Иық белдеуі мен қолдың еркін бөлігі сүйектерінің құрылысы. Жамбас белдеуі мен аяқтың еркін бөлігі сүйектерінің құрылысы
Автор: saltan_73 • Сентябрь 15, 2021 • Тест • 488 Слов (2 Страниц) • 673 Просмотры
Страница 1 из 2
Жалпы медицина мектебінің 1 курс студенттеріне арналған
әдістемелік нұсқау
Тақырыбы: Иық белдеуі мен қолдың еркін бөлігі сүйектерінің құрылысы. Жамбас белдеуі мен аяқтың еркін бөлігі сүйектерінің құрылысы.
№1 нұсқа
1 тапсырма. Тест түріндегі сұрақтар (1 дұрыс жауаппен және бірнеше дұрыс жауаппен). Әр сұраққа– 2 балл.
- Медиалды толарсақ қандай сүйекте орналасқан
- тоқпан жілікте
- асықты жілікте
- кіші жіліншікте немесе асықты жіліктің шыбығында
- қол сүйегінде
- аяқ сүйектерінде
- Иық сүйектерінің белдеуіне қандай сүйектер жатады
- жауырын
- жоғарғы қабырғалар
- тоқпан жілік
- төс
- бұғана
- Тәждік шұңқыр орналасқан:
- тоқпан жіліктің басында
- тоқпан жіліктің денесінде
- дистальды эпифиздің алдыңғы жағында
- дистальды эпифизтің артқы жағында
- шынтақ сүйектің басында
- Төменгі аяқ белдеуінің қаңқасына мыналар кіреді:
- шонданай сүйегі
- ортан жілік
- тізе тобығы
- бел омыртқалары
- мықын сүйегі
- Тізе тобығы жатады:
- аралас сүйектерге
- сесамоидты сүйектерге
- түтікті сүйектерге
- біліктік қаңқаларға
- қосымша қаңқаларға
- Түтікті сүйектердің ортаңғы бөлігінің аталуы:
- диафиз
- эпифиз
- метафиз
- апофиз
- диплоэ
- Қол басы сүйектерінің проксимальды қатарында орналасады:
- қайық тәрізді сүйек
- ай тәрізді сүйек
- ілмекті сүйек
- үшқырлы сүйек
- басты сүйек
- Түтіктің сүйектердің денесі мен шеттері аралығындағы бөлігі:
- диафиз
- эпифиз
- метафиз
- апофиз
- диплоэ
- Ұршық ойығы қандай сүйекте орналасқан
- тоқпан жілікте
- жамбас белдеуінде
- жауырында
- жамбас сүйегінде
- иық белдеуінде
- Шынтақ сүйектің проксимальды ұшында шектелген :
- шынтақ өсіндімен
- біз тәрізді өсіндімен
- тәждік өсіндімен
- шығыршықтық тілікпен
- емізік тәрізді өсіндімен
- Анатомиялық және хирургиялық мойын қандай сүйектерде кездеседі
- тоқпан жілікте
- қолдың еркін бөлігіндегі
- жамбас сүйегінде
- аяқтың еркін бөлігіндегі
- шынтақ жілікте
- Иық белдеуінің жалпақ сүйектеріне жатады:
- жауырын
- шүйде сүйегі
- төбе сүйегі
- жамбас сүйегі
- төс
- Буындық ойық, cavitas glenoidalis, қандай сүйекте орналасқан
- тоқпан жілікте
- бұғанада
- жауырында
- жамбас сүйегінде
- сынатәрізді сүйекте
- Кәрі жілік шынтақ жілікке қарағандағы орналасуы:
- медиалды
- латеральды
- алдында
- артында
- қиғаш
- Шынтақ шұңқыр орналасады:
- алдында
- артында
- медиалды
- тоқпан жілікте
- шынтық жілікте
- Хирургиялық мойынның орналасуы:
- басының жиегінде
- үлкен және кіші төмпешіктерден төмен
- дельтатәрізді төмпешікте
- тоқпан жілікте
- ортан жілікте
- Бұдырлы сызық орналасқан :
- алдында
- артында
- латералды
- ортан жілікте
- тоқпан жілікте
- Жамбас сүйегінің жапқыш тесігі шектеледі:
- мықын сүйегінің қанатымен
- ортан жіліктің денесімен
- мықын сүйектің денесімен
- шонданай сүйектің тармағымен
- қасаға сүйегінің тармақтарымен
- Шығыршықтық тілік орналасады:
- жауырында
- проксималды эпифизде
- дисталды эпифизде
- кәрі жілікте
- шынтақ жілікте
- Төмпешікаралық жүлге:
- жауырында
- шынтақ жілікте
- кәрі жілікте
- проксималды эпифизде
- дисталды эпифизде
2 тапсырма. Суретте 5 қадам. 1 қадам-6 балл
[pic 1][pic 2][pic 3][pic 4][pic 5][pic 6] | Анатомиялық құрылымды атаңыз №1 – | |
Анатомиялық құрылымды атаңыз №2 – | ||
Анатомиялық құрылымды атаңыз №3 - | ||
Анатомиялық құрылымды атаңыз №4 – | ||
Анатомиялық құрылымды атаңыз №5 - |
...
Доступно только на Essays.club