Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Өкпеқап. Өкпеқап қойнаулары. Көкірекаралық

Автор:   •  Сентябрь 28, 2025  •  Реферат  •  1,526 Слов (7 Страниц)  •  56 Просмотры

Страница 1 из 7

“ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ”

Коммерциялық емес Акционерлік қоғам

Морфология кафедрасы

[pic 1]

Реферат

Өкпеқап.Өкпеқап қойнаулары.Көкірекаралық

       Факультет: Медицина 2021

              Орындаған: Мұхтархан Ұлжалғас

                        Қабылдаған: Багира Сериковна

Қарағанды-2025ж.[pic 2]

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  • Өкпеқап
  • Вицеральды өкпеқап
  • Өкпеқап қуысы
  • Өкпеқап қойнаулары
  • Көкірек аралық
  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер


Плевра (өкпеқап, pleura) – өкпе мен кеуде қуысының қабырғасын қаптап, сірлі сұйықтық бөліп шығаратын әрі оны сіңіре алатын сірлі қабық. Ол екі жапырақшаға бөлінеді: висцералды және париеталды плевра.

Висцералды плевра (pleura visceralis) өкпенің барлық бетін жауып жатады. Ол өкпе түбірінен көкірекорталық плевраға өткен кезде үшбұрышты пішінді өкпе жалғамасын (lig. pulmonale) түзеді. Бұл жалғама өкпе түбірінің құрылымдарын алдынан және артынан жауып, диафрагма мен көкірекорталық плевраға бағытталады.

Париеталды плевра (pleura parietalis) кеуде қуысының ішкі бетін қаптап, әр өкпеге жеке тұйық сірлі қапшық түзеді. Оның бөліктері:

  • диафрагмалық бөлік (pars diaphragmatica) – диафрагманы қаптайды;
  • қабырғалық бөлік (pars costalis) – қабырғалардың ішкі бетіне орналасады;
  • көкірекорталық бөлік (pars mediastinalis) – көкірекортаны шектеп, төс сүйегі мен омыртқа аралығында сагиталды бағытта орналасады.

Pleura costalis – париеталды плевраның ең кең бөлігі, ол қабырға мен қабырғааралықтарды ішкі жағынан жауып жатады. Оның астында кеуде қабырғасынан бөліп тұратын жұқа талшықты қабық – fascia endothoracica орналасқан, ол әсіресе плевра күмбезі аймағында айқын көрінеді.
Pleura diaphragmatica диафрагманың жоғарғы бетін жауып, перикардпен тікелей жанасатын ортаңғы бөлікке өтпейді.
Pleura mediastinalis стернум артынан және омыртқа бағанасының бүйірінен өкпе түбіріне дейін созылып, медиастинальды мүшелерді бүйір жағынан шектейді. Ол қабырға плеврасына, перикард түбінде – диафрагмалық плевраға, ал өкпе түбірінде – висцералды плевраға өтеді.

Плеврааралық алаңдар – плеврамен жабылмаған көкірекорта мен төс артындағы аймақтар:

Жоғарғы плеврааралық алаң (area interpleurica superior, area thymica) – төс тұтқасының артында орналасқан үшбұрышты аймақ. Мұнда айыршабез және алдыңғы көкірекорта шелдері орналасады.

Төменгі плеврааралық алаң (area interpleurica inferior, area pericardiaca) – Войнич-Сяноженцкийдің «қауіпсіз үшбұрышы» деп аталады. Ол төстің денесі мен семсертәрізді шеміршектің артында, сол жақ V–VII қабыртқа шеміршектері деңгейінде орналасқан. Бұл жерде перикард алдыңғы бетімен тікелей кеуде қабырғасына жанасады. Осыған байланысты, дәл осы аймақ арқылы плевра қуысын ашпай-ақ инемен перикард қуысына тікелей енуге болады (перикард пункциясы жасалатын орын).

Плевра күмбезі – өкпенің ұшын жауып тұрған париеталды плевра.Ол әртүрлі жалғамалармен (lig. costopleurale, lig. т.б.) VII мойын омыртқасының көлденең өсінділеріне, I кеуде омыртқасының денесіне және I қабырғаның артқы ұшына бекиді.Күмбездің пішіні мен орналасу деңгейі әр адамда әртүрлі болады.Тар кеуделілерде (долихоцефалдарда) күмбез I қабырғадан 4 см-ге дейін, кейде одан да жоғары көтеріледі.Жалпақ кеуделілерде (брахиоцефалдарда) күмбез I қабырғадан шамамен 2,5см ғана жоғары тұрады.
Сондықтан бұғанаүсті аймағына операция жасағанда немесе жарақат алған кезде плевра күмбезінің зақымдалу қаупі бар.

Плевра күмбезінің синтопиясы:

  • Мойын аймағында ол сатылы-омыртқалық үшбұрыштың төменгі қабырғасын құрайды.
  • Алдыңғы бетімен сатылы бұлшықеттерге және омыртқа бағанасының қантамырларына жанасады.
  • Бүйірінде иық өрімі орналасады.
  • Оң жақ ішкі жағында – иық-бас сабауымен, ал сол жақ ішкі жағында – жалпы ұйқы артериясымен жанасады.

Плевралық қойнаулар (recessus pleurales) – париеталды плевраның бір бөлігінен екіншісіне өткен жерінде түзіледі:

Қабыртқа-диафрагмалық қойнау (recessus costodiaphragmaticus) – ең тереңі. Ол pleura costalis пен pleura diaphragmatica түйіскен жерде түзіледі. Биіктігі қолтық сызығы бойымен VII–X қабырғалар аралығында 6–8 см болады. Терең тыныста да өкпенің негізі бұл қойнауға жетпейді, сондықтан қабырғалық және көкеттік плевра беттері бір-бірімен түйісіп жатады. Бұл қойнау терең болғандықтан, экссудат, транссудат, қан, лимфа немесе ірің жиналуы мүмкін. Осы себепті экссудативті плевритте, гемоторакста, хилоторакста және плевра қабынуында осы жерге торакоцентез жасалады.

...

Скачать:   txt (21.4 Kb)   pdf (247.6 Kb)   docx (281 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club