Шпаргалка по "Анатомии"
Автор: aadinita • Ноябрь 20, 2020 • Шпаргалка • 9,536 Слов (39 Страниц) • 515 Просмотры
Ас қорыту жүйесі сипаттамасы бірінші бөлімі бетте ауыз саңылауымен(rima oris) ашылатын ауыз қуысы(cavum oris) болып табылады. Ауыз қуысынан кейін:аран қылтасы(isthmus fau-cium), жұтқыншақ(pharynx), өңеш (esophagus),асқазан (gaster), жіңішке ішек (intestinum tenue), тоқ ішек (intestinum crassum), артқы өтіс (anus) аяқталады. Және асқорыту жүйесіне сілекей бездері, бауыр (hepar), ұйқыбез (pancreas) жатады.
Ауыз қуысы (cavum oris) орналасуына және қызметіне байланысты ауыз кіреберісі (vestibuulm oris) және меншікті ауыз қуысына (cavum oris propria) деп бөлінеді. Ауыз кіреберісі қабырғалары: сыртқы қабырғасын жоғарғы және төменгі еріндер, бүйір қабырғаларын ұрт, ішкі қабырғасын жоғарғы және төменгі жақсүйектер ұяшық өсінділері, тіс, тістің қызыл иектері құрайды. Жоғарғы және төменгі ерін қосылып ауыз дәнекерін құрайды. Ауыз кіреберісі сыртқы ортамен ауыз тесігі арқылы байланысады. Ауыз кіреберісінің шырышасты негізі кіші сілекей бездерден тұрады:ерін, ұрт, үлкен азулық бездер.Қызметі: сілекей бөліп шығару. Қызылиеk(gingiva) ауыз қуысынң шырышты қабығынан. Ұшы, денесі, тістің мойны және қызылиектік қалташалар бар.Қызметі:тістің тіректік,қорғаныштық қызметі. Ұрт(bucca) сыртқы бүйір қабырғадан.Ұрттың терең қабығы ұрт б.е. сыртқы беті терімен, ішкі беті көпқабатты эпителиймен қапталған. Ұрттың шырышты қабығы мен шырышасты негізі арасында нәрестелерде ұртмай орналасқан.Ауыз қуысы меншіті бөлігі(cavum oris)жоғарғы жағынан жұмсақ және қатты таңдаймен,төменгі жағынан жақ тіласты бұлшықетімен,бүйірінен тістер мен қызылиектің арасында орналасқан қуыспен шектеледі.
Таңдай(palatum)қатты және жұмсақ таңдайдан тұрады:қатты таңдай-жоғарғы жақсүйек таңдайлық өсіндісі мен таңдай сүйегінің горизонтальді табақшасынан тұрады.Жұмсақ таңдай тілшіктен жіне таңдай-тіл доғасына тұрады.Жұмсақ таңдай б.е:1)таңдай пердесін көтеруші б.е:a)таңдай пердесін көтеретін б.е(m.levator veli pflftini). Қызметі:тамақ жұтқанда таңдайды көтеріп, мұрын бөлігін жауып,есту түтігін бітеп,дабыл қуысындағы қысымды арттырады.б)таңдай пердесін керетін б.е.(m.tensor veli palatini)Қызмет:тамақты мұрынға өткізбеу.в)тілшік б.е(m.uvulae)Қызметі:тілшікті көтеріп, қысқарту. 2)Таңдай пердесін төмен түсіруші б.е:a)таңдай тіл б.е(m.palatolglossus)Қызметі:жиырылып таңдай пердесін төмен түсіріеді б)таңдай-жұтқыншақ б.е(m.palatopharyngeus)Қызметі:жиырылып жұтқыншақтың өту жолын тарылтады..
Тіл(lingua)бұлшықеттті мүше.Ол ауызқуысының төменгі қабырғасына жақын тіласты безі және тіласты б.е үстінде орн. Ол тамақты жұтқыншаққа өткізіп, сөйлеу және тамақ дәмін анықтайтын күрделі мүше.Тілдің ұшы, денесі және түьі болады.Тілдің шырышты қабығы бүртіктері:1.тілдің жіптәрізді және конустәрізді бүртіктері(papillae filiformes et papillae conicae)Қызметі:жалпы сезімдерді қабылдау.2.Саңырауқұлақтәрізді бүртіктер(papillae fungiformes)Қызметі:тамақтың қышқылын және тәттісін анықтау.3.Науашықтәрізді бүртіктері(papillae valatae)Қызметі:дәмді сезу.4.Жапырақтәрізді бүртіктер(papillae foliatae).Тіл б.е.(m.linguae)көлденең жолақты еріті б.е тұрады.Топографиясына байланысты скелеттік және меншікті б.е бөлінеді.Тілдің скелеттік б.е:1.Біз-тіласты б.е(m.styloglossus)Қызметі:тілді жоғары және артқа тарту.2.Тіласты-тіл б.е(m.hyoglossus)Қызметі:тілді төмен және артқы тарту.3.Иек-тіласты б.е(m.gonioglossus)Қызметі:тілді төмен және алға тарту.Тілдің меншікті б.е:1.Тілдің жоғарғы бойлық б.е(m.longitudinalis superior) Қызметі:тілді қысқартып,тіл ұшын жоғары көтеру. 2.Тілдің төменгі бойлық б.е(m.longirudinalis inferior)Қызметі:тілді қысқартып,арқашығын жоғары көтеріп,тіл ұшын төмен түсіру,тілді бүйір жағына тартады.3.Тілдің көлденең б.е(m.trans-versus linguae)Қызметі:тілдің көлденең енін кішірейту.4.Тілдің вертикальді б.е(m.verticalis linguae)Қызметі:тілді жалпайтады.
...