Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ас қорыту жүйесі

Автор:   •  Май 24, 2021  •  Реферат  •  2,116 Слов (9 Страниц)  •  2,710 Просмотры

Страница 1 из 9

АСҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ

Ас қорыту мүшелеріне түскен тағам физикалық және химиялық өдеуден өтіп, кенеулі заттар қарапайым заттарға айналып қорытылып, қанға сіңіріледі. Адамның денесі асқорыту мүшелері арқылы жасушалардың өсуі мен жаңаруы үшін қажетті заттарды қабылдайды, денені энергиямен қамтамасыз етеді.

Ас қорыту жүйесі 2 үлкен топқа бөлінеді:

  1.  Асқорыту жолы;
  2.  Асқорыту бездері;

Асқорыту жолы ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, аш және тоқ ішектер. Асқорыту бездеріне сілекей бездері, ұйқы безі асқорыту жолының қабырғасындағы бездер және бауыр жата-ды.

Асқорыту жолының жалпы ұзындығы 8-10 м-дей түтік. Құрылысы, пішіні әр түрлі болып келеді. Оның ішкі қабырғасы қоректік заттармен тығыз байланысты болады. Асқорыту жолдары қуыс мүшелер, қабырғалары үш қабатты:

  1.  Ішкі кілегейлі және кілегейасты қабаты
  2.  Бұлшықет
  3.  Сірі қабат
  1. Ішкі кілегейлі қабаты (слизистая оболочка, tunica mucosa) асқорыту мүшелерінің ішкі бетін астарлап, астың қорытылуына қатынасады. Бұл қабат кі- легей және дәнекер тінлардан тұрады. Кілегейты қабатта кілегей тінсымен бірге бірыңғай салалы бұлшық ет талшықтары болады. Бұлшық ет талшықтары ішкі қабатты кілегей асты қабатымен байланыстырады. Ішкі кілегейты қабатта қан, лимфа тамырларына, жұйке ұштарына, сөл шығарып тұратын бездерге бай.

Кілегей асты қабатының негізі борпылдақ дәнекер тін. Ол ет қабатына бос жабысқандықтан, кілегей қабат қатпарларынан тұрады.

  1.  Бұлшық ет қабаты (мышечная оболочка, Tunica  muscularis). Тек тіл мен өңештің жоғары бөлігі көлденең жолақты бұлшықеттер, ал қалған мүшелер бірыңғайсалалы бұлшықеттерден тұрады. Асқазанның, ішектің қабырғасындағы бұлшықттер көлденең және ұзын бойына екі бағытта орналасқан. Олардың кезекпен жиырылып, босаңсуы нәтижесінде бұл мүшелерде қимыл толқыны (перисталтика) пайда болады.
  2.  Сірі қабаты іш қуысындағы мүшелерді сыртынан қаптап тұрады. Ол негізінен дәнекер талшықты тіннен құралған. Сірі қабаты жазық кілегеймен қапталған, беті үздіксіз сірі сұйығымен шыланып тұрғандықтан мүшелердің бір-бірімен үйкелісі азаяды. Асқорыту жолының кейбір мүшелерінде сірі қабаты болмайды, оның орнына босаң талшықты дәнекер тін қабаты қаптап тұрады.

Ауыз қуысы (полость рта, Cavum oris)

асқорыту жолының басталатын мүшесі. Ауыз қуысында тағамның сапасы анықталып біршама химиялық, механикалық өңдеуден өтеді. Сілекей ферменттері тағам құрамындағы көмірсуды ыдыратады, ас түйіршігін жұтуға дайындайды.

Еріндер (губы рта, Cavum oris). Жоғарғы ерін (верхняя губа, Labium superius) және төменгі ерін (нижняя губа, Labium inferius) ауыз қуысын жауып, оның көлденең саңылауын шектеп турады. Саңлаудың екі шеті ауыз бұрышы деп аталады. Еріндер ауыздың көлденең бұлшық еттерімен босаң дәнекер тіннен, кілегейлі қабаттан түрады. Сырты терімен қапталған.

Ауыз қуысы-ауыз кіреберісінен және меншікті ауыз қуысынан турады.

Ауыз кіреберісі - тістер, қызыл иек, жоғарғы төменгі еріндер арасындағы қуыс. Еріндер мен қызыл иектің ауыз кіреберістері қараған беттері кілегейлі қабатпен қапталған. Қызыл иек (gingivае) тістердің мойнын жоғарғы және төменгі жақтың альвеолаларлық өсінділерін жауып турған кілегейkы қабат. Жоғарғы және төменгі еріндердің ортасынан қызыл иекке кілегейлі қабаттың қатпары тартылған. Бұл қатпар «жоғарғы») және төменгі еріндер «үзігі» деп аталады.

Ұрт (щеки) ұрт бұлшықетінен пайда болған. Ұрттың сыртын тері, ішін көп қабатты түлемейтін қасаң кілегей жауып турады. Ұрттың терісі мен бұлшықттерінің арасында қалың май қабаты (урттың майлы денесі) болады. Бұл май қабаты, әсіресе балаларда дамыған. Ұрттың кілегей қабатына ұрт бездерінің өзегі ашылады. Бездер ұрттың бұлшықеттері мен кілегей қабатының аралығында орналасқан. Ұрттың терісі жұқа, онда түктің түбі, май және тер бездері болады.

Меншікті ауыз қуысының шекарасы жоғарысында қатты және жұмсақ таңдаймен, алдында, бүйірінде қызыл иекпен, тістермен төменінде ауыз диафрагмасымен шектелген.

...

Скачать:   txt (28.4 Kb)   pdf (153.5 Kb)   docx (19.1 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club