Көз, көз алмасы
Автор: Ardakkkkk • Январь 30, 2022 • Реферат • 2,009 Слов (9 Страниц) • 426 Просмотры
С.Ж.Асфендияров атындаға ҚазҰМУ
Реферат
Қабылдаған: Досаев Тасбулат Молдахметович
Орындаған:Амангелді Ардақ
Тобы:ЖМ20-003-2
Жоспары:
І.Көз, көз алмасы;
1. Көз алмасынын фиброзды кабығы ( tunica fibrosa bulbi ) сыртқы қабық .
2. Көз алмасының ортаңғы кабығы немесе тамырлы кабык, tunica vasculosa bulbi
3. Көз алмасының ішкі қабығының, tunica interna
4. Көз алмасының ядросы.
5. Көз алмасының косымша аппаратына
6.Көз аурулары
ІІ. Құлақ, aurus
1.Сыртқы құлаққа, aurus externa
2. Ортаңғы құлақ (auris media)
3. Ішкі құлақ
4.Құлақ аурулары
Көз, oculus, (грек. оphtalmos) — оптикалық жүйе.
Көз алмасы – бұл жұп мүше, бас сүйектегі көз шарасында орналасады. Көз алмасы сыртқы немесе фиброзды tunica fibrosa bulbi,, ортаңғы немесе тамырлы tunica vasculosa bulbi, ішкі немесе торлы tunica interna bulbi деп аталатын үш қабықтан тұрады. Бұл қабықтар көздің ішкі мөлдір құрылыстарын қоршап тұрады.
Көз алмасынын фиброзды кабығы ( tunica fibrosa bulbi ) сыртқы қабық . Ол көз алмасының негізі болып табылады және корғаныштык қызмет атқарады . Бұл қабықша көз алмасының үштен бір бөлігін алып жататын мөлдір кабыктан және ак кабык склерадан тұрады . Осы екі бөліктің өтетiн жерiн мөлдір қабықтың жиегі немесе лимба ( limbus corneae ) деп атайды . Мелдiр кабык ( cornea ) ол мөлдір , кан тамырсыз дәнекертiндiк табакша , оның алдыңғы эпителийін ( epithelium anteriu) , алдыңғы шектелген табақшасын ( lamina limitans anterior ) , меншікті затын ( substantia propria ) , артқы шектелген табақшасын ( lamina limitans posterior ) және артқы эпителиін ( epithelium posterius ) ажыратады.
Мөлдір қабық көздің негізгі жарықсындырғыш оптикалык қызметін атқарады . Оның қоректенуі көздің алдыңғы камерасынан қоректік заттардың диффузды түрде өтуімен камтамасызданады .
Ақ қабық , склера ( sclera ) 0,5—1,0 мм тығыз , мөлдір емес дәнекер тіндік қабық . Мөлдір қабықтың тікелей жалғасы болып табылады және алдынан конъюктива мен жабылған . Ақ қабыққа артынан көз алмасы бұлшықетінің сіңірі келіп бекінеді . Ақ қабықтың мөлдір қабықпен шектесетін ішкі шекарасында , трабекулярлы торшадан ( reticulum trabeculare ) жасалған. Мөлдір қабықпен жанасатын шекарасында, ақ қабықтың ішінде, оның веналық қойнауы, sinus venosus sclera, (Шлемм өзегі) өтеді. Оған көздің алдыңғы камерасынан сулы ылғал келіп құйылады.
Көз алмасының ортаңғы кабығы немесе тамырлы кабык, tunica vasculosa bulbi, үш біркелкі емес бөлікке бөлінеді 1) арткы, үлкен, склераның 2/3 ішкі бетін көмкеріп түратын меншікті тамырлы қабық, chorioidea; 2) склера мен мөлдір қабык шекарасында орналаскан ортаңғы бөлік, кірпікті немесе цилиарлы дене, corpus ciliare; 3) алдыңғы, кіші бөлік, ол мөлдір кабық арқылы көрінетін нүрлы кабық, iris.
Меншікті тамырлы қабык, chorioidea, алдыңғы бөліктерде айкын шекарасыз цилиарлы денеге ауысып өтеді. Олардың арасындағы шекара ретінде тістік жиекті, ora serrata, атауға болады. Меншікті тамырлы кабық барша бойында сары дакты, macula (lutea), жэне кору нерві емізікшесіне сәйкесетін жерді санамағанда склераға толық жанасады.
Цилиарлы немесе кірпікті дене, corpus ciliare, ішкі беткей жағынан шынытәрізді немесе эластикалык табакшамен, lamina elastica, жамылған, ол меншікті тамырлы қабықтың дэл осындай жапыракшасының жалғасы болып табылады.
Цилиарлы денеде цилиарлы немесе кірпікті бүлшықетті, т. ciliaris, цилиарлы немесе кірпікті тәжді, corona ciliaris, цилиарлы немесе кірпікті шеңберді, orbiculis ciliaris, айырады.
Нұрлы кабық, iris, тамырлы қабыктың ең алдыңғы бөлігі, өзге бөліктерден айырмашылығы көз алмасының сыртқы кабығына жанаспайды, ол цилиарлы дененің алдыңғы бөлігінің жалғасы ретінде мөлдір қабықтан біршама қашықтықтағы фронталді беткейде орналасады. Нұрлы кабық ортасында дөңгелек тесік, қарашық, риріііа, болады. Қарашык еркін, немесе мөлдір қабықтың қарашықтық ұшымен, margo pupillaris iridis, шектелінген болады. Оның барлық айналасымен өтетін молдір кабықтың қарама-қарсы ұшы цилиарлы ұшы, margo ciliaris, немесе мөлдір қабык түбірі, radix iridis, деп аталады. Нұрлы кабық бойында борпылдақ дәнекертін, тамырлар мен жылтыр бұлшыкеттер болады. Нұрлы кабықтың артқы беткейі жасушаларында «коз түсін» айкындайтын пигмент болады.
...