Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Этика ғылымы саласындағы құңдылықтар

Автор:   •  Декабрь 4, 2022  •  Реферат  •  774 Слов (4 Страниц)  •  244 Просмотры

Страница 1 из 4

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.

Реферат

Тақырыбы: “Этика ғылымы саласындағы құңдылықтар”

 

                   Дайындаған:Дүйсен Гүлнұр Жакенқызы

                 Тексерген: Мақұлбеков Бағлан Демесінұлы

2022-2023 оқу жылы

Ғалымдардың пайымдауынша құндылықтар туралы алғашқы түсінік ежелгі грек ғалымы Сократтан бастау алады. Сократ үшін құндылық “адамның өмірді бағалауы екен”.

   

    Құңдылық— бұл адам және қоғам үшін бір нәрсенің оң маңыздылығы. Құндылықтар туралы ілім аксиология (грек тілінен: «аксис» – құндылық, «логос» – ілім) деп аталады. «Құндылық» ұғымы «баға» және «мақсат» деген түсініктермен байланысты. Құндылықтар адам ойларына, істеген қылықтарына, заттарға баға берудің негізі, өлшемі (критерийі) ретінде танылады. Адам нені құндылық деп санаса, соны өзінің мақсатына айналдырады. 

 

     Құндылық дегеніміз не? Құндылық дегеніміз адам ұмтылатын мақсаттар, сондай-ақ осы мақсаттарға жетуге ықпал ететін міңез-құлық түрі. құндылықтар тарихи дамып, заман талабына сай өзгеріп отырады. 

    Қазіргі заман мен қоғамда адамды ең жоғары құндылық ретінде тану, соған сәйкес адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, балаларды қорғау, білім мен тәрбиедегі демократиялық принциптерді берік ұстану алдыңғы орынға шығып отыр. Сонымен қатар әр алуан ұлттар, діндер мен мәдениеттер өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүруі үшін өзара түсіністік, сұхбат пен толеранттылық халықаралық ұйымдар тарапынан насихатталуда. Әрине, мұнан басқа да құндылықтар бар.      

      Құндылық – мәдениеттің құрамдас бөлігі. Мәдениеттің құрамдас бөлігі болуы себепті құндылық адамдардың өзін ұстауын реттейді, олардың шынайы тәртібін айқындайды.

     Құндылықтар әлімің біз екіге бөлеміз: материалдық және рухани құндылықтар. Адамның мүдделері де, қажеттеліктері бе осы екі тұрғыдан болуға тиіс.  Материалдық құндылықтар секілді рухани жағынан дамытып, қажеттеліктерін өтеп отыруы тиіс. Адамның қажеттеліктері оның сана-сезімдері арқылы өтіп белгілі бір мүдделерге айналады, бұл тек адамға ғана тән.  Адам өз мүдделерін іске асыру үшін алдына түрлі мақсат-мұраттар қояды.  Соны іске асыру үшін адам өз ырқын шындап, неше түрлі киындықтардан өтуге дайын болуы керек.

   Мəдениет-адамның қажеттіліктері мен сананың бірге жұмыс істеу нəтижесі. Егер де адамда құндылықтар жəне сана болмағанда адамда ешқандай мəдениет (материалдық жəне рухани) болмас еді.    Құндылық дегеніміз заттың сипаты, ал баға сол заттың ерекшеліктері, бірақ осы ерекшеліктер адамның табиғатын білдіруде.

    Құндылықтар әлемнің өмір сүруінің терең себептері- адам өзіңде, оның саналы пенделігінде, өмірдің мәң-мағынасын іздеуінде. Адамның ішкі рухани өмірінде жақсылық,абырой,ар-намыс,парыз сияқты моральдық құндылықтар бар екенің ешкімде теріске шығара алмайды.

...

Скачать:   txt (9.7 Kb)   pdf (76.8 Kb)   docx (190.9 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club