Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Өкпе рентгенанатомиясы

Автор:   •  Март 23, 2023  •  Реферат  •  993 Слов (4 Страниц)  •  332 Просмотры

Страница 1 из 4

Қарағанды медицина университеті[pic 1]

           Морфология және физиология кафедрасы

Анатомия блогы

                     

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Өкпе рентгенанатомиясы»

Орындаған: Абдікерімова Н. С. 2-007 ОМ

Тексерген: Ахметова М. Ж.

                                        Қарағанды 2022

Мазмұны

  • Кіріспе
  1. Өкпе туралы жалпы түсінік
  2. Өкпе анатомиясы
  3. Кеуде қуысынын обзорлы рентгенографиясы және сызықты томографиясы туралы мәлімет
  4. Өкпе топографиясы
  • Негізгі бөлім
  1. Өкпе рентгенанатомиясы
  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

І. Кіріспе

1. Өкпе, рulmo - тыныс алу жүйесінің негізгі органы, ол ауа қабылдауға және шығаруға мүмкіндік береді. Тыныс алу процесінде өкпе тыныс алу арқылы ауадан оттегін О2 алады. Ал жасушалық тыныс алу арқылы шығарылатын көмірқышқыл газы СО2 экзаляция арқылы босатылады. Қанды оттекпен қамтамасыз етуден және көмірқышқыл газын шығарудан басқа өкпе басқа бірқатар маңызды қызметтерді атқарады. Мысалы айтатын болсам, өкпе су алмасуы, судын 15-20% өкпе арқылы шығарылады, қаннын депосы, дененің қалыпты температурасы мен қышқыл-сілтілі баланс тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Өкпелер жүрек-қан тамырлары жүйесімен тығыз байланысты, өйткені олар ауа мен қан арасындағы газ алмасу орындары. Өкпе строма және де паренхимадан тұратын паренхиматозды ағза. Өкпеде функциялық тіннін маңызды қоры бар. Қалыпты жағдайда өкпелік тіннін жартысы ғана қызмет атқарады, сондықтан бір өкпені алып тастағанда – екінші өкпе оның қызметін қоса атқарады.

    2. Өкпе анатомиясы. Өкпе негізінен жұп мүше болып табылады. Ол кеуде қуысында өкпеқаптың ішінде орналасқан. Өкпенін сыртқы пішіні кесілген конус тәрізді. Өкпенің ұшы және негізінен тұрады. Он жақ өкпе, pulmo dexter – сол жақ өкпеден, pulmo sinister қысқа әрі кеңірек болып келеді. Оң жақ өкпе үш бөлікке бөлінеді, ал сол жақ алқында екі бөлік бар. Әрбір өкпені сыртынан висцералық немесе өкпелік өкпеқап қаптайды.

[pic 2]Екі өкпенің дөнестеу келген қабырғалық беті, ойыстау келген төменгі көкеттік беті, көкірекорта беті, медиалды беті және бөлікаралық беті ажыратылады. Сонымен қатар өкпе беттерінін аралығында жиектер орналасқан: алдынғы, артқы және төменгі жиегі болады. Сонымен қатар осы өкпенін құрылымдық-функциялық бірлігі  - ацинус болып табылады, әрбір өкпеде шамамен 15 000-ға жуық ацинус орналасады.

  1. Кеуде қуысының обзорлы рентгенографиясы - өкпенің негізгі және ең жиі орындалатын R-зерттеу әдісі. Науқас тік яғни вертикальды және терең тыныс алу жағдайында, екі стандартты алдыңғы тура және бүйірлік проекцияда жүргізіледі.

Өкпе флюоорографиясы  профилактикалық мақсатта барлық ересектерге жүргізіледі, туберкулездің, қатерлі ісіктердің және көкіректегі ісіктердің ерте кезеңнің уақытында анықтау үшін. [pic 3]

Сызықты томография. Ағзаның таңдалған кесіндісінде айқын рентгендік суретті алуға мүмкіндік береді. Кеуде қуысының фронтальды жазықтықта өкпе және көкіректің артқы терең қабаттарың  зерттеуі әдісі.

  1. Өкпенің топографиясы. Өкпе скелетотопиясын, яғни өкпе шекараларын бiлудiн практикалык манызы зор. Өкпенiн ұшы (apex pulmonis) алдынан карағанда бұғана сүйегінен 2-3 см, бiрiншi кабырғадан 3-4 см жоғары орналасса, арткы жағы VII мойын омыртқанын көлденен өсіндісіне тұспа-тұс орналасады. Оң жақ өкпенiн төменгi жиегi (margo inferior) орталық сызықтын бойында. VI кабырғанын шеміршектік бөлiгiмен қиылысқан жерiнен басталып, төмен және латералды өтiп, алдыңғы қолтық сызығында (linea axillaris anterior) VII кабырғаны, ортанғы қолтық сызығында (linea axillaris media, VIII қабырғаны, артқы қолтық сызығында (linea axillaris posterior) IX қабырғаны, жауырын сызығында (linea scapularis) X қабырғаны кесiп өтiп, омыртқа жанындағы сызықта (linea para vertebralis) XI қабырғанын тұсында он өкпенiн артқы жиегіне жалғасады. Ал сол жақ өкпенiн төменгі жиегi әрқашан 1-1,5 см төмен болады. Он жақ өкпенiн алдынғы жиегi (margo anterior) он өкпенін ұшынан төс бұғана буыннын (art. sterno-clavicularis) артқы бетіне карай қиғаш өтiп, одан әрі тік бағытта орталык сызықтын (linea mediana) бойымен төмен қарай, он жақ VI қабырға шеміршегінін тұсында он өкпенін төменгі жиегіне жалғасады.

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Өкпенің рентгенанатомиясы. [pic 4]

Өкпе кеуде қуысынын рентгенограммасында әлсіз байқалатын бронхтар мен қан тамырлары бар ақшыл түсті болып көрінеді. Ірі бронххтар мен қан тамырлардын интенсивті көленкесі өкпе түбінде қаралады. Өкпе құрылымдарынын нақты көрінісін алу үшін көп қабатты рентгенологиялық зерттеу әдісі – томографияны қолданады.

...

Скачать:   txt (12.4 Kb)   pdf (1.6 Mb)   docx (1.7 Mb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club