Адам өміріндегі отбасының рөлі
Автор: aliya18.04 • Ноябрь 20, 2018 • Реферат • 291 Слов (2 Страниц) • 7,626 Просмотры
Адам өміріндегі отбасының рөлі.
Адам баласы дүние есігін ашқан сәттен бастап, өмірінің соңына дейін өзіне оттай ыстық, жанға жақын сүйікті адамдарының жанында болып өтеді. Жанұя – бұл әр адмның өміріндегі баға жетпес қазынасы. Әр адам бақытты болуға құқылы, бірақ кейбіреулер бақыттың сыры отбасыда екенін ұмытып жатады.
Біздің өміріміз сан алуан қызықтарға, оқиғаларға, неше түрлі жетістіктерге толы, бірақ соның ішіндегі ең елеулі жетістік – отбасынның амандығы, саған деген қолдауы мен сенімі болып табылады. Бұл жалған дүниеде ешкім жақын адамдарының шапағатынсыз, дем берер қолдауынсыз, жан жылуынсыз өмір сүре алмайды. Өмірдің мәні де сәні де сені жақсы көретін жанұянда деп ойлаймын.
Өкінішке орай, бұл байлықтын құнын қадірлемейтіндер де жетіп артылады. Қазағымыздың халық жазушысы Ғабиден Мұстафин айтып кеткендей, “Ата - ананы ұмытқан жас - опасыздың опасызы, рақымсыздың рақымсызы”. Менің ойымша, бір алдамшы құмарлыққа бола жанұянды естен шығару бұл нағыз ақымақтық. Қаншалықты алыста болып, жұмыстан бас алмай жеткен жетістіктерін, ата-ананың саған берер ақ батасының қасында құр тиынға тең.
Неліктен адам өмірінде отбасы өте маңызды рөл атқарады? Себебі, өз жанұяна жетер еш нәрсе жоқ. Жастың ерекшелігіне қарамастан қаншалықты алыс шалғайда жүрсен де, бәрібір өз отбасынды, туған адамдарынды сағынасын. Қиын-қыстау сәттерде еңсенді түсірмей тосқауылға төтеп беруін, жанына жақын адамдарының қолдауының арқасында. Өмірде өз орнынды тауып, қадірлі тұлға атануын отбасыннан алған тәлім-тәрбиенің есебінде.
От басы – жылы ұямыз,
Тірегі – ата-анамыз.
Уыз сүт еміп осында,
Уылжып біздер өсеміз.
Осында үлгі аламыз,
Осында адам боламыз.
Еркелеп, ойнап, еліктеп,
Осында өсіп толамыз
Деген өлең жолдарының өзі де , егер адам баласы отбасының қадірін біліп аялаған алақанында ұстай білсе, қолына бақ құсын қондырады деген сөзді білдіреді. Сондықтанда әр бір отбасы бір-біріне қызғыш құстай қорған болып, бірін-бірі демеп, сүйеу бола біліп, өмір бойы ынтымағы жарасқан отбасы қатарынан қалмау тырысу керек деген ойдамын. Сол кезде ғана адам өзін нағыз бақытты сезініп, отбасының қадірін түсінеді.
...