Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Асқорыту жүйесі бұзылыстарының жалпы этиологиясы мен патогенезі. Асқазан қызметінің бұзылысы

Автор:   •  Сентябрь 14, 2020  •  Реферат  •  3,742 Слов (15 Страниц)  •  10 Просмотры

Страница 1 из 15

Асқорыту жүйесі» модулі

Тақырыбы: Асқорыту жүйесі бұзылыстарының жалпы этиологиясы мен патогенезі. Асқазан қызметінің бұзылысы

Глоссарий

Ас қорытудың жеткіліксіздігі – организмге түскен тамақтың дұрыс деңгейде қорытылуын қамтамасыз ете алмайтын асқазан-ішек жолының жағдайы .

Гиперсаливация (hyper- көп,жоғары+ salivatio- сілекейдің бөлінуі)- сілекейдің көп шығуы.

Гипосаливация (hypo- аз,төмен + salivatio- сілекейдің бөлінуі)- сілекей бөлінуінің аздығы.

Ксеростомия- ауыз қуысының кілегей қабатының құрғауы.

Гипорексия (hypo- аз,төмен + orexis- тәбет)- тәбеттің төмендеуі.

Гиперорексия (hyper- көп,жоғары + orexis- тәбет)- тәбеттің жоғарылауы.

Булимия (bus- бұқа + limos- аштық)- полифагиямен және тойыну сезімінің төмендеуімен сипатталатын гиперорексияның ең жоғары деңгейі.

Полифагия (polys- көп + phagein- жеу)- тамақты көп жеу.

Парорексия (para- ауытқу,сәйкессіздік + orexis- тәбет)- бұрмаланған тәбет (тағам емес заттарға көңіл соғуы).

Дисфагия (dys- бұзылу + phagein- жеу)- жұтынудың бұзылуы (қатты немесе сұйық заттардың ауыздан асқазанға өтуі қиындайды).

Өңеш дивертикулы – оның қабырғасының бұлтиюы.

Гиперсекреция (hyper- көп,жоғары + secretio- бөлу)- асқазан сөлінің мөлшерінің көбеюі.

Гипосекреция (hypo- аз,төмен + secretio- бөлу)- асқазан сөлінің бөлінуінің төмендеуі.

Гиперацидтік (hyper- көп,жоғары + acidum- қышқыл)- асқазан сөлінің қышқылдығының артуы.

Гипоацидтік (hypo- аз,төмен + agidum- қышқыл)- асқазан сөлінің қышқылдығының төмендеуі.

Ахлоргидрия (a- жоқ,жоққа шығару + acidum hydrochloricum- тұз қышқылы)- асқазан сөлінде тұз қышқылының болмауы.

Асқазандық ахилия (a- жоқ,жоққа шығару + chylos- сөл)- асқазан бездерінің тұз қышқылы және ферменттерді бөліп шығару қасиетінің болмауы. Шығуына байланысты асқазандық ахилия функциялық және органикалық болуы мүмкін. Функциялық ахилия асқазанның секреторлық қызметінің жүйкелік-рефлекторлы тежелуіне байланысты (жан-күйзелістік жарақат), бұл кезде асқазанның шырышты қабаты өзгермеген, ахилия уақытша түрде болады. Органикалық – асқазанның шырышты қабатының атрофиясы және тұз қышқылы мен ферменттерді шығаратын жасушалардың қайтымсыз зақымданулары нәтижесінде дамиды, асқазан ауруларында (атрофиялық гастрит, жаңа өспелер және т.б.), өт қалтаның, бауырдың, ішектердің, қабынулық ауруларында, анемияның кейбір түрінде кездеседі.

Гетерохилия (hetero- басқа + chylos- сөл)- әр түрлі уақытта берілетін бір тітіркендіргішке асқазан сөлінің әр түрлі бөлінуі.

Қыжылдау – кардиальді сфинктер ашық болған жағдайда асқазандағы қышқыл құрам антиперистальтикалық толқынмен өңшке түскен кездегі өңештің төменгі бөлігіндегі күйдіру сезімі.

Кекірік – ауыз қуысына асқазандағы немесе өңештегі құрамның кенеттен түсуі.

Ықылық – дыбыс саңылауы тарылған жағдайдағы диафрагманың тез арада дамыған спазмының,асқазанның ұстамалы жиырылуының,кенеттен тез дем алудың нәтижесі.

Жүрегі айну – Құсу орталығы аймағындағы ретикулярлық құрылымның нейрондары қозуының артуынан қалыптасатын қолайсыз сезім. Бұл сезім асқазан-ішек жолдарының рецепторларын тітіркендіргенде шақырылады, сонымен қатар орталық жүйке жүйесінің жоғары бөлімдерінің қозуымен (көру және сезудің сенсорлық жүйелерінің қыртысты бөлімімен) құсу орталығының жоғары қозымдылығы жағдайында. Жүрегі айну әдетте құсуға әкеледі және сілекейдің ағуымен,дем алу мен жүрек соғуының жиілеуімен жүреді.

Құсу – асқазан мен аш ішектің құрамын ауыз арқылы сыртқа шығаратын,қаңқа бұлшықеттері және асқазан-ішек жолдарының тегіс бұлшықеттерінің қиынкоординацияланған рефлекторлы реакциясы. Бұл реакция сопақша мидың ретикулярлық құрылымының құсу орталығындағы нейрондары асқазан-ішек жолдарының рецепторларына ішкі ортаның уытты метаболиттері немесе сырттан енгізілген зиянды заттарға тітіркендіргіштері қозғанда,вестибулярлық аппаратты тітіркендіргенде дамиды. Құсу жеркену сезімін тудыратын иіс сезу,көру,дәмді сезу тітіркенуілеріне байланысты болуы мүмкін, сонымен бірге бассүйекішілік қысым жоғарлаған кездегі құсу орталығы нейрондарының тітіркенуіне де.

...

Скачать:   txt (56.6 Kb)   pdf (1.3 Mb)   docx (332.6 Kb)  
Продолжить читать еще 14 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club