Табиғат ресурстары және оларды тиімді пайдалану мәселелері
Автор: asset_assel • Сентябрь 15, 2018 • Курсовая работа • 5,206 Слов (21 Страниц) • 1,379 Просмотры
Жоспар
Кіріспе . . . 3
1. Әдебиеттерге шолу
1.1. Қоршаған ортаға өндірістік зиянды қалдықтардың таралуы.......5
1.2. Денсаулық үшін зиянды органикалық және бейорганикалық
заттар............................................................................................................8
Негізгі бөлім
I бөлім: Табиғат ресурстары және оларды тиімді пайдалану
мәселелері 10
- Атмосфераның қасиеттері және оның адамға әсері 13
- Су - тіршіліктің қажетті шарты, тіршілік факторы 15
- Литосфераның құрамы, құрылыс қасиеті және
антропогендік әсерінің ықпалы 17
- Өсімдіктердің экологиялық маңызы .19
II бөлім: Ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаның
ластануы ....20
- Ауадағы ластаушы заттектерді нормалу 22
- Судағы зиянды заттектердің нормалары 24
- Тақырыптағы ластағыш заттектер 26
- Жинақтау эффектісі және ластануды нормалағанда оның
ескерілуі 27
Қорытынды 29
Қолданылған әдебиеттер 30
Кіріспе
Бұл курстық жұмыста табиғат ресурстарының қасиеттері, құрамы және олардың адам ағзасына әсері қарастырылады.
Атмосфера адам, жануар және өсімдіктер үшін маңызды, оның түрлі өнеркәсіп, орындарынан шыққан газдармен бүлінуі және қалдық түрлерімен ластануы жазылған. Сонымен қатар су, топырақ, тіршілік көзі болып табылғандықтан, олар адам нәрі.
Адам баласы сусыз өмір сүре алмаса, ал топырақ адамдарға маңызды ресурстардың бірі.
Осы табиғат ресурстарын ластаушы заттардың нормалары, олардың бүлінбеуін қадағалау, бақылау, қорғау шаралары қарастырылған.
Әлемдегі экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне бүлдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай-ақ топырақты, су көздерін және ауа бассейінін ластау арқылы жүзеге асырылуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр; іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады.
Қазіргі кезде сыртқы ортаны суды, ауаны қорғауға заңды түрде шара қолданбайтын бірден бір мемлекет жоқ. Тіпті теңіз суын қорғау зиянды заттарды шығарудың технологиясын реттеу және қалдықтарды барынша азайту жөнінде халықаралық келсімдер жасалған. Бұл шараларды іске асыру керек, себебі ауаның, судың және топырақтың ақырғы шегіне жетті. Әсіресе бұл мәселе халық өте тығыз орналасқан өндірістік аудандарда үлкен орын алып отыр. Улы заттар бұл орындардан өзен сулармен, теңіз ағыстары, жел арқылы мыңдаған километр алшақ орналасқан аймақтарға таралып, жер шарының алыс түпкірлеріне де қауіп тудыруда.
Қоршаған орта бүлініске ұшырап ауқымды экологиялық проблемалар туындаған қазіргі жағдайда білім мен насихат барлық адамдардың – мұғалімдердің, ғалымдардың, дәрігерлердің, саясаткерлердің назарына ілініп отыр. Қоғамның іргелі құрлымынан қолдау тапқан экологиялық білім мен насихат қана жаңа адамды – XXI ғасырдың азаматын қалыптастырады және аса күрделі, әрі шиленіскен әлеуметтік – экологиялық жағдайда іс-әрекет жасауға үйретеді.
Экологиялық білімнің тиімділігі жүйелік тәсілге негізделіп үздіксіз жүзеге асырғанда ғана артып табысқа жетеді. Халық арасында экологиялық білім беру жүйесін құрудың мақсаты-ғылыми және тәжірибелік білімнің бірлігі негізінде мамандардың экологиялық көз қарасын қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарайтын құндылықты, мінез-құлықты және іс-әрекетті қамтамасыз ету.
...