Биологиялық мембрананың құрылысы туралы деректер
Автор: 87471899593 • Октябрь 2, 2018 • Реферат • 984 Слов (4 Страниц) • 1,361 Просмотры
Биологиялық мембрананың құрылысы туралы деректер
Мембрана жасушаның цитоплазмасынқоршаған ортадан бөліп тұрады, сол сияқты органеллалардың қызметтік бірліктерін басқа жасушалық компоненттерден шектейтін барьердің қызметін атқарады. Оның негізгі құрылымдық материалы — липидтер, белоктаржәнекөмірсулар.
Мембраналық липидтер.
Мембраналық липидтер–негізінде, бір немесе екі майлықышқылдық тізбектері глицерин немесе сфингозинмен эстерификацияланған фосфолипидтер.
Ацилглицеридтер– глицерин мен жоғары майлы қышқылдардың күрделі эфирлері. Ацилдық қалдықтардың тізбектің ұзындығы, тармақталуы және қанықпағандық дәрежесі бойынша әжептәуір айырмашылықтары болуы мүмкін.Липидтердің құрамынақаныққан майлы қышқылдардан миристин, пальмитин, стеарин, арахин, беген және лигноцерин қышқылдарының қалдықтары енеді. Қанықпаған ацилдық тізбектер, ережеге сай, глицериннің екінші көміртегі атомына қосылады және құрамындағы тоғызыншы көміртегі атомында немесе тізбектің соңына қарай қос байланыстары болады. Қос байланыстың орналасқан жерінде цис-конфигурация орындалады. Мембраналық липидтердің құрамында қанықпаған пальмитоолеин, олеин, линол, линолен және арахидон қышқылдарының қалдықтары кездеседі. Ацилглицеридке полярлықтоптың (мысалы, фосфор қышқылының қалдығы) қосылуы затқа арнайыланған қасиеттер береді. Құрамында осындай полярлық тобы болатын липидтер амфипатикалық деп аталады. Бұл топ зарядталуы немесе зарядталмауы мүмкін.
Фосфолипидтердің құрамында майлы қышқылдардың қалдықтары түріндегі гидрофобтық(полюссіз) құйрықшасы менгидрофилдық (полюсті)басының болуы олардың гидрофилдық та, гидрофобтық әрекеттесулерге түсуіне мүмкіндік береді және оларды биологиялық мембрананың идеал компоненттеріне айналдырады. Мысалы, су артық болғанда, липидтердің құрамындағы гидрофобтық құйрықшалары сфералық тамшының ішінде, ал полюстік бастары оның беткейінде орналасып, сумен беттесетін мицеллалар түзеді. Липидтер артық болғанда, қарама-қарсы жағдай бақыланады: полюстік бастар құрамында су да болатын сфераның ішіне қарай бағытталады, ал майлықышқылдық тізбек сыртта орналасады.Мұндай«бұрылған мицеллалар» эмульсиялар түзеді.
Көбінесе фосфаттық топқа азоттық негіз қосылады. Бұл жағдайда бас жақ әрі оң, әрі теріс зарядталады, бірақ физиологиялық рН мәндерінде электрлі бейтарап болады. Мембрана түзетін фосфолипидтердің арасында холин, этаноламин және сериннің туындылары өте жиі кездеседі.
Глицеринді емес липидтер мембраналардың көптеген түрлерінде глицерин негізді липидтермен бірге анықталған. Оларға, әсіресе,жүйке ұлпалары, оның ішінде, ми өте бай. Глицеринді емес липидтер үш класқа жіктеледі: цереброзидтер, фосфосфинголипидтер және ганглиозидтер. Олардың құрылымдық негізіне сфингозин жатады. Соңғысының моноацилглицериндермен құрылысы бойынша белгілі бір ұқсастығы бар, бірақ аминді спиртке жатады және құрамында гидролизденбейтін қанықпаған көмірсутегілік тізбек болады.
Церамид –біріншілік сфинголипид – глицериндіемес липидтердің барлық үш класының жетекші қосылысы,қанықпаған майлы қышқылдың амиді.
Цереброзидтер– гексозаланған церамидтер. Моносахарид ретінде галактозаны немесе глюкозаны алуға болады. Бұл топқа жататын заттар гликолипидтер деп аталады.
Фосфосфинголипидтер–азоттық негізді фосфор қышқылымен эстерификацияланған церамидтер. Олар фосфоглицеридтерге ұқсас және амфипатикалық болып келеді. Бұл класқа жататын заттардың қарапайым өкілі–сфингомиелин.
Ганглиозидтер–қысқа қышқылдық, ережеге сай, тармақталған олигосахаридпен β-типті гликозидтік байланыспен жалғасатын церамидтер. Қышқылдық қасиеттерді сахаридтік тізбектің бір тармағы түрінде болатын нейрамин қышқылы сипаттайды. Адам ұлпаларында амин тобы әрқашан ацетилденген.
...