Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Лекции по "Анатомии"

Автор:   •  Апрель 24, 2024  •  Курс лекций  •  6,462 Слов (26 Страниц)  •  111 Просмотры

Страница 1 из 26

1)Қанат-таңдай шұңқыр(fossa pterygopalatina)

Алдыңғы және артқы сонымен қатар медиалды қабырғалары бар шұңқыр. Алдыңғы қабырғаға тоқталар болсақ-жоғары жақ сүйек төмпесі(tuber maxillae) құрайды. Артқв қабырғасын болса сына сүйектің қанаттық өсіндісі (processus pterygoideus ossis sphenoidalis)құрайды. Ең соңғы медиалды қабырғасы таңдай сүйектің перпендикулярлық табақшасы(lamina perpendicularis ossis palatinae) құрайды. Латералды қабырғасы жоқ болады,ол самай асты шұңқырға ашылып кетеді. Төменнен жайлап тарылып,таңдайдың үлкен өзегіне қарай жалғасады. Төменгі қабырғасын жоғары жақ сүйек сонымен бірге таңдай сүйек құрайды. 6 байланысы бар шұңқыр:

1)көз ұя-сол өзінің төменгі саңылауы(көз ұя)(fissura orbitalis  inferior)

2)мұрын қуысы-қына таңдай тесігі(foramen sphenopalatinum)

3)ауыз қуысымен болса-таңдайлық үлкен өзек(canalis palatinus major)

4)бас сүйек ортаңғы шұңқыры-дөңгелек тесік(foramen rotundum)

5)самай асты шұңқыр-қанат жоғарғы жақ сүйектік саңылау(fissura pterygomaxillaris) арқылы.

Жоғары да айтқандай қабырғасы таңдай сүйектің перпендикулярлық табақшасы мен сына сүйектің қанат тәрізді өсіндісінен тұрагындықтан солай деп аталады.Fossapterygopalatina-ға 5 тесік ашылады:

медиалды тесік – мұрын қуысымен сына таңдай тесік foramen sphеnopalatinum (нерв пен тамырлардың өтетін жеріне барады);

артқы жоғарғы тесік- ми сауытының ортаңғы шұңқырымен дөңгелек тесік foramenrotundum ( осы тесіктен бассүйек қуысынан үшкіл нервтің екінші тармағы өтеді);

алдыңға тесік – көз ұясының төменгі саңылауы fissuraororbitalis inferior (нервтер мен тамырлардың өтуіне арналған);

төменгі тесік –ауыз куысы мен таңдай сүйегінің горизонталды табақшасы үлкен өзегі canalis palatis major (maxilla мен os palatinum ның аттас жүлгесінен түзіледі және қанат таңдай шұңқырының төмен қарай құйғыш тәрізді тарылуы болып табылады.

Артқы тесік –қанатты өсіндісінің өзегі canalis pterygoideus ми сауытымен байланысады.

2) Мұрын қуысы, оның қабырғаларының құрылысы, мұрын жолдары және оның байланыстары.

Мұрын қуысыcavitas nasi,бет сүйектердің жоғарғы бөлігінің орталығында орналасқан құрылысы мен қызметі күрделі қуыстық.Мұрын қуысының қабырғалары, сүйектік және шеміршектік бөліктен тұрады. Бұл қуыстың кіретін сүйектік тесігін алмұрт тәрізді тесік, apertura piriformis,деп аталынады .Артқы немесе жұтқыншақпен жалғасатын тесігін хоаналар деп аталады. Сонымен қатар, мұрын қуысының жоғарғы, төменгі, бүйір және аралык қабырғалары ажыратылады.
Жоғарғы қабырғасы: мұрын сүйегінен, тор сүйектің горизонталді табақшасынан және сына сүйегі мен шүйде сүйектің денесінің мұрын қуысына қараған бетінен тұрады.Төменгі қабырғасы: сүйектік таңдайдан,
palatum osseum тұрды.Аралық қабырғасы: кеңсірік сүйек пен тор сүйектің перпендикулярлық табақшасынан тұрады.Бүйір қабырғалары: жоғарғы жақ сүйекпен, тор сүйек лабиринтінің мұрын қуысына қараған бетінен және таңдай сүйектің перпендикулярлық табақш асы мен төменгі кеуілжір сүйегінің мұрын қуысына қараған беттерінен құралған.

Мұрын қуысының бүйір қабырғасының мұрын қуысына қараған бетінде жоғарғы, аралық жәнетөменгі кеуілжірдің аралығында, мұрың қуысының шөту жолы айқын байқалады.
а) Мұрынның жоғарғы жолы,
meatus nasi superior, мен ортаңғык еуілжірдің,  concha nasalis media,аралығында орналасқан. Мұрын қуысының бұл өту жолы, сына сүйектің қойнауы мен және тор сүйектің артқы ұяшығымен өзара жалғасады.
ә) Мұрынның ортаңғы жолы,
meatus nasi medius,ол аралық кеуілжір мен төменгі кеуілжірдің аралығындаорналасқан. Бұл өту жол: маңдай, жоғарғы жақ сүйегінің қойнауы мен және тор сүйектің лабиринтінің алдыңғы, аралық ұяшығымен жалғасады.
б) Мұрынның төменгіөтужолы, 
meatus nasi inferior,төменгікеуілжір мен таңдайдың аралығындаорналасқан. Бұл өту жол: көз шарасы мен мұрын-көзжас өзегі — canalis naso lacrimalis,арқылы, мұрынқуысы мен; ауызқуысы мен күректістік өзекше — canalis incisivus, арқылы жалғасады.

...

Скачать:   txt (91.8 Kb)   pdf (225.4 Kb)   docx (38.5 Kb)  
Продолжить читать еще 25 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club