Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Өкпе

Автор:   •  Сентябрь 24, 2023  •  Лекция  •  1,116 Слов (5 Страниц)  •  126 Просмотры

Страница 1 из 5

Өкпе(pulmo)(pneumon грекше) тыныс алу жүйесінің негізгі мүшесі. Ол кеуде қуысында(cavum thoracis), өкпеқаптың ішінде(pleura pulmonalis) орналасқан. Өкпенің пішіні конустәрізді, екі өкпенің ұшы(apex pulmonis) және негізі(basis pulmonis) ажыратылады. Өкпе ұшы 1 қабырғадан 3-4 см немесе бұғана сүйегінен 2-3 см жоғары орналасады. Негізі көкетпен беттесіп орналасқан. Екі өкпенің қабырғалық беті(facies costalis) және төменгі көкеттік беті(facies diaphragmatica) және көкірекаралық беті(facies mediastinalis) болады. Екі өкпе беттерінің бір-бірімен өзара беттескен жерінде өткірлеу келген алдыңғы жиегі(margo anterior), доғалдау келген төменгі жиегі(margo inferior), вертикалды орналасқан артқы жиегі(margo posterior) ажыратылады. Қабырғалық бетте қабырғалардың батыңқылары айқын байқалады. Медиалды беті(facies medialis) ойыстау келіп, артында омыртқалық бөлікке(pars vertebralis), алдында көкірекаралық бөлікке(pars mediastinalis) бөлінеді. Медиалды бетінің ортаңғы бөлігінде өкпе қақпасы(hilus pulmonis) орналасады.

Жиектері:

  • Өкпенің алдыңғы жиегі(margo anterior) қабырғалық бет пен көкірекаралық бетінің арасында орналасады. Сол өкпенің алдыңғы жиегі, ойыса келе, жүректік тілікті(incisura cardiaca)(pulmonis sinistra) құрап, өкпенің төменгі жиегіне жалғасады. Тіліктің төменгі бөлігі, сол өкпенің тілшігімен(lingula pulmonis sisnistri) шектелген.
  • Төменгі жиегі(margo inferior) өкпенің қабырғалық беті мен көкірекаралық бетін көкеттік беттен бөледі.
  • Артқы жиегі(margo posterior) омыртқа бағанасының бүйір қапталында, өкпе ұшынан XII-қабырғаның басына дейінгі аралықта, вертикаль бағытта орналасқан.

Екі өкпенің бетінде қиғаш саңылау(fissure obliqua) мен горизонталді саңылау(fissure horizontalis) орналасқан. Қиғаш саңылау екі өкпеде бірдей орналасқан. Ол оң және сол өкпе қақпасының, артқы қапталынан, III-кеуде омыртқаның артқы өсіндісінің тұсынан басталады. Саңылау өкпенің қабырғалық бетімен төмен және алға қарай өтіп, VI қабырғаның тұсында, жоғары және артқы қарай өкпенің көкеттік, одан әрі көкірекаралық бетімен өтіп, өкпе қақпасына барып тұйықталады. Екі өкпенің қиғаш саңылауы арқылы жоғарғы(lobus superior) және төменгі бөліктерге(lobus inferior) бөлінеді.

Оң өкпенің қабырғалық бетінің горизонталді саңылауы(fissure horizontalis pulmonis dextra) қиғаш саңылауының ортаңғы бөлігінен немесе ортаңғы қолтық сызықтан(linea axillaris media) басталады. Ол одан әрі оң өкпенің қабырғалық бетімен горизонталді бағытта алға қарай өтіп, IV қабырғаның тұсында өкпенің көкірекаралық бетіне өтіп, өкпе қақпасына барып тұйықталады. Өкпенің горизонталді саңылауы арқылы оң өкпенің жоғарғы бөлігі жоғарғы және ортаңғы бөліктерге(lobus superior et medius pulmonis) бөлінеді.

Екі өкпенің көкірекаралық бетінің ортаңғы бөлігінде өкпенің қақпасы(hilus pulmonis) орналасқан. Өкпе қақпасы арқылы өкпенің терең қабатына өкпенің басты бронхтары(bronchi principalis) мен өкпе артериялары(arteria pulmonales dextra et sinistra) және өкпе нервтері өтіп, өкпе қақпасынан кері бағытта өкпе веналары мен лимфа тамырлары шығады. Өкпе қақпасы арқылы өтетін құрылымдар жиынтығы өкпе түбірі(radix pulmonis) деп аталады.

Оң өкпе қақпасы(hilus pulmonis dextra) сол өкпе қақпасына қарағанда қысқа және көлемді. Ол V кеуде омыртқасы мен II қабырғаның аралығында орналасқан. Оң өкпе қақпасында, жоғарыда оң басты бронх(bronchus principalis dextra), оның астында өкпе артериясы(a.pulmonalis), одан төменірек өкпе веналары(vv.pulmonales) орналасқан. Сол өкпе қақпасының(hilus pulmonis sinistra) жоғарғы жағында өкпе артериясы(a.pulmonalis), төменірек сол басты бронх(bronchus principalis sinistra), одан төменірек өкпе веналары(vv.pulmonales) орналасқан.

...

Скачать:   txt (16.3 Kb)   pdf (60.4 Kb)   docx (905.6 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club