«Айқап» журналындағы рухани-мәдени мәселелер
Автор: Gaukhar01 • Ноябрь 20, 2018 • Реферат • 1,819 Слов (8 Страниц) • 865 Просмотры
«Айқап» журналындағы рухани-мәдени мәселелер
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси-әлеуметтік, қоғамдық-тарихи жағдайлардың қазақ зиялыларының дүниетанымының қалыптасуына әсері.
Қазақстанда болып жатқан саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістер тәуелсіздігімізді одан әрі қамтамасыз ету үшін, еліміздің тізгінін берік ұстауға қабілетті, парасатты ұрпақты тәрбиелеп шығаруды талап етеді. Ғасырлар бойы жинақталған халықтың бай рухани қазынасын және ғұлама ғалымдардың еңбектерін, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ой-пікірлері мен тәрбие туралы мұраларын зерттеу бүгінгі таңда жалпы ғұмырнамалық проблема болып табылады. Әр тарихи кезең өз ұландарын тудырады. Қоғамның заңы бойынша, уақыттың талап етуі бойында қабілеті бар жастардың өмір сахнасына шығуына негіз қалайды. XX ғасырдың басында жарқырап көрінген қазақ халқының кемеңгер ұлдары Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Х.Досмұхамедов, М.Әуезов, Ж.Аймауытов, Ә.Ермеков, Ж.Ақбаев уақыт тудырған отансүйгіш азаматтар болатын.
Халықты өркениеттің өріне сүйреген көсемдердің көзге шалынар басты қасиеті - олардың қай - қайсысы болмасын жан-жақты «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлғалар болатын. Саяси күрескер, жалынды патриот, әрі ғалым, әрі киелі өнер иесі және өз мамандықтарының білгірі болуы - халқымыздың маңдайына біткен осы үркердей шоқ жұлдыздардың несібесі.
«Көзіңді аш, Оян қазақ, көтер басты, өткізбей қараңғыда бекер жасты» елім, жерім деп арыстандай айбаттанып үн қатқан, «Қинамайды абақтыға жапқаны, қиын емес дарға асқаны, атқаны, маған ауыр осылардың бәрінен, өз ауылымның иттері үріп, қапқаны» деп, елі үшін еңіреп өткен Алаш зиялылары Бұқар жырау мен Ақтамбердіден, Дулат пен Шортанбайдан, Махамбет пен Абайдан нәр алды [30, 6 б.].
Осы зиялылар қатарында жүрген М.Сералиннің де «Айқап» беттерінде мәдениет мәселелеріне талдау жасағаны белгілі. М.Сералиннің «Қызмет иесі мырзаларға», «Қадірмен оқушыларға!», «Басқарушыдан», «Айқап», «Басқармадан» деген сияқты бірқатар мақалалары «Айқап» журналы туралы, оның мақсаты мен міндеттері туралы жазылған. Мәселен, ол өзінінң жоғарыда аталған «Қызмет иесі мырзаларға» деген мақаласында: «Журнал шығарудағы мақсат, атақ шығару, білім сату емес, халыққа қызмет ету болады», – деп жазса, ал екінші бір «Құрметті оқушылар» атты мақаласында «Айқап» журналын жұрттың оқи бастағанына бір жыл толғанын, «Айқап» журналы жер мәселесі туралы жұрттың ойын қозғауға себеп болғанын халық соты, әйел теңдігі, балаларды оқыту, сайлауға таласудың зиянды жағы тәрізді зәру мәселелерді жазуды қолға алып отырғандығын айтты [24, 25 б].
М.Сералиннің публицистикалық мақалаларында қазақтың жазба әдебиеті мен тілі туралы көптеген ой-пікірлері үзбей жарияланып тұрды. «Айқап» журналында оның ірілі-уақты қырықтан аса мақаласы басылған. Бұл мақалалардың көпшілігі сол замандағы қазақ халқының саяси-шаруашылық, мәдени халі мен болашағы туралы жазылған. Оның бір еңбегінде бірнеше мәселені сөз ететіні де, әртүрлі тақырыпқа жазылғанбірнеше мақаласы аттас болып келетіне де кездеседі. Сондай-ақ ол мақалаларының көбіне саралап, арнайы ат қоймайды, көбін күнделік, хат сияқты етіп жазады.
ХХ ғасырдың басында демократияшыл бағыттағы ақын-жазушылардың есейіп, шығармашылының қалыптасуында «Айқап» журналының тигізген әсері мол болды. Осы журнал төңірегіне қазақтың демократияшыл бағыттағы ақын-жазушылардың көбірек топтасуының өі кездейсоқ жағдай емес еді. Журнал халық арасына көп тарады. Оның негізгі себептері елдің мұң-мұқтажына қолынан келгенше жауап беруге тырысты, мәдени тілегін қанағаттандыру жолында еңбек етті, басқа баспасөз органдарымен салыстырғанда демократиялық идеяларды халық арасына тарту ісінде белгілі бір дәрежеде болса да дұрыс жұмыс атқарған журнал болды.
...