содан кейінгі кезекте – шөл жəне жазықты жерлерде. Таулы жердің тұрғындары йод тапшылығынан пайда болатын – жемсау (зоб) ауруларына бейім келеді. Аймақ теңіз бен мұхиттардан неғұрлым алшақ болған сайын, оған қоршаған орта соғұрлым кедейлеу келеді. Қазақстанның бүкіл территориясы дерлік бұл минералдың мөлшері тұрғысынан жұтаң өлкеге жатады. Бұл йод тапшылық пен жемсаудың кеңінен таралуына соқтырады.
...