Туберкулездің эпидемиологиясы
Автор: Dalida Petrova • Март 3, 2022 • Доклад • 546 Слов (3 Страниц) • 383 Просмотры
Тақырыбы: Туберкулездің эпидемиологиясы
Қазіргі таңда туберкулездің эпидемиологиясын, яғни таралуын зерттеу маңызды іс-шара болып табылады. Туберкулез эпидемиологиясы осы аурудың халық арасында қаншалықты таралғанын, қанша науқасты қамтығанын зерттейді. Бұл терминнің аясында эпидемиологиялық үдеріс, осы эпидемияның пайда болуының механизмін көрсетеді. Ол 3 механизмнен тұрады: инфекция көзі, жұғу жолы және де жаңа жағдай. Инфекция көзі болып туберкулезге шалдыққан науқастар, құстар және де жануарлар болып табылады. Науқастардың ішінен бактериятасымалдаушы науқастар қауіпті, себебі олар сыртқы ортаға 1000000ға жуық микобактерияларды бөле алады. Құстар мен жануарлардан жұғу қаупі төмен, себебі туберкулез микобактериясы бумен қайнатқанға өте сезімтал. Туберкулез ауалы тамшылы, алиментарлық, қатынасты және де плацентарлық жолмен тарала алады. Ең негізгісі, ауалы тамшылы, өйткені науқас адамның жөтелуі, түшкіруі , қақырықпен түкіру барысында сыртқы ортаға микобактериялар бөлініп, қоршаған ортаға, яғни адамдарға жоғары тыныс алу жолдарына кіру арқылы жұғады. Өте сирек жағдайда алиментарлық жолмен берілуі мүмкін, бұл жануарлар мен құстардың еттерін дұрыс өңдемей, дұрыс пісірмей жегеннен жұғуы мүмкін. Қатынасты жол ол тері зақымы бар адамға тері туберкулезімен ауыратын науқас жанасатын болса жұғады. Плацентарлы жол туберкулезбен ауыратын жүкті әйелден плацента арқылы микобактериялардың ұрыққа берілу жолы, бұл да өте сирек кездесетін жағдай.
Келесі механизм ол жаңа жағдай, жаңа жағдайдың пайда болуына инфекцияның массивтілігі, науқаспен болған қатынастың ұзақтығы, адам ағзасының сезімталдығы ықпал етеді.
Туберкулездің эпидемиологиясын 4 түрлі көрсеткіштер бойынша анықтаймыз. Олар: инфекциялану, сырқаттылық, дерттілік және де өлім-жітім көрсеткіштері. Инфекциялану- туберкулинмен тестке тексерілгендердің оң реакция бергендерінің пайызы, бұл аз информативті көрсеткіш болып табылады , себебі республика, облыс , қала бойынша шаққанда жұқтырғандардың саның анықтау мүмкін емес болады, себебі 90 пайызға жуық ересек адамдар туберкулез микобактериясын жұқтырғандар болып есептеледі. Бірақ бұл көрсеткішті, мекемелерде, балабақшаларда жүргізу тиімді әрі информативті болып табылады.
Келесі көрсеткіш ол сырқаттылық, ол осы жылы 100000 тұрғынға шаққандағы туберкулездің белсенді түрімен алғаш рет ауырғандар санын есептейді, формула бойынша шығарылады. Бұл көрсеткіш алғаш рет ауырғандардың санын есептеді. Келесі көрсеткіш дерттілік. Ол жыл соңында 100000 тұрғынға шаққандағы туберкулездің белсенді түрімен есепте тұрған науқастар санын анықтауға мүмкіндік береді, формуламен шығарылады. Бұл көрсеткіш жоғары көрсеткішке ие болуы мүмкін, себебі бұл көрсеткіш құрамына алғаш анықталып есепке тұрған науқастарда, ауырып, жазылып шыққан науқастарда кіреді. Келесі көрсеткіш өлім жітім көрсеткіші, ол осы жылы 100000 тұрғынға шаққандағы туберкулезден қайтыс болғандар санын көрсетеді, формула бойынша шығарылады.
...