Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Генетикалық код,оның негізгі қасиеттері:триплеттік үздіксіз,бүркелмейтіндік, бірмағыналы әмбебаптылық

Автор:   •  Сентябрь 19, 2021  •  Реферат  •  1,902 Слов (8 Страниц)  •  981 Просмотры

Страница 1 из 8

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

[pic 1]                 [pic 2]

Факультеті:                 «Биология және биотехнология»

Кафедрасы:                 «Биотехнология»

СӨЖ

Тақырыбы: Генетикалық код,оның негізгі қасиеттері:триплеттік үздіксіз,бүркелмейтіндік, бірмағыналы әмбебаптылық

                                                       

Орындаған: Әбдірахман Малика

Тобы: Бт 18 – 08

                           

                              Тексерген: Тайпақова С.М.          

       

Алматы - 2021 жыл

ЖОСПАР:

Кіріспе

Негізгі бөлім

  • Генетикалық кодтың негізгі қасиеттері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

Генетикалық код — тірі организмдерге тән нуклеин қышқылдары молекуласындағы тұқым қуалаушы (генетикалық) ақпараттың нуклеотидтер тізбегі түріндегі біртұтас “жазылу” жүйесі. Бұл — барлық тірі организмдерге ортақ заңдылық.

Нуклеотидтер мен аминқышқылдардың реттілігі арасындағы ақпараттық байланыс генетикалық кодтың көмегімен жүзеге асады. Полилептидтердің құрылымы гендер арқылы анықталатындығы белгілі болғаннан кейін ДНҚ құрамындағы төрт түрлі азоттық негізден тұратын реттіліктің, полипептидтердің біріншілік құрылымын түзетін 20 аминқышқылынан құралатын реттілікті қалай анықтайтындығын түсіну қажет болды. Генетикалық ақпарат ДНҚ-дан мРНҚ-ға көшірілетіндіктен, генетикалық код мРНҚ-дағы азоттық негіздер реттілігін белок құрамындағы аминқышқылдармен тікелей байланыстыру тиіс екендігі түсінікті болды. Түзілетін белок молекуласына қай аминқышқылының барып орналасатындығын анықтайтын генетикалық ақпарат бірлігін кодон деп атайды. мРНҚ-ның трансляция процесі кезінде түзілетін белок құрамына 20 аминқышқылы енуі үшін мРНҚ құрамында кем дегенде 20 түрлі кодон болуы қажет. Егер кодон екі негізден тұрса, олардың үйлесімі тек қана 16 кодон түзе алады, әрине, бұл 20 аминқышқылын кодтауға жеткіліксіз болар еді. Егер кодон құрамына үш нуҡлеотид енсе, онда теориялық тұрғыда болуы мүмкін үйлесімдер саны ДНҚ-ның төрт әр түрлі нуклеотидінен үш үштен біріктірген =64 болады, бұл 20 аминқышқылын кодтауға артығымен жеткілікті. [pic 3]

Өткен ғасырдың 50-жылдарының бас кезінде Г. Гамов генетикалық код триплетті деп болжам жасаған болатын: полинуклеотидтітізбектегіүшкөршілес жатқан нуклеотид белоктың полипептидті тізбегіне бір аминқышқылының енуін программалайды. Генетикалық кодтың құрылымы мен принциптері туралы қазіргі көзқарастар ХХ ғасырдың 60-жылдарының басында тәжірибе жүзінле дәлелденді, сол кезде синтетикалық полирибонуклеотидтерді матрица ретінде қолдану арқылы және белок синтезіне қажетті рибосомалар мен басқа компоненттердің in vitro жағдайында белок молекулаларын клеткадан тыс синтездеу жүйесі жасалды.Мысалы, 1961 жылы М.Ниренберг және Г.Маттеи жасаған алғашқы биохимиялық тәжірибелерде құрамында бірыңғай урацил нуклеотиді бар (оны поли U деп атайды) жасанды РНҚ-ның қатысуындабір ғана аминқышқылынан, атап айтқанда фенилаланиннен тұратын полипептидті тізбек түзілетіндігі анықталды.

Олар рибонуклеотидтердің тек бір типін құрайтын РНҚ гомополимерлерді синтездеп, in vitro жүйесіне келесі полирубионуклеотидтерді қосқан: UUUUUU, AAAAAA, CCCCCC немесе  GGGGGG. Содан синтезделген белоктарқұрамына қандай аминқышқылдар кіретінін анықтаған. Ол үшін әр тәжірибе серияларында in vitro жағдайында қоспаға жиырма аминқышқылының радиобелсенді белгімен таңбаланған бір аминқышқылын қосқан. Мысалы, 14С-Фенилаланинді қолдана отырып, Ниренберг пен Маттеи фенилаланиннің полифенилаланин гомополимеріне енуін РНҚ реттілігінде поли U арқылы анықталатынын дәлелдеген (1-кесте). Тек А немесе С рибонуклеотидтерден тұратын триплеттер сәйкес лизин немесе пролинді кодтайтыны анықталған. Гомополимерлерді талдау әдісін қолдана отырып, олар РНҚ гетерополимерлерді синтездеді  екі немесе одан да көп  рибонуклеотид фосфатты әр т.рлі қатынаста in vitro синтездеді. Әр рибонуклеозидфосфаттың салыстырмалы пропорциясы негізінде синтетикалық РНҚ құрамындағы жеке кодондардың жиілігін болжауға болады.

...

Скачать:   txt (27.5 Kb)   pdf (344.5 Kb)   docx (1.2 Mb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club