Бидай құрылысы
Автор: make1506 • Октябрь 2, 2022 • Реферат • 1,671 Слов (7 Страниц) • 335 Просмотры
1.Бидай құрылысы
2.Дәннің химиялық құрамы
3.Алейрон қабаты
4. a-амилазаның функциясы мен
құрылысы
5.Пайдаланылған әдебиеттер.
1.Бидай құрылысы
Өсімдік клеткалардың программаланған өлімінің немесе апоптоздың генетикалық механизмін зерттеу қазіргі заманғы молекулалық биология және генетиканың өзекті проблемаларының бірі болып табылады. Клетканың дифференциясының фундаментальді
механизмін ашуға, өсімдіктің дамуы мен өсуін сонымен қатар өсімдіктің өнімділігін жоғарылату әр түрлі ортаның биотикалық және абиотикалық факторларына төзімді және өнімділігі жоғары
ауылшаруашылық өнімдерін алу жолында өсімдік клеткалардың программаланған өлімінің молекулалық және генетикалық негіздерін зерттеу өте маңызды.
Қара бидай, сұлы, арпа секілді дәнді- дақылдарды еккенде аударылған жерге құрсақ бөліміне қарама-қарсы бөлігі жерге түсірілген болады. Дән - сыртқы қабықтан, алейрон қабатынан, ұрықтан, эндоспермадан тұрады. Бидай, қара бидай және жүгері жалаңаш дәнді-дақыл культурасына
жатқызылады.
Дәннің жемістік және ұрықтық қабыршақтары ұрықты механикалық бұзылудан сақтайды. Олардың құрамына дәннің бояуын көрсететін
клетчатка, пентозандар, минералдық және пигменттік заттар кіреді.
Дәннің ұрығы клетканың негізгі ұрық қалқанынан айырылған тірі
клеткадан тұрады. Оның химиялық құрамы белок, қантқа, липидке,
минералды тұздарға сонымен қатар, активті заттарға(витамин,фермент) бай болып келеді.
Дән салмағының 1,5-10% ұрық бөлігі құрайды. Дәннің ең үлкен бөлігін эндосперм құрайды, шамамен 75-80%. Белок пен крахмалдан тұратын ірі клеткалар ұнды бөлікке жатқызылады. Қабық пен эндосперм арасында, реттелген клеткалардан құралған алейрон қабаты болады. Алейрон қабатына қиын қорытылатын белок пен майлар кіреді. Дән салмағының 7 12% алейрон қабаты құрайды.
2.Дәннің химиялық құрамы:
Дәннің дақылдық қоректік құрамы түрге, сортқа, дәнді жинау уақытымен
әдісіне, жетілдіру тәсіліне, сақталуына және тағы басқа факторларға
байланысты.
Көмірсулар - дәннің қоры және құрғақ заттың көп бөлігін құрайды. Олар крахмал, клетчатка, гемицелюлоза, қант түрінде кездеседі.
Крахмал - дәннің 36-59%-ға деиін кездеседі. Эндоспермде және тұқыдықта ұрық тәрізді болып келеді.
Дәннің қалған анатомиялық бөліктерінде крахмал табылмаған. Крахмал формасы және көлемі дәннің түрі мен дақылға байланысты. Клетчатка - дәннің 1,5-11%дейінгі аралықта болады. Ол гүлденген жұқа қабықта, өнім және де аз мөлшерде алейрон қабатында, ұрықта, эндоспермде кездеседі.
Гемицелюлоза - дән клетчаткасында 4- 10%-ға дейін кездеседі. Гемицелюлоза - дән клетчаткасында 4- 10%-ға дейін кездеседі. Қант - дәнде 1,2-9,0% болады. Негізгі жиналу ұрықта, жемісте, ұрықтық
қабықта жиналады. Азоттық заттар - 9:1 қатынаста белок жане белоктық емес заттар күйінде болады. Бидайдың көп бөлігі белокпен байланысқан, сәйкесінше ұн да суда ерімейді, сондықтан қамыр да сумен байланысып, ол ашуға және ұлпа құруға қабілетті, және оны сумен жуу арқылы тез бөліп алуға болады. Ол созылмалы ақ, сары немесе сұршыл түрінде масса
болады. Липид бидайда 1,6% болады. Дәнді дақылдың май молекуласының құрамына қанықпаған май қышқылының көп бөлігі кіреді, соның ішінде жоғары биологиялық құндылыққа ие ауыстырылмайтын (линол,линолен) май қышқылдары.
Сонымен қатар қышқылдың көп мөлшерде болуы дәндегі майлардың тез қышқылдануына әкеледі және өнімнің қайта өңдеуінің сақталу кезінде оның ашылануын тудырады. Дәнде май біркелкі орналаспаған, ол негізінде ұрықта және алейрон қабатында болады. Дәнде ферменттер гидролаза түрінде кездеседі. Гидролаза - ақуыз, май, көмірсулардың еруіне қатысады, және ұрық пен алейрон қабатында табылатын фермент. Зиянсыз дәнде ферментер активсіз, бірақ оның дымқылданған және өсу кезінде, ферменттердің активтілігі кенеттен өсіп, бұзылуға алып келеді.
...