Лекции по "Анатомии"
Автор: zakharovaayau • Октябрь 6, 2020 • Курс лекций • 1,929 Слов (8 Страниц) • 491 Просмотры
125. Ауыз қуысы, бөлінуі,шекаралары, құрамы.
Ауыз қуысы (cavum oris) - асқорыту мүшесінің бірі, топографиялық орналасуына, сонымен қатар атқаратын қызметтеріне қарай 2 бөлікке бөлінеді. Олар: ауыз кіреберісі (vestibula oris) және меншікті ауыз қуысы (cavitas oris propria).
Ауызға кіреберіс (vestibula oris) – сырты жағынан ерін мен ұрттың, ішкі жағынан тіс пен қызылиек арасындағы орналасқан болып келеді. Ол ауыз тесігі (rima oris) арқылы сыртқа ашылады.
Ауыз кіреберісінің шекараларына келер болсақ, алдынан және бүйірінен - ерін және ұрт; артынан және бүйірінен - тістің сыртқы беті және қызыл иектер болып келеді.
Меншікті ауыз қуысы (cavitas oris propria) таңдай және тілмен байланысты. Оның шекаралары: алдынан және бүйірінен - тістің ішкі беті және қызыл иек; жоғары жағынан - қатты және жұмсақ таңдай; төменгі жағынан- ауыз диафрагмасы; артқы жағынан - тесік аранмен шектелген.
Ауыз қуысымен қоса қызылиек,ұрт пен ерінді атап айту қажет.
Қызыл иек (gingiva) -ауыз қуысындағы шырышты қабықтың туындысы. Еріннің жалғасы болып саналады. Қызылиектің ұшы мен денесі бар. Сонымен қатар, тістің мойыны мен қызылиек арасында қалташалар болады. Қызылиектің терең қабатында көптеген қантамырлар мен нервтер орналасады. Негізгі қызметі тістерге қорғаныш болу.
Ұрт (bucca) -ауыз кіреберісінің сыртқы бүйір қабырғасын құрайды. Ұрттың терең қабығында ол ұрт бұлшықетінен тұрады. Оның шырышты және шырышасты қабығының арасында кішкене нәрестелерде ұртмай орналасады.
Ерін (labia oris) - сыртынан тері, ішінен сілемейлі қабықтан тұратын мүше. Оның жоғарғы (labia oris superior) және төмеңгі (labia oris inferior) жағы болады. Еріннің екі жағындағы ұштарыны қосылу жері еріннің комиссурасы (comisura labium) деп аталады.
126. Тістер: сүт,тұрақты тістер,дамуы,олардың құрылысы.
Тіс (dentes) - өзіне тән пішіні, құрылысы және меншікті нерв аппараттары, қан тамырлары мен лимфа тамырлары бар мүше болып саналады. Ол асты механикалық өңдеуге арналған. Олар жақсүйектің жиектерінде өседі, яғни жоғарғы және төменгі жақсүйектердің ұяшықтарында орналасқан.
Қызметі:тағамды механикалық өңдеуге;сөздің анық шығуына ат салысу болып саналады. Жалпы тістер алмасып отырады, яғни уақытша тістер-сүт тістер және тұрақты тістер болады. Тістің дамуына келсек, адамда ұрықтың 6-7 аптада тістің даму процесі басталады. Яғни, ең алдымен пайда болатын үстіңгі және төменгі жақсүйеткердің ұяшықтық өсінділерінің аумағында ауыз қуысын қаптаушы эпителийдің қалындау жері пайда болады. Ары қарай мезенхимаға жабысып, өсуін жалғастыра береді. Ары қарай, осы эпителий ұзын тік бұрыш жасап, екі табақша тәріздес бөлінеді. Сол табақшалардың алдыңғысы ажырап, ерін мен ұртты жалпы қызылиектен бөлуші эпителийге айналады. Ал артқы табақшаның жанында томпайған эпителий өседі де, сүт тістердің дамуына үлес қосады.
Тіс құрылысына тоқталсақ, тістер тіс сауыты (corona dentis) – эмальмен қапталған, тіс ұясынан шығып тұратын тістің жуан бөлігінен;
тіс мойны (collum dentis) – тіс сауыты мен түбірі арасында орналасқан тістің жіңішке бөлігі; түбір (radix dentis) – тіс ұясының ішінде орналасқан тіс бөлігі. Тіс сауыты (corona dentis) қызылиектен шығып тұрады, яғни тістің көрініп тұратын бөлігі. Мойыны (collum dentis) негізінен қысыңқылау бөлігі болып келеді. Ал тіс түбірі (radix dentis) негізгі тістің ұяшығында болады. Ол тіс ұшымен (apex radicis) аяқталады. Тіс ұшында қантамырлар мен нервтер өтетін тіс ұшының тесігі (foramen apicis) болады.
Сонымен қатар, әрбір тіс сауытының 5 беткейі бар:
1. Тістердің қабысу беткейі (facies occlusalis) қарама-қарсы жақсүйектің тістеріне бағытталған. Олар кіші және үлкен азу тістерде болады. Ит тістер мен күрек тістердің шетінде кескіш қыр (margo incisalis) түзіледі. Бұл беткейлері шайнау беткейлері (facies masticatoria) немесе шайнау қыры (margo masticatoria) деп те атайды.
2. Тістің вестибулярлық беткейі (facies vestibularis) ауыз кіреберісіне жақын орналасқан. Алдыңғы тістердің ерінге жақын беткейі еріндік (facies labialis) , ал артқы ұртқа жақын беткейі ұрттық беткей (facies buccalis) деп аталады.
...