Агрохимия және тыңайтқыш қолдану жүйесі
Автор: 87472696582 • Сентябрь 28, 2023 • Реферат • 1,113 Слов (5 Страниц) • 162 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті[pic 1]
«Агротехнологиялық» институты
«Өсімдік өнімдерін өндіру технологиясы»
жоғары мектебі
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Агрохимия және тыңайтқыш қолдану жүйесі»
Орындаған: АН-31 топ студенті Ахметова М
Тексерген: Кеңес А, Құрманбайқызы С
Орал, 2023ж
Мазмұны
Кіріспе………………………………………………………………………........3
1.1Агрохимия және тыңайтқыш қолдану жүйесі...........................................................4
1.2.Өсімдіктерге қажетті элементтер және олардың физиологиялық рөлі...........................................................................6
2.Өсімдіктердің азотпен қоректенуі..........................................................................................9
Қорытынды..........................................................................................................11
Пайдаланылған әдебиеттер................................................................................12
Кіріспе
Агрохимия — өсімдіктердің қорегі, тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғайтын химиялық заттарды жәнебітік егін шығаруға арналған топырақ пен өсімдіктердегі химиялық және биохимиялық процестерді зерттейтән ғылым.Егіншілікті химияландырудың ғыл. негізі. Диқаншылықтың өркендеуіне байланысты пайда болды. Агрохимияның негізін салушылардың бірі – француз ғалымы Ж. Буссенго (1836). Ол өсімдіктерге тікелей тәжірибе жасау арқылы табиғатта азот айналымы болатынын болжап білді. Бірақ бұл процестің ғыл. мәні ағылшын ғалымы Г. Гельригел (1886) және орыс ғалымы С.Н. Виноградский (1893) нитрофикаттану (түйнек бактерияларының ауадағы молекула күйіндегі азотты басқа организмдер сіңіре алатындай органик. қосылыстарға дейін айналдыруы) процесін ашқаннан кейін түсіндірілді.Кейін неміс ғалымы Ю. Либих топыраққа тыңайтқыш шашудың маңыздылығын дәлелдеді (1840), ал Дж. Лооз Англияда дүние жүзіндегі ең алғаш суперфосфат шығаратын зауыт салды (1843). К.А. Тимирязев «Егіншілік және өсімдіктердің физиологиясы» (1937) кітабында өзінің агрономиялық химияға қатынасын анық байқатты. «Өсімдік жақсы өссе“ адам да жақсы өмір сүреді; өсімдік өлсе адамға да қатер төнеді», - деп жазды К.А. Тимирязев осы еңбегінде. Бұдан мынадай қорытынды жасауға болады: адамды тамақтандыру үшін, өсімдікті қоректендіру қажет, ал бұл дегеніміз агрохимияны практикалық қолдану: «агрономияның барлық міндеттері, егер оны тереңірек түсінсек, өсімдікті дұрыс қоректендіру жағдайын анықтауға және мүмкіндігінше дәлме-дәл іске асыруға әкеп соғады». Біздің елімізде агрохимияның дамуы Д.Н. Прянишниковтың (1865-1948) қызметімен тығыз байланысты. Оның ғылыми қызығушылығы көп мәселелерді қамтитынымен ерекшеленді. Оның басшылығымен өсімдіктердің фосформен қоректенуі, атап айтқанда өсімдіктің фосфориттен фосфорды сіңіруі және тыңайтқыш ретінде фосфорит ұнын қолдануы зерттелді.Д.Н. Прянишников тыңайтқыштарды енгізу тәсілдерін, мөлшерін, мезгілін, оларды ауыспалы егісте таратылуға, жекелеген дақылдарды тыңайтуға көп еңбек сіңірді.
Д.Н. Прянишниковтың саралауымен «Зертханалық жұмыстардың және вегетациялық тәжірибелердің нәтижелерінен» жинағының 17 томы жарыққа шықты. Оның белсенді қатысуымен ВСНХ-да Тынайтқыштар бойынша ғылыми институт, Бүкіл одақтық тыңайтқыштар, агротехника және агротопырақтану институты, Қант өнеркәсібінің орталық ғылыми“ зерттеу институты ұйымдастырылды. Д.Н. Прянишниковтың іргелі еңбектері соның ішінде «Агрохимия», «ССРО егіншіліктегі және өсімдіктер тіршілігіндегі азот» атты кітаптары осы уақытқа дейін біздің елімізбен қатар шетелдерде мамандарды даярлауда пайдаланылады.Қазақстанда агрохимия Қазақ В.Р. Вильямс атындағы егіншілік ғылыми-зерттеу институты құрылғаннан кейін (1934) қалыптасып, дами бастады. Оның негізін салушы ғалымдар И.И. Синягин мен К.И.Иманғазиев болды. Олар топырақ құрамындағы фосфордың органик., минералдық қосылыстарын анықтап, шалғындағы сұр топырақ пен қызғылт қоңыр топыраққа тыңайтқыш шашу тәжірибелерін жүргізді. Тыңайтқыш қолданудың аймақтық жүйесін жасады. Сондай-ақ, Д.К. Мәденовтың жетекшілігімен Қызылорда облысында көңнің, карбамиформның, Қаратау фосфоритінен өндірілген аммофос, метафосфат, полифосфат тыңайтқыштарының тиімділігі зерттелді. Б.С. Бәсібеков тыңайтқыштардың ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімінің сапасына әсерін, С. Рамазанова күріш егісінің өнімділігін арттыруға азот тыңайтқышының тигізетін әсерін зерттеді. Р.Е. Елешевтің ғылыми жұмыстары топырақтағы жылжымалы Р2О5, фосфат потенциалы, кальций фосфаттарының әр түрлі негізді қосылыстарына арналды. Оның зерттеулері суармалы топырақтарға егілетін дақылдарға жоғары мөлшерде қолданылатын фосфор тыңайтқыштарының әсері топырақтағы фосфордың жылжымалы түрінің бастапқы шамасына тәуелді екенін анықтады. Р.Елешев өзінің көпжылдық зерттеулерін «Фосфор тыңайтқышы және өнім» атты монографиясында жинақтады. Оның бұл еңбегі әр гектар егістікке қанша мөлшерде тыңайтқыш беру керек екендігін дұрыс белгілеуде практикалық маңызы жағынан құнды нұсқаудың қатарына жатады. Сонымен қатар, ол «Агрохимия», «Тыңайтқыш қолдану жүйесі» атты жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулықтардың туындыгері.
...