Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Лекция по "Анатомии"

Автор:   •  Октябрь 5, 2020  •  Лекция  •  911 Слов (4 Страниц)  •  542 Просмотры

Страница 1 из 4

В) Төменгі қуыс вена (v. cava inferior) (24-сурет) организмдегі ең жуан веналық қантамыр. Веналық қанды жинақтайтын аймақтары – аяқ, жамбас және іш. ІV немесе V бел омыртқалар деңгейінде, құрсақтық аорта бифуркациясынан сәл төмен және оңжақға таман мықынның оңжақ және солжақ жалпы веналарының (vv. iliacae communes dextra et sinistra) бірігуінен құралады. Басталатын бөлімі аортаның оңжақ жағында орналасады және онымен тығыз жанасқан.  V. cava inferior жоғары және сәл оңжақға бағытталады да, біртіндеп аортадан алшақтай береді. Жоғарыда, бауырдың артқы бетінде sulcus venae cavae-де орналасып, әрі қарай диафрагмадағы арнайы тесік арқылы (foramen venae cavae inferior) кеуделік қуысқа өтеді де, бірден жүректің оңжақ жүрекшесіне жалғасады.

Төменгі қуыс вена омыртқа бағанасының алдында, ортаңғы сызықтан оңжақға таман орналасады. Оның алдында жатқан ағзалар – жіңішке ішек шажырқайының түбірі, ұлтабардың төменгі көлденең бөлігі, ұйқыбездің басы, қақпалық вена және бауырдың артқы төменгі беті. Төменгі қуыс венаның оңжақ жиегі астында симпатикалық сабаудың бел бөлімі орналасқан. Оңжақжағымен – бел бұлшықетіне, оңжақ несепағарға, оңжақ бүйректің ішкі жиегіне және оңжақ бүйрекүсті безіне жанасады.   Төменгі қуыс венаның артымен оңжақ бүйрек артериясы өтеді.

Б)  Нәрестедегі қанайналым ерекшеліктері (29-сурет)

-құрсақішкілік кезеңде, өкпенің жұмыс атқармауына байланысты, нәрестенің кіші (өкпелік) қанайналым шеңбері болмайды;

-нәресте артериялық қанды анасынан алады, артериялық қан анасынан жатырға, одан плацента (бала жолдасы) арқылы кіндік венасына өтеді; бала туылғаннан кейінгі ішектің, өкпенің және бүйректердің атқаратын жұмыстарын, ұрықтық кезеңде плацента атқарады;

-кіндік венасы (v.umbilicalis) кіндік жіпше құрамымен, кіндік сақинасы (anulus umbilicalis) арқылы кіріп, нәресте бауырының қақпасына келеді де, екі тармаққа бөлінеді – біреуі қақпалық венаға (vena portae), екіншісі – веналық түтік (ductus venosus аrantii) арқылы төменгі қуыс венаға (v.cava inferior)  жалғасады.

Ескеретін жағдай: а) кіндік венасының (артериялық қан) қақпалық венамен қосылуы – бауырдың ең бірінші артериялық қанмен жабдықталуын қамтамасыз етеді. Өйткені, бауыр ұрықта алғашқы қан жасаушы ағза ретінде жұмыс атқарады және нәрестеде немесе жаңа туылған балаларда бауырдың көлемі әруақытта үлкен болады; б)  төменгі қуыс венада – веналық түтік арқылы келетін артериялық қан және төменгі қуыс венадағы веналық қан бір-бірімен алғашқы рет араласады, яғни ұрықта тек араласқан қанайналым болады;

-араласқан қан төменгі қуыс венадан оңжақ жүрекшеге келеді және төменгі қуыс вена жапқышының (valvula venae cavae inferior) бағыттауымен сопақша тесік (foramen ovale) арқылы қан солжақ жүрекшеге, одан солжақ қарыншаға өтеді, сосын аортамен бүкіл денеге тарайды;

-веналық қан жоғарғы қуыс венадан оңжақ жүрекшеге келеді және венааралық төмпешік (tuberculum intervenosum)  қанды оңжақ қарыншаға бағыттайды, одан өкпе сабауына өтеді (жоғарғы қуыс  және төменгі қуыс веналарынан келген веналық қан оңжақ жүрекшеде бір-бірімен араласпайды);

-құрсақішілік кезеңде кіші (өкпелік) қанайналым шеңберінің жұмыс атқармауына байланысты, веналық қан өкпе сабауынан артериялық (Боталлов) түтік (ductus arteriosus) арқылы аортаның төмендемелі бөліміне өтеді және осы жерде веналық қан екінші рет араласады (аорта доғасының қантамырларына негізінен бірінші араласқан, ал аортаның төмендемелі бөліміне екінші рет араласқан қан өтеді; сол себепті нәрестенің басы, кеудесі және қолдары төменгі бөліктеріне қарағанда жақсы жетілген);

...

Скачать:   txt (11.7 Kb)   pdf (671.2 Kb)   docx (2.4 Mb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club