Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Лекции по "Анатомии"

Автор:   •  Октябрь 15, 2020  •  Курс лекций  •  4,755 Слов (20 Страниц)  •  492 Просмотры

Страница 1 из 20
  1. ҚАНАТ-ТАҢДАЙ ШҰҢҚЫРЫ (fossa pterygopalatina) – алдыңғы, артқы және медиалды қабырғалары бар. Алдыңғы қабырғасын жоғарғы жақ сүйектің төмпесі (tuber maxillae), артқы қабырғасын сына тәрізді сүйектің  қанаттық өсіндісі (processus pterogoideus ossis sphenoidalis), медиалды қабырғасын таңдай сүйектің перпендикулярлық табақшасы (lamina perpendicularis ossis palatinae) құрайды. Қанат-таңдай шұңқырының көршілес қуыстармен және шұңқырлармен 6 байланысы бар:
  • Көз ұямен-көз ұяның төменгі саңылауы арқылы (fissure orbitalis inferior)
  • Мұрын қуысымен сына-таңдай тесігі арқылы (foramen sphenopalatinum)
  • Ауыз қуысымен таңдайлық үлкен өзегі арқылы (canalis palatinus major)
  • Бас сүйектің ортаңғы шұңқырымен дөңгелек тесік арқылы (foramen rotundum)
  • Самай асты шұңқырымен – қанат-жоғарғы жақ сүйектік саңылау арқылы (fissure gomaxillaris)

  1. МҰРЫН ҚУЫСЫ (cavities nasi)  бас сүйектің бет бөлігінің орталық орнын алып, барлық  жағынан қуыстармен шектелген: жоғарыдан – бас сүйек қуысымен (бас сүйектің алдығы шұңқыры), төменгі жағынан – ауыз қуысымен, бүйірлерінен – көз ұясымен және жоғарғы жақ сүйек қойнауымен. Қуыс мұрынның сүйектік қолқасымен (septum nasi osseum) сагитталды жазықтықта орналасқан екі жартыға бөлінеді.
  • Алмұрт тәрізді апертура (aperture piriformis) – мұрынның сүйектік қуысының алдыңғы тесігі жоғарғы жақ сүйектің мұрындық тілігімен және мұрын сүйектерінің төменгі жиектерімен шектелген. Орталық сызықтың төменгі жағынан алға қарай мұрынның алдыңғы қалқаны кетеді.
  • Мұрын қуысының жоғарғы, төменгі және екі бүйір қабырғалары, сонымен қатар қолқасы бар:
  • Жоғарғы қабырғасын алдан артқа қарай мұрын сүйектері, маңдай сүйектің мұрындық бөлігі, торлы сүйектің тесіктелген табақшасы және сына тәрізді сүйектің денесі құрайды.
  • Төменгі қабырғасын жоғарғы жақ сүйектерінің таңдайлық өсінділері және таңдай сүйектерінің горизантальды  табақшасы құрайды. Аталған сүйектер орталық сызықтың бойында мұрындық қырқаны (crista nasalis) түзеді. Мұрындық қырқаның алдыңғы шетінде күректістік өзекке апаратын тесік орналасады.
  • Латералды қабырғасында  6  сүйек бар: жоғарғы жақ сүйек денесінің мұрындық беті және маңдайлық өсінді; көз жасы сүйек; торлы  лабиринт; таңдай сүйектің перпендикулярлы табақшасы; сына тәрізді сүйектің қанаттық өсіндісінің медиалды табақшасы және мұрынның төменгі кеуілжірі.
  • Мұрын қалқандары мен мұрын пердесі арасындағы кеңістік мұрын жолы (meatus nasi) деп аталады. Мұрынның жоғарғы мұрын жолы (meatusnasi superior) жоғарыдан мұрынның жоғарғы кеуілжірімен, төменгі жағынан ортаңғы кеуілжірімен шектелген;  ортаңғы мұрын жолы (meatus nasi medius)  мұрынның ортаңғы және төменгі кеуілжірлері арасында орналасады; төменгі мұрын жолы (meatus nasi inferior) мұрынның төменгі кеуілжірі мен мұрын қуысының төменгі қабырғасындағы ең ұзын және кең кеңістік.

3.Мұрын құуысы қойнаулары,оның байланыстары.

Мұрын қуысы – cavitas nasi. Мұрын қуысының жоғарғы, төменгі, бүйір, аралық қабырғалары болады. Алдыңғы қабырғасы – мұрын сүйегінен, тор сүйектің горизантальды табақшасынан және сына сүйекпен шүйде сүйектің денесінің мұрынқуысына қараған бетінен тұрады; төменгі қабырғасы – таңдай сүйек; аралық қабырғасы – кеңсірік сүйекпен тор сүйектің перпендикулярлық табақшасынан тұрады; бүйір қабырғасы – жоғарғы жақ сүйекпен тор сүйек лабиринтініңмұрын қуысына қараған бетінен және төменгі кеуілжір сүйегінің мұрын қуысына қараған бетінен тұрады.

Мұрын қуысының бүйір қабырғасының мұрын қуысына қараған бетінде жоғарғы, аралық және төменгі кеуілжірдің аралығында, мұрын қуысының 3 өту жолы бар. Олар:

 мұрын қуысының жоғарғы өту жолы (meatus nasi superior) – сына сүйектің қойнауы мен тор сүйектің артқы ұяшығымен өзара жалғасады;

 мұрын қуысының ортаңғы өту жолы(meatus nasi medius) – маңдай, жоғарғы жақ сүйегінің қойнауы мен тор сүйектің лабиринтінің алдыңғы аралық ұяшығымен жалғасады;

 мұрын қуысының төменгі өту жолы(meatus nasi inferior) – көз шарасы мен мұрын-көзжас өзегі арқылы мұрын қуысы мен күректістік өзекше арқылы жалғасады.

...

Скачать:   txt (60.7 Kb)   pdf (167.5 Kb)   docx (29.6 Kb)  
Продолжить читать еще 19 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club