Саумалдың маңызын түсініп жүрміз бе?
Автор: Диана Сайлыбекова • Февраль 14, 2023 • Доклад • 699 Слов (3 Страниц) • 196 Просмотры
Мәлімдеме
Тақырыбы: Саумалдың маңызын түсініп жүрміз бе?
Сүт өнімдерінің үшіндегі пайдалылығы мен құнарлылығы, емдік қасиеті жағынан жоғарғы яғни бірінші орында тұр деп нық сеніммен айта аламыз. Бірақ осы өнімнің осындай пайдасын біліп жатырмыз ба, жеткілікті деңгейде насихатталып жатыр ма белгісіз. Саумалдың осындай қасиеттерін толық жеткізу үшін тарихы мен химиялық құрамын байланысытырып , пайдасы мен зиянынын анықтап о қырманға ұсынуды жөн көрдім.
Саумал – жаңа сауылған бие сүті. Одан қымыз ашытылады. Кейде суытып, қымыздың қорына қосылған сүтін «саумал» деп те атайды.
Сүтті сауғанда қалайы ыдысқа сауса шипалық қасиетін тез жояды. Саумалды қыш ыдысқа, не болмаса ысталған қауаққа сауады. Тағы бір ескертетін жәйт, саумалды бір ыдыстан келесі ыдысқа қотарып мазалай бермейді. Саумалдың шипалы болуына, қымыздың емдік қасиетіне – жылқының жайылымы, жеген шөбі, ішкен суы мен ауасының да әсері бар.
Саумалдың шипалық қасиеті қырыққа жуық аурудың алдын алады. Әсіресе асқазан, қырыққатпаршақ, өт, бауыр, тоқішек қабынуының алдын алуда маңызы зор. Қан кеселіне тосқауыл, оны «қанның сүзгісі» деп орынды атайды. Ағзаның ауруға қарсы белсенділігін күшейтеді. Обыр клеткаларына тосқауыл болып, буын ауруларына пайдасы тиеді. Ғалымдардың пайымдауынша, саумал – жеңіл қорытылатын белсенді биологиялық өнім. Ол ағзаға сіңірілуі кезінде асқорыту үдерісіне қатысатын ағзаларға (асқазан, ұйқы безі, бауыр, ішек) үлкен жүктеме жасамайды. Сондықтан, дененің қалыпқа келу үдерісін жылдамдатады. Саумал метаболизмді қалыпқа келтіруге, суық тию мен тұмаудың алдын алуға және қатерлі ісік ауруын емдеу үшін қолданылады. Сондай-ақ, саумалдың көмегімен, иммундық жүйенің қызметін жақсартуға және асқазанның ойық жарасын емдеуге болады. Бие сүтінде көптеген дәрумендер, микроэлементтер және басқа да биологиялық белсенді заттар мол. Айта кетерлігі, мұндағы кейбір микроэлементтер, басқа сүт өнімдерінде кездеспейді. Саумалдың құрамындағы С дәруменінің мөлшері сиыр сүтінен 7 есеге жоғары. Қазірде Еуропа ғалымдарының өзі саумалды емдік және диеталық өнім ретінде пайдалануға кеңес береді.
Химиялық құрамы жағынан 1 литр бие сүтінде орта есеппен 20 г май және ақуыз, 70 г сүт қант, 800 мг кальций және 500 мг фосфор, көптеген микроэлементтер мен витаминдер бар. Бие сүтіндегі ақуыз 50% альбумин және 50% казеин. Сүтті қымыз ашытқанда белок нәзік үлпек түрінде түседі.
Бие сүтінде сиырға қарағанда сүт қанты 1,5 есе көп. Бұл оған тәтті-тәтті дәм береді, қымызды өңдеу кезінде қышқыл-сүтті және спиртті ашытуға қолайлы жағдай жасайды. Бие сүтінің майы сиыр сүтіне қарағанда азырақ, бірақ оның артықшылығы туберкулез бактерияларының дамуын тежейтін линол, линолен және арахидон қышқылдарына бай, ал олар сиыр сүтінің майында қарқынды дамиды. Бие сүтінің майы май түйіршіктерінің кішігірім және төмен балқу температурасына байланысты (20-26°С) нәзік консистенциясы бар, соның нәтижесінде ішекке оңай сіңеді. Бие сүтінің ерекшеліктері витаминді-минералды құрамына да байланысты. Құрамында 135 мг/л дейін С витамині, 300 мг/л дейін А витамині, 1000 мг/л дейін Е дәрумені, 390 мг/л дейін В дәрумені, 370 мг/л дейін витамин бар. В2 және т.б. С дәруменінің (аскорбин қышқылдары) құрамы бойынша жылқы сүті мал өнімдері арасында бірінші орында. С дәрумені профилактикалық қасиеттерге ие, дененің әртүрлі ауруларға төзімділігін арттырады. Е дәрумені қандағы холестеринді төмендету қабілетіне байланысты атеросклерозға қарсы профилактикалық және емдік қасиеттерге ие. А витамині (тиамин) жүйке жүйесінің жұмысын жақсартады, В дәрумені белок және көмірсу алмасуына қатысады, жүйке жүйесінің жұмысын жақсартады. А дәрумені ағза үшін өте маңызды, оның жетіспеушілігімен қартаю және солу процесіне ұқсайтын құбылыс дамиды. Бие сүтінің құрамындағы дәрумендердің мөлшері жыл мезгіліне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, А дәрумені жазда көп, ал Е витамині, керісінше, аз. Бие сүтіндегі минералды заттардың жалпы мөлшері сиыр сүтіне қарағанда 2 есе аз, кальций мен фосфордың қатынасы 2:1. Кальцийден басқа, жылқы сүтінде метаболизмге, тіндердің тыныс алуына және иммунитетіне оң әсер ететін басқа микроэлементтер - калий, натрий, кобальт, бал, йод, марганец, мырыш, алюминий және темір бар.
...