Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әлеуметтік философия

Автор:   •  Апрель 29, 2021  •  Реферат  •  335 Слов (2 Страниц)  •  506 Просмотры

Страница 1 из 2

Әлеуметтік философия материяның ұйымдық әлеуметтік формасы ретінде қоғам мәселесін қарастырады. Оның обьектісі – әлеуметтік әлем.

Әлеуметтік философияның қарастыратын мәселелері:

Қоғамның мәні, оның пайда болуы, құрылымы;

Социумның жалпы даму заңдарын біртұтас жүйе ретінде қарастыру;

Қоғам дамуының болашағы;

Әлеуметтік жүйенің қызметтерінің заңдылығы.

Қоғам – адамдардың мәдени әрекеттері, қажеттіліктері мен қызығушылықтарының, мақсаттарының саналы ұйымдасқан формасы.

ХІХ – ХХ ғ.ғ батыс философтары мен социологтарының пікірінше, қоғам – еңбек бөлінісі мен ынтымақтастыққа негізделген қызметтік жүйе (О.Конт), қоғам – ұжымдық көзқарасқа сүйенген индивид үстінен қарайтын рухани шындық ( Э.Дюркгейм), қоғам – әлеуметтік әрекеттер жемісі болып табылатын индивидтердің өзара әрекеті (М.Вебер), қоғам – қоғамдық қатынастар жиынтығы (К.Маркс).

Қоғамдық сана – қоғамның рухани өмірінің, адам ойында шындықтың бейнеленуінің барлық түрлерін қамтитын философиялық категория; әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың өмір сүру процесінде пайда болатын адамдардың әлемге және өздеріне деген қатынастарының рухани тәсілдерінің жүйесі.

Қоғамдық сана қоғамдық болмыстан туып, соның бейнесі мен туындысы болып табылады. Қоғамдық болмыс өзгерсе сана да өзгереді. Бірақ қоғам мүшелерінің санасы белгілі бір мерзімге дейін өзгерген болмысқа сәйкес келмей, артта қалуы мүмкін. Қоғамдық сана болмысты бейнелеп қана қоймайды, ол бейнеленген нысанды қозғайды, өзгертіп, дамытады.

Қарапайым қоғам –

...

Скачать:   txt (5 Kb)   pdf (37.1 Kb)   docx (8.5 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club