Шпаргалка по "Анатомии"
Автор: Alaidarov • Сентябрь 7, 2024 • Шпаргалка • 6,322 Слов (26 Страниц) • 30 Просмотры
1.ОЖЖ-ның жалпы физиологиясы.
ОЖЖ денедегі барлық ағзалар мен физиологиялық жүйелер қызметін, зат алмасуын реттеп отырады, әрекеттер мен үрдістерді сыртқы орта құбылыстарына бейімдеп, тіршіліктің белгілі бағытта өтуін қамтамасыз етеді. ЖЖ ең жоғарғы бөлімі -ми (ойлау, дүниетану).
Нейрон – ЖЖ-нің жоғары мамандандырылған жасушасы. Барлық нейрон өсінділері (талшықтары) мен денесінен тұрады. Талшықтар ұзындығына қарай: аксон(бір), дендрит(бірнеше). Сезімтал нейронның шеткей орналасқан аксонның ұшында рецептор болады. Нейрондардың ұштары өзара жанасу арқылы – синапс құрайды. Қозу серпінін рецептордан жүйке орталығына бағыттайтын жүйке талшығы – афференттік, керісінше, қозуды орталықтан шеткі ағзаларға жеткізетін талшық – эфференттік.
ОЖЖ негізгі қызметі – тітіркенуге жауап беру болғандықтан, рефлекске жауап беру – рефлекстік доға арқылы жүзеге асады. Ол 5 бөлімнен тұрады.
1)Қабылдауыш – рецептор
2)Афференттік жүйке
3)Аралық нейрондардан тұратын орталық
4)Эфференттік жүйке
5)Жауап беруші құрылым – эффектор.
Нейроглия -нейрондарды қоршайтын жасуш.( жүйке жасушаларынан саны жағынан көп)
•Қаннан нейронға керекті зат алады, қоректік қызмет. Нейрон тіршілігіне керекті жағдай жасайды: *К ионы көбейсе - артығын сіңіреді, медиатор көбейсе – ыдыратады. Нейрондарды қатты қозудан ж\е өте күшті тежелуден сақтайды.
2.Жүйке орталықтарының қасиеттері.
Жүйке орталығы – бірдей қызмет атқаратын ОЖЖ-нің белгілі бір жерінде топтала орналасатын нейрондардың жиынтығы. Әрбір рефлекстің өз жүйке орталығы болады. Мысалы:
Тізе рефлексі орталығы- жұлын, бел омыртқа сегменті;
Зәр шығару орт – жұлын, сегізкөз бөлімі;
Тыныс орт – сопақша ми;
Қасиеттері:
1)Қозу бір бағытта ғана таралады: Сезімтал -> аралық -> қозғалтқыш нейрон.
2)Қозу әр түйіспеде 0,2-0,5 мс кідіреді, жүйке орталығынан баяу өтеді.
3)Жүйке орталығы ет пен жүйке талшықтарына қарағанда тез қажиды.
4)Импульстың бастапқы толқыны жүйке орталығында баяу өтсе, кейінгі толқыны жылдамырақ өтеді.
5)Қозу жиілігі мен күші - тітіркендіргіш күші мен жиілігіне тең бола бермейді.
6)Дивергенция мен конвергенция. Бір нейрон аксонының серпінісі бірден бірнеше нейронды қоздырады – дивергенция . Бірнеше нейроннан келіп түсетін импульс бір немесе аз нейронда жинақталуы – конвергенция.
7)ОЖЖ қозу екінші бір қозуға ұласады да, нейронның қозуын күшейтеді (1862ж Сеченов ашқан).
8)Оттегі тапшылығы – гипоксияға өте сезімтал, ми қыртысы нейрондары 5 минутта, сопақша ми нейр. 25 минутта зақымданады.
ОЖЖ-дағы тежелу үдерістері.
Қозумен қатар тежелу де жүретіндігін 1862ж Сеченов ашты: бақанының миын көру төмпешігінен жоғарырақ кесіп алып тастап, NaCl кристалын кояды. Әсерінен көру төмпешігі тітіркенеді, жұлынның қимылдатқыш рефлексі тоқтайды. Кейін ОЖЖ дағы тежелу - шеткі қабылдағыштарды қатты тітіркендіргендіктен туындайтынын анықтады.
Тежелу арнайы тежеуші нейрон – реншоу жасушаларын қоздырғанда пайда болады. Ол мотонейрон жанында орналасады, осы мотонейрон аксон бұтағын қоздырады. Реншоу жасушалары мидың әр бқлігінде кездеседі. Тежеуші нейронның аксонының ұшынан медиатор бөлініп шығады (гаммааминмай қышқылы не глицин)
Тежелу үдерісі пайда болу механизмне қарай 4ке:
•Пресинапстық (түйіспеге дейін) тежелу – реншоу жасушасы қоздырушы түйіспедегі медиатор шығуын тоқтатады. Реншоу жасушасының аксоны мотонейронды қоздыратын жүйке талшығымен түйісіп, аксондық тежеу түйіспесін құрайды.
Мотонейрон қозғанда реншоу тоже қозады -> гаммаминмай постсинапс мембр-ның Cl анионына өткізгіштігін күшейтеді (деполяризация) -> деполяр әрекет потенциалын азайтады -> осыдан постсинап.мембр Ca катионын өткізбейді -> из за этого мотонейронды --қоздыратын ж.талшығы ұшынан медиатор бөлінбейді ->қозу бәсеңдейді -> тежеледі.
...