Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Биологияны оқыту ғылымының тарихи аспектісі

Автор:   •  Сентябрь 18, 2021  •  Реферат  •  1,499 Слов (6 Страниц)  •  649 Просмотры

Страница 1 из 6

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

«Семей қаласының Шәкәрім атындағы Университеті» КеАқ

СӨЖ

Тақырыбы: Биологияны оқыту ғылымының тарихи аспектісі

Орындаған: Азатқызы Л

Тексерген: Жармухаметова Р.О

Оқу тобы: ХБ-803

2021ж

Жоспар:

  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім
  1. Биологиялық ғылымдар
  2. Ғылымның дамуына үлес қосқан әйгілі қайраткерлер
  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Биологияны оқыту әдістемесі - пән ерекшеліктеріне негізделген, оқыту мен тәрбиелеу үрдісі элементтсрінің жиынтығын беретін ғылым. Әдістеме -педогогикалық ғылым, сондыктан ол элеуметтік сұраныс және педогогикамен анықталған жалпы білім беру мен тәрбиелеудің мақсат, міндеттеріне сәйкес құрылады.

Әдістеме оқушыларға жақсы да саналы түрде білім игерудің және оны өмірде дұрыс пайдалана алу біліктілігінің тиімді тәсілдері мен құралдарын көрсетеді. Оқу барысында студенттердің кәсіби білімі мен дағдылары қалыптасады, олар оқыту біліктілігін игереді.

Әдістеме оқушыларда қалай дұрыс, аса пәрменді және мақсатқа сәйкес түрде саналы да берік білім беру және шығармашылықтарын дамыту мен жалпы мәдениетті түрде дамуына жетуге болатынын оқытады.

Биологияыны оқыту әдістемесі биология ғылымымен тығыз байланыста, бірақ, мектептегі биология пәні мен биология ғылымының арасында мақсатында, көлемінде, құрылымында және баяндау түрінде үлкен айырмашылық бар. Мектептегі биология пәні жалпы биология ғылымының түгелге дерлік салаларын қамтиды: ботаниканы, зоологияны, цитологияны, өсімдіктер, жануарлар және адам анатомиясы мен физиологиясын, эволюициялык ілім, экологияны, генетиканы, тіршіліктің пайда болуы, антропогенез т.с.с. Биология ғылымының максаты - зерттеу арқылы табиғат жөнінде жаңа мағлұматтар алу. Мектеп биология пәнінің мақсаты - биология ғылымдарының ашқан жаңалықтарын білім етіп жеткізу. Мектепте биологияны оқытуға шектеулі уақыт беріледі, сондықтан оқушыларға ғылымға нақты анықталған шындықты береді және негізгі ғылыми проблемалармен таныстырады.

Негізгі бөлім

Биологиялық ғылымдар - ботаника зоология өз дамуларында анатомияға, морфологияға, систематикаға, экологияға т. б. жіктелді. Ал мектеп пәнінде өсімдіктердің жеке мүшелерін, жануарлардың мүшелерін және тірі ағзаларды окытуда осы ғылымдар элементтері кіріктіріледі, сөйтіп материалды оқытуда уақыт жақсы үнемделіп, тіршілік құбылыстары негізін окытуда оқушылар үшін қол жетерлік түсінікті болады. Осы айырмашылықтар мектептегі балаларды оқытудың педагогикалық ерекшеліктері негізінен болады.

Әдістеме ұстазға ғылым негізінің аса маңызды элементгерін дұрыс таңдап алуға, оқу нысанын және оку материалын түсінікті, есте сақтауға жеткілікті формада және байланыста беруге көмектеседі. Сонымен мектеп пәнінде білімнің құрылымы, оны баяндау формасы басқаша - педагогикалық тұрғыда болады. Сол себептен де ғалым, ұстаз К.Д. Ушинский « Ғылымды ғылыми және педагогикалық баяндау - екі түрлі нәрсе, сондықтан барлық елдер педагогтары ғылыми жүйені педагогикалық жүйеге өңдеу үшін еңбек етуде» деп жазған.

Мектептегі оқыту әдістемесі сонымен қатар оқытылатын биология ғылымының негізінің мазмүнымен және тірі ағзаларды танудың элементарлық әдістерімен анықталады.

Әдістеме тек қана биологиялық мазмүн ерекшеліктерімен емес, балалардың жас ерекшеліктерімен де аныкталынатындықтан, ол психология ғылымына, балалар психологиясына да сүйенеді. Әдістеме анықтағандай, тәрбиелей отырып оқыту тек сол уакытта ғана әсерлі болады, егер ол балалардың жас ерекшеліктік дамуымен сәйкестікте болса.

Биологияны оқыту әдістемесінің қалыптасуы сыртқы қоршаған орта жағдайын игерумен байланысты жаратылыс тарихы ғылымынан басталады. Табиғатты бақылау және практикалық білімдер, одан соң ботаника мен зоологияның дамуы - ғасырлар бойы жинақталған деректер нәтижесі болды.

...

Скачать:   txt (23.2 Kb)   pdf (126.2 Kb)   docx (16 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club