Өкпе рентген анатомиясы
Автор: Omar Ybyrach • Сентябрь 17, 2023 • Реферат • 1,291 Слов (6 Страниц) • 279 Просмотры
[pic 1]
Қарағанды Медициналық Университеті
Морфология және физиология кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Өкпе рентген анатомиясы
Қабылдаған: Коржумбаева А.Т.
Орындаған: Колхозбек Е.А.
Топ: 2-019 ОМ
Қарағанды 2023-2024
Жоспар:
I…………………………………......Кіріспе
II…………………………………….Негізгі бөлімі
III……………………………………Қорытынды
IV…………………………………....Пайдаланылған Әдәбиет
Кіріспе
Өкпе(лат.-pulmo, гр.-pneumon) – кеуде қуысында (cavitas thoracic) өкпен қаптың ішінде орналасқан тыныс алу жүйесінің негізі ағзасы. Тыныс алу процесінде өкпе тыныс алу арқылы ауадан оттегі алады.Ал жасушалық тыныс алу арқылы шығарылатын көмірқышқыл газы экзаляция арқылы босатылады. Қанды оттекпен қамтамасыз етуден және көмірқышқыл газын шығарудан басқа өкпе басқа бірқатар маңызды қызметтерді атқарады. Мысалы айтатын болсақ, өкпе су алмасуы, судың 15-20% өкпе аркылы шығарылады, қанның депосы, дененің қалыпты температурасы мен қышкыл-сілтілі баланс тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Өкпелер жүрек-қан тамырлары жүйесімен тығыз байланысты, өйткені олар ауа мен қан арасындағы газ алмасу орындары. Өкпе строма және де паренхимадан тұратын паренхиматозды ағза.Өкпеде функциялық тіннің маңызды қоры бар. Қальпты жағдайда өкпелік тіннің жартысы ғана қызмет атқарады, сондықтан бір өкпені алып тастағанда - екінші өкпе оның қызметін қоса атқарады.
Адам анатомиясы Өкпе жұп мүше.Оң жақ өкпе (pulmo dexter) сол жақ өкпеден(pulmo sinister) қыскарақ, әрі кеңірек. Өкпенің сыртқы пішіні кесілген конус тәрізді, екі өкпенің өкпе ұшы (apex pulmonis) және өкпе негізі(basis pulmonis) ажыратылады.Eкi өкпенің дөңестеу келген қабырғалық беті (facies costalis), ойыстау келген төменгі көкеттік беті(facies diaphragmatica), көкірек орта беті(faciesmediastinalis) және бөлік аралық беті (facies interlobares) ажыратылады. Сонымен қатар, екі өкпе беттерінің бір-бірімен өзара беттескен жерінде өткірлеу келген алдыңғы жиегі (margo anterior), төменгі жиегі (margo inferior), доғалдау келіп, вертикалды орналасқан артқы жиегі(margo posterior) ажыратылады. Әр өкпе сыртынан висцералык (өкпелік) өкпеқап қапталады. Бөлік аралық саңылаулар негізінде өкпе бөліктерге (lobi pulmonales) бөлінеді. Оң жақ өкпе қисық - қисық саңылау (issura obligua) мен оң өкпенің горизонталды саңылауы (fissura horizontalis pulmonalis dextri) арқылы 3 бөлікке бөлінеді: жоғарғы (lobus superior), ортаңғы (lobus medius) және төменгі (lobus inferior). Сол жақ өкпе қисық саңылау (fissura obligua) арқылы екі бөлікке бөлінеді: жоғарғы (lobus superior) және төменгі (lobus inferior).
[pic 2]
Басты бронхылар өкпеге келіп, оның сәйкес бөліктерінде бөліктік бронхыларна (bronchi lobares) тармақталады. Бөліктік бронхылар сәйкес өкпе сегменттерінде сегменттік бронхыларға (bronchi segmentales) тармақталады. Өкпе сегменті - өкпе бөлігінің бөлшегі. Ол сегментарлы бронх тарамдалуына және өкпелік артерия тармақтарына сәйкес болады. Әр өкпеде 10 сегменттен болады. Сегмент атаулары сегментарлық бронхтарна сәйкес келеді. Әрбір сегментарлық бронхтар диаметрі 1 мм болатын 9-10 бөлшектік бронхтарға бөлінеді. Басты бронхтардың бөлшектенуі барысында оның қабырғасында шеміршек азаюы байқалады. Бөлшектік бронх диаметрі 0,5 мм болатын, шеміршегі жоқ 18-20 терминалдық бронхиоларына (bronchioli terminales) бөлінеді. Олардың қабырғасы кірпікшелі эпителий, бұлшықеттік және адвентициялық қабықтардан тұрады. Бірыңғай салалы бұлшықет жасушаларының жиырылуы бронхиолалардың кеңістіктерін азайтып, газ алмасуға мүмкіндік береді. Әр терминалдық бронхиола респираторлық бронхиолаларга бөлініп, олардың қабырғасында бронхиола қуысынан қанға қарай газдар диффузиясын іске асыратын бір қабатты эпителий мен базалды мембранадан тұратын шығыңқылар -өкпелік альвеолалар (alveoli pulmonum) орналасады. Әрбір респираторлық бронхиолада альвеолярлық қапшыктармен (sacculi alveolares) аяқталатын альвеолярлық түтіктер (ductuli alveolares) бар.Әрбір түтіктермен қапшықтардың қабырғасы өкпелік альвеолалардан кұралады. Альвеолалардың эпителиалды жасушалары 2 түрлі болады: газ алмасуды іске асыратын - респираторлық және нәруыз-көмірсу кешенінің заты сурфактант түзетін гранулярлық жасушалар. Соңғысы альвеоланы ішінен пленка тәріздес қаптап, тыныс шығару кезінде альвеолалардың бір-біріне жабысуына кедергі жасайды. Өкпенің кұрылымдық-функциялық бірлігі болып терминалдық бронхиолалар (респираторлык бронхиолалар, альвеолярлық түтіктер, альвеолярлық қапшықтар) тарамдалуынан түзілетін ацинус болып табылады. Әрбір өкпеде шамамен 15 000-ға жуық ацинус орналасады.
...