Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Лекции по "Анатомии"

Автор:   •  Сентябрь 27, 2021  •  Курс лекций  •  3,776 Слов (16 Страниц)  •  449 Просмотры

Страница 1 из 16

7. Баланың жүйке – психикалық дамуын БШАИЖ бойынша бағалау. ДСҰ бағдарламасы бойынша баламен қарым – қатынас орнату мен ойнаудағы негізгі ұстанымдар. 

Сәби жасының ерекшелігі 1-3 жасқа дейін сәбилік кезең деп аталады. Осы кезде баланың денесі де, психикасы да ерекше қарқынмен дамиды.  

 Бала өмірінің алғашқы жылында басы біршама үлкен, кеудесі ұзын, аяғы қысқа болады. Осы кезде бұлшық еті де баяу дамиды. Бала өмірінің алғашқы жылында көбінесе сұйық тамақпен тамақтанады. Алғашқы жылмен салыстырғанда бойы 1,5 салмағы  3 есе артады. Екі жасқа келгенде салмағы 200-250 грамм қосады. Бойы ай сайын 1 см өсіп, балаларда 20 сүт тісі болады. Бұлшық еттері дамиды. Тыныс алуы баяулап бірқалыпты ырғаққа келеді.

Бір жастың соңында баланың бас миының салмағы 780-800 г болады. Осы кезде  ай сайын 30 грамнан қосылып  отырады. Үш жаста миының салмағы 1100-1200 дейін болады. Осыдан кейін мидың салмағының артуы баяулайды:

7 жасқа келгенде 1250 г болады

8-9 жасқа келгенде 1300 г бболады

15 жасқа келгенде 1350 г болады

21 жасында мидың салмағының артуы тұрақталады.

Баланың жоғарғы жүйке жүйесінің алғашқы үш жыл  бойында  өте тез дамиды.

Сәбилік шақта (1-3 жас) бала қарқынды дами бастайды. Психикалық дамуы үлкен өзгерістерге ұшырайды. Үш жас кезеңіндегі баланың ақыл –ойы едәуір жетілген болады. 3 жасқа дейін осындай үлкен өзгерістердің болуына бірнеше факторлар себеп болады.

Бірінші себеп- баланың тік жүре бастауы. Бала бір жастан асқаннан кейін өз бетімен тік жүріп, түрлі заттардың қасиеттерін үлкендердің көмегінсіз зерттей бастайды. Өздігімен жүрген соң заттардың кеңістіктегі арақашықтығын да ажырата бастайды, кеңістікте  бағдарлану қабілеті дамиды.

Екінші себеп- әр заттың өзіне тән қызметін ажырату немесе балада заттық әрекеттің дамуы

Үшінші себеп- баланың ойыны және тиісті өнерге үйренуі.

Бұл әрекет түрлі, сондықтан ойын мен іс-әрекеттер бала психикасының  дамуына үлкен әсер етеді. Алдымен ойыншық түріне немесе дыбысына қызықса, кейін оның нені бейнелейтініне  мән береді. Баланың бойы бірінші жылына қарағанда 1,5 есе өседі, ал салмағы 2 есеге артады.

3 жас дағдарысының 7 сипаттамалары:

Негативизм- бала ересектер қойған талаптарға жағымсыз реакция көрсетеді. Негативизм таңдамалы да болуы мүмкін, ол отбасы мүшесінің біреуінің тілін ғана алмайды немесе бір ғана тәрбиешіні тыңдамайды, ал басқаларымен қалыпты қатынаста болады. Әрекеттің басты мотиві- барлығын керісінше жасау.

Қыңырлық ( упрямство)- бұл баланың өзі қалаған нәрсесін жасауға ұмытылуы. Өтпелі кезеңде қырсықтық ( строоптивость) көрініс беруі мүмкін. Бұл нақты бір адамға емес, ерте балалық шақта қалыптасқан қатынастар жүйесіне бағытталған. Дербестілік тенденциясы байқалады: бала барлығын өзі жасап өзі шешкісі келеді. Негізінен бұл жақсы құбылыс, дегенмен дағдарыс кезінде бұл өз еріктілікке  алып келуі мүмкін.

Наразылық – бүлікші ( қасарыспалық)- кейбір балаларда ата-аналарымен конфликтілі жағдай жиі кездеесуі мүмкін, олар үлкендермен үнемі соғыс күйінде болады.

Деспотоизм ( шексіз билеушілік)- отбасында  бір ғана бала болса көрініс береді. Бала қоршаған  адамдарға өзінің билігін көрсетеді.

Бағасыздану (обесценивание)- 3 жас дағдарысының ең қызық сипаттамасы. 3 жасар бала ұрыса бастайды, сүйікті ойыншығын лақтырып тастауы мүмкін, бұл құбылыстың барлығы баланың басқа адамдарға деген өзіне деген қатынасының өзгеруі жайында хабар береді. Бала 3 жасқа келгенде көптеген жаңа әрекеттердің түрі пайда бола бастайды. Осы кезде психикасы да ерекше қарқынмен дамиды.  Мұндай жаңа әрекеттерге  сәбидің ойнайтын ойынының түрленуі, сурет салуы, жапсыру, құрастыруы жатады. Бейнелеу әрекетінің әр түрі мен шұғылданып, қарандашпен қағазға өзінше жазу жазып, шимайлап, түзу таяқшалар сыза бастайды. Бұлар сурет салу дегеннің өзі бір заттың бейнесін қағазға түсіру екенін түсінеді. Баланың алғашқы сурет салуы  үлкендердің басшылығымен жүзеге асады.

...

Скачать:   txt (53.9 Kb)   pdf (161.2 Kb)   docx (24.4 Kb)  
Продолжить читать еще 15 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club