Лекции по "Анатомии"
Автор: Azhara001 • Декабрь 8, 2021 • Курс лекций • 37,829 Слов (152 Страниц) • 360 Просмотры
«Жалпы Медицина» 3 курс студенттері үшін 2ші аралық бақылау сұрақтары.
- Құрсақтың топографиялық анатомиясы. Шекарасы,сыртқы белгілері. Құрсақ қуысы және оның қабырғалары. Ішперде қуысы және ішперде артылық кеңістік.
Құрсақтың алдыңғы - бүйір қабырғасы алдынан және бүйірінен шектелген . Ол жақын жанасып орналасқан мүшелерге тірек қызметін атқарады , сыртқы тыныс алуға қатысады және қанайналым , асқазан ішек жолының моторлық қызметін , кеудеішілік және құрсақішілік кысымды реттеуді қамтамасыз етеді . Шекаралары . Құрсақтың алдыңғы - бүйір қабырғасы шектелген : жоғарыдан - семсер тәрізді өсіндімен және қабырға доғаларымен ; бүйірінен - артқы қолтықасты сызықпен ; төменнен - шатсүйектердің симфизімен , шап қатпарларымен және мықын сүйегінің қырымен . Сыртқы нысаналары : семсер тәрізді өсінді , қабырға доғалары , XII қабырғаның соңғы бөлігі , мықын қырлары , жоғарғы - алдыңғы мықын бiлiгi , шат төмпешіктері , симфиз , кіндік , ақ сызық пен құрсақтың тік бұлшықеттерінің рельефі . Бөліктер мен аймақтарға бөлінуі. Жоғарыдан қабырға доғаларының төменгі нүктелері арасындағы ( linea bicostalis ) және төменнен жоғарғы алдыңғы мыкындык сүйектерінен ( linea bispinalis ) жүргізілген екі шартты көлденең сызықтармен құрсақтың алдыңғы бүйір қабырғасы үш бөлікке бөлінеді : жоғарғы ( epigastrium ) , ортаңғы ( mesogastrium ) және төменгі ( hypogastrium ) . Құрсақтың тік бұлшықетінің бүйір жиектерімен жүргізілген шартты екі ұзынша сызықтармен үш аймакка бөлінеді . кәне сол Жоғарғы бөлігінде эпигастральды ( regio epigastrica ) , оң қабырғаасты ( regio hypohondriaca dextra et sinistra ) аймақтарды бөледі . Ортаңғы бөлік кіндік ( regio umbilicalis ) , оң жақ және сол жақ бүйір ( regio lateralis dextra et sinistra ) аймақтарға бөлінеді . Төменгі бөлігінде үш аймақты ажыратады : шат ( regio pubica ) , оң жақ және сол жақ шап аймақтары ( regio inguinalis dextra et sinistra ) . Сонымен қатар , құрсақтың алдыңғы - бүйір қабырғасында 3 бөлікті және 9 аймақты ажыратады . Берілген кесте бойынша құрсақ қуысында орналасқан мүшелердің кескінін құрсақтың алдыңғы - бүйір қабырғасында анықтау үшін қажет және құрсақ қуысын тесіп өтіп кеткен жаракат кезінде патологиялық ошақтың орнын анықтау үшін және құрсақ куысының мүшелеріне тиiмдi түрде операциялык жетулер жасауда қолданылады .
Құрсақ қуысы ( cavitas abdominis ) құрсақ іші шандырымен . endoabdominalis ) қоршалған қуыс болып табылады. Оның шекаралары : жоғарыдан - көкеттің төменгі бетімен ; алдынан құрсақтың тік бұлшықеттің апоневрозды қынабының және көлденең бұлшықеттің артқы бетімен ; бүйірінен — іштің тік бұлшықетімен және мықын сүйектің қанатымен ; артынан бел омыртқаларымен , бел аймағының оң және сол жақ бұлшықеттерімен ( белдің үлкен және шаршы бұлшықеттері , арқаның жалпақ бұлшықеті ) ; төменде — жам бас қуысына ауысады , яғни , кіші жамбасқа кіреберісті шектейтін шекаралык сызык деңгейі . Құрсақ қуысы iш қуысына және ішперде арты кеңістікке бөлiнедi . Құрсақ қуысы париетальды ішпердемен жабылған , ол жоғарыда - көкеттің төменгі бетін , алдынан және бүйірінен - құрсақ қабырғасының ішкі жағынан алдынгы - бүйір қабырғаны жабады , артынан - құрсақ куысын ішперде арты кеңiстiктен бөліп тұрады , ал төменде кіші жамбас қуысының париетальды жапырақшасына ауысады . Құрсақ қуысында ішперденін висцеральды жапырақшасымен интра- және мезоперито неальды жабылған құрсақ мүшелері орналасқан . Құрсақ қуысында ішперде куысын ( cavitas peritonealis , seu peritonei ) ажыратады . Құрсақ қуысы — құрсақ қуысының қабырғасын және ішкі мүшелерді жауып жататын ішперде жапырақшалары арасындағы кеңістік . Оның ішінде аз мөлшерде сірнелі сұйықтық болады . - Ішперде артындағы кеңістік іш қуысының артқы қабырғасын түзетін , ішінде мүшелер , лимфалық түйіндер , қантамырлар және нервтер орналасқан кеңістік . Оның шекаралары : алдынан — ішперденің париетальды жапырақшасының артқы беті , артынан курсак қуысы ішілік шандыр , ол омыртқа бағанасын және бел аймағының бұлшықеттерін , көкеттен кіші жамбас қуысына дейінгі аймақты жауып жатады . Құрсақ қуысы жоғарғы және төменгі қабаттарға бөлінеді . Олардың арасындағы шекара көлденең ішек пен оның шажырқайы болып табылады .
...