Батыс Тянь-Шянь гео жүйесінің экологиялық жағдайы
Автор: 123456akma • Май 20, 2018 • Реферат • 1,838 Слов (8 Страниц) • 1,394 Просмотры
МАЗМҰНЫ
1 КІРІСПЕ | |
1.1 Мекеме туралы қысқаша мәлімет | |
2 Негізгі бөлім | |
2.1 Батыс Тянь-Шянь гео жүйесінің экологиялық жағдайы | |
ҚОРЫТЫНДЫ | |
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР |
КІРІСПЕ
Батыс Тянь-Шань деп біз Қырғыз Алатауы немесе Александр жотасының орталық бөлігінен батысқа қарай орналасқан перифериялық тау жоталарын айтамыз. Осы маңға жақын жерде жалпы бағыты солтүстік-батысқа бағытталған Талас өзені Шу өзенінің сол жағалауындағы құмға сіңіп, Қырғыз Алатауынан тура батысқа тармақтала отырып, жоғарғы Таластың сол жағалауын түзетін гранит пен парфирден құралған альпі жотасы. Талас Алатауының биіктігі 4500 м асады да 3500 м-ден бастап қар жамылғылары басталады. Жамбыл қаласынан азырақ батысқа қарай жота оңтүстік-батысқа ауысады да бұл бөлік Угаш жотасы деп аталады.
Тура осы Угаш жотасынан бастап, темір жолы өтетін шақпақ асуының ойпаты арқылы, Талас Алатауынан Солтүстік-батысқа бірінші неғұрлым төмен және төбесі жота бастау алады да солтүстікке қарай Тараз қаласынан Шымкент қаласына дейін неғұрлым кең, ұзындығы 400 м-ге жететін Сырдариялық Қаратау жотасы солтүстік-батысқа темір жол арқылы шамамен Бурное станциясынан Шиелі станциясына дейін созылып жатады. Бұл жотаның әр бөлігі әр түрлі аталады, Шақпақ асуынан бастап осы атаумен Ванновка елдімекенінің жанынан Боралдай тау деп аталатын бөлік созыла өтеді. Жотаның Түркістан қаласына қарсы орналасқан орталық бөлігі Мыңжылқы деп аталады.
Қаратау батыс баурайы жайпаң және кең төбесі тау бөктерінен құралған, шығысы құрамалы, тіпті иіле асылып тұрған тастама шөлейтіне ұласады. Жотаның орташа биіктігі шамамен алғанда 1000-1500 м, Боралдайда биіктігі 1700-1800 м-ге жететін шоқылар бар. Мыңжылқының орталық ең биік бөлігі 2000-2100-ге жетеді. Жота сиенитті яғни ертепалеозойлық ізбесті тау жынысы мен тас көмірлі порфирлер, туфтар, гранит, аменит және металоморфтық хлоритті тақтатастан құралған. Угаш жотасы мен Қаратаудан басқа Талас Алатауынан оңтүстік-батысқа Сырдария өзеніне қарай Ташкент және Ходжент қалаларының маңында тағы да биік бір-біріне параллель орналасқан жоталардың ең шығысындағы шеткісін мәңгі қар басып, аспа мұздықтар жамылып жатады. Шатқал жотасы жоғарыға 4500 м көтеріліп, солтүстік-батысында Фергана алқабын жауып жатады. Шатқал жотасының оңтүстік-батыс тармақталған ұшы Ходжент қаласы маңынан Сырдария өзенімен кесіліп өтетін, сиенит пен порфириттен тұратын жалғыз жота. Моғал таудың абс. биіктігі 2000-ге жетеді. Шатқал жотасының Талас Алатауынан тармақталған жерімен бой көтерген кең сиенитті. Сансоновтың шыңы пирамидасының абс. биіктігі 4100 м. Шатқал жотасынан батысырақ Талас Алатауынан да оңтүстік-батысқа биік әрі құлама шыңды Піскем жотасының тармақталған жеріне жақын маңда Талас жотасының ең биік шыңдарының бірі Манас шыңының биіктігі 4800 м-ге жуық.
Сонымен Батыс Тянь-Шаньның батысында орталық Тянь-Шаньның орталық тізбектерін тұйықтайтын Ферғана жотасын жатқызуға болады. Ақ-Шинрақ, Кокшалтау т.б. өзі солтүстік-батысқа айқын созылып, Қаратау жазығымен сәйкестеліп, Талас, Шатқал, Ферғана жоталары түзілетін түйіннен тікелей жалғап жатқандай болады.
Мекеме туралы қысқаша мәлімет
Батыс Тянь-Шань — Орталық Азиядағы тау жүйесі, Тянь-Шаньнның батыс бөлігі. Батыс Тянь-Шань тауларын Қырғыз Алатауы, Талас Алатауы, Шатқал (4503 м), Құрама, Пскем, Өгем (Угам) және Қаратау жоталары құрайды. Жоталар прекембрий мен палеозойдың шөгінді, метаморфтық және жанартаутекті жыныстарынан (тақтатас, әктас, құмтас, мәрмәр, гнейс, гранит, эффузиялық жыныстар, т.б.) түзілген. Батыс Тянь-Шань жоталары герциндік қатпарлану қозғалысына ұшырап, тегістелу (пенеплендік) процесін өткерген. Сондықтан, бұлар онша биік емес, тау бастары жайпақ, батыс беткейлері көлбеу, шығысы құлама келеді. Жер қойнауы кен байлықтарына бай. Мұнда темір, молибден, ванадий, қорғасын кентастары, тас көмір және қоңыр көмір, каолин, т.б. құрылыс материалдары өндіріледі. Мұхиттардан алыс жатқандықтан онда қуаң климат қалыптасқан. Климаты тым континенттік. Жоталарының оңтүстік-батысындағы тау аңғарларында ауаның орташа температурасы қаңтарда - 3-5°С, шілдеде 20-25°С, жоғарғы белдеулерде қаңтарда - 10-15°С және одан да суық, ал шілдеде - 10-15°С болады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері тау аңғарлары мен етегінде 150-450 мм, одан биік белдеулерде 450-800 мм. Батыс Тянь-Шань таулары Шу, Талас, Сырдарияөзендерінің суайрығы болып табылады. Тау аңғарлары мен баурайларында тәлімі және суармалы егіншілік, мал шаруашылығы
...