Практикалық сабақ "Анатомии"
Автор: akonya03 • Декабрь 6, 2020 • Практическая работа • 2,152 Слов (9 Страниц) • 486 Просмотры
Анатомия
№13-практикалық сабақ. ОБӨЖ
Қол бұлшықеттері
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ:
- Білек бұлшықеттері мен шандырлары, топографиясы.
Білектің бұлшықеттерінің атқаратын қызметі алуан түрлі болуына байланысты, өте нәзік келген бірнеше динамикалық бұлшықеттерден тұрады. Топографиялық орналасуына қарай: білектің алдында орналасқан бүгуші және ішке қарай бұрушы (пронатор) бұлшықеттерге, артында орналасқан жазушы және сыртқа қарай бұрушы (супинатор) бұлшықетгерге бөлінеді. Білектің алдыңғы және артқы топ бұлшықеттері топографиялық орналасуына қарай: беткей және тереңде орналасқан бұлшықеттерге болінеді. Алдыңғы топ бұлшықеттердің беткей орналасқан топтары тоқпан жіліктің медиалды айдаршық үстілік өсіндісінен, epicondylus medialis, және білектің беткей фасциялды табақшасынан басталса, керісінше білектің артқы топ бұлшықеттерінің беткей топтары тоқпан жіліктің латералды айдаршық үстілік осіндісінен, epicondylus lateralis, және білектің беткей фасциалық шандырынан басталады. Білек бұлшықеттерінің тереңд,е орналасқан бұлшықет топтары білек сүйектердің алдыңғы, артқы беттерінен және сүйек аралық жарғақтан басталады. Білектің алдыңғы топ бүгуші бұлшықеттерінің беткей тобы
1. Жұмыр пронатор бұлшықеті, т. pronator teres. Ол тоқпан жіліктің медиальды айдаршық үстілік осіндісінен, ep ico n d ylu s m edialis, шынтақ жіліктің бұдырынан және білектің беткей орналасқан фасциалық қабықшасынан басталып, томен және латералды бағытта отіп, жалпақтау келген сіңіршелері арқылы кәріжілік сүйегінің ортаңғы болігінің алдыңғы бетіне барып бекиді. Қызмегі: шынтақ буынын бүгіп, білекті ішке қарай бұру.
2. Бүккіш кәріж ілік-білектік бұлшықеті, m. flexor carpi radialis, ол, бойлай ішке бұрғыш (пронатор) бұлшықеттің ішкі қапталында орналасқан. Бұл бұлшықет токпан жіліктің медиалды айдаршық үстілік осіндісінен, epicondylus medialis, және білектің фасциялық қабықшасынан басталып, томен бағытга отіп, жіңішкелеу келген сіңіршеге ұласып, ІІ-алақан сүйегінің алдыңғы бетінің негізіне барып бекиді. Қызметі: қол басын иіп қоймай, басқа бұлшықеттер мен бірлесе отырып, қол басын латералды бағытта кәрі жілік сүйегіне қарай ауытқыту
3. Алақанның ұзын бұлшықеті, т. palmarislongus. Ол, тоқпан жіліктің медиальды айдаршық үстілік өсіндісінен, epicondylus medialis, және білектің фасциалық қабықшасынан басталады. Бұл бұлшықеттің қысқалау келген қарыншасы, білектің жоғарғы бөлігінде жіңішкелеу келген сіңіршесіне ұласып, төмен бағытта өтіп, білек бұлшықеттерінің көлденең бағытта орналасқан білезікшесінің, retinaculum flexorum, алдыңғы бетін жанай өтіп, алақанның жалпақ апоневрозына, aponeurosis palmaris, ұласады. Бұлбұлшықеттіңтіпті кездеспеуі кейбір кезде байқалады. Қызметі: алақанның апоневрозын керіп, қол басын бүгу.
4. Бүккіш білезік-шынтақ жіліктік бұлшықеті, m. flexor carpi ulnaris, ол білектің медиальды қапталында шынтақ жілік сүйегін бойлай орналасқан. Бұл бұлшықет тоқпанжіліктің медиальды айдаршық үстілік өсіндісінен, epicondylus medialis, білек бұлшықеттердің аралық медиальды фасциялық табақшасынан басталып, томен бағыттаөтіп, жіңішкелеу келген сіңіршеге ұласады. Бұлбұлшықеттің сіңіршесінің жартылай бөлігі бұршақ тәрізді сүйекке барып бекісе, қалған бөлігі ілмектәрізді сүйектің ілмегіне, hamulus ossis hamati, бекіп бұршақ-ілмек байламын, lig. pisohamati, құрап, V — алақан сүйегінің негізіне барып бекиді. Қызметі: бүгетін білезік-кәріжілік бұлшықеттермен бірлесе отырып, қол басын иіп қоймай, білезік-шынтақ жіліктік жазғыш бұлшықетпен бірлесіп, қол басын ішке қарай тартады.
5. Саусақтарды бүккіш беткей бұлшықеті, m. flexor digitorum superficialis, ол жоғарыда айтылып өткен торт бұлшықеттің астында орналасқан. Бұл бұлшықеттің талшықтары тоқпан жіліктің медиальды айдаршық үстілік өсіндісінен, epicondylus medialis, шынтақ жіліктің тәждік өсіндісінен, processus coronoideus, және кәрі жіліктің проксимальды бөлігінен басталып, қол басына қарай өтеді. Ол білек сүйектің өзекше, canalis carpalis, арқылы алақан бетіне қарай өтіп, саусақ сүйектің бақайшықтарына қарай бағытталады. Саусақтың проксимальды бақайшықтары денесінің тұсында бұл бұлшықеттің әрбір сіңірш елері екі аяқшаға бөлініп, саусақтарды бүккіш терең бұлшықеттің сіңірі өтетін сіңірше аралық саңылауды, hiatus tendineus, құрап, ортаңғы. бақайшықтардың алақан бетіндегі бүйір қапталына барып бекиді. Қызметі: II-V саусақтың ортаңғы бақайшықтарын иіп қоймай, бүкіл қол басын иеді.
...