Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әль- Фарабидің "Қайрымды қала тұрғындарының көзқарастары"

Автор:   •  Октябрь 14, 2020  •  Эссе  •  553 Слов (3 Страниц)  •  1,022 Просмотры

Страница 1 из 3

Әль- Фарабидің « Қайрымды қала тұрғындарының көзқарастары" эссе

Ең бірінші бұл шығарманы қозғамас бұрын, Әль-Фарабидің өмірбаянына қысқаша тоқталсақ. Бүкіл араб- парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын өзге тілдерге де ортақ етіп жаза білген, ұрпақтарына мұра етіп қалдырған ұлы ойшыл, ұстаз, философ.  Туған жері қазақтың ежелгі Отырар қаласы. Алғашқы білімін сол жерде алады, артынан білімін толықтыру үшін сол тұстағы мәдениеттің орталығы болған Бағдат қаласында оқиды. Әль- Фараби ғылымды көбінесе өзі ізденіп оқиды.

Бізге мұра болып қалған шығармасы, ең кемел туындылардың бірі – « Қайрымды қала тұрғындары туралы көзқарас" трактаты. Бұл еңбек 948 жылы жарыққа шықты, осы трактатта өзі тұрған қайрымды қала туралы баяндайды. Адам баласы толық жетіліп дамуы үшін ол көп нәрсеге тәуелді, себебі ол өзіне қажетті барлық дүниелерді жалғыз жасай алмайды дейді. Сондықтан адам басқада адамдардың қоғамдастығында өмір сүру керек екендігі және сол кезде ғана ол толық дамып, бақытқа қол жеткізе алады дейді. Жалпы адамзат қоғамдастығын ойшыл екі үлкен түрге бөледі: толық және толық емес.

Толық қоғамның өзінде үш топқа бөліп қарастырған, олар үлкен ,орташа, кіші. Үлкен қоғамдастық бүкіл жерді мекендеуші барлық адамдардан тұратын жалпы қоғамдастық. Ал енді орташа қоғамдастық дегеніміз белгілі бір халық ретінде көрсетсе, кіші қоғамдастық белгілі бір қала деп көрсеткен.

Ал енді толық емес қоғамды Әль-Фараби төртке бөліп қарастырған. Олар: квартал, көше, үй және де ауыл. Ең соңғысы қала құрамына кірмегенмен, ең бірінші жоғары деңгейге осы қалада ғана қол жеткізе алады дейді.Кез келген дүниеге шын көңілмен, шынайы талаптанып , әрбір тұрғыны бақытқа жету үшін бір – біріне көмегін аямайтын қаланы қайрымды қала деп атайды.

Ал сол қаланың тұрғындарын бес топқа бөліп қарастырған. Яғни сол қала тұрғындары бес түрлі адамдар тобынан тұрады: ең құрметті адамдардан, шешендерден, өлшеушілерден, жакынгерлерден және байлардан. Ең құрметті адамдарға – ақылдылар, пайымдағыш адамдардан, маңызды істерде беделді адамдарды жатқызған. Шешердерге – діни қызметкерлер, ақындар, музыканттар, ал өлшеушілерге – есепшілер, дәрігерлер, оқытушыларды қосады. Енді байлар тобына – егіншілер, мал өсірушілер, саудагерлер, қол өнершілерді бөлген.

...

Скачать:   txt (7.2 Kb)   pdf (55.9 Kb)   docx (8.7 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club