Әдеби философия
Автор: Zein Abilkasymova • Март 14, 2021 • Доклад • 574 Слов (3 Страниц) • 505 Просмотры
“Әдеби философия”
Мен Бауыржан Момышұлының тұңғыш туындысы болған, қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік шығармаларының бірі «Ұшқан ұя» повесін оқыдым. Бұл повесть 1974 жылы жазылған, 1976 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болған. Кітаптың 480 беті бар . Соңғы рет 2003 жылы басылып шыққан. Бұл кітапта он алтыншы жылдың дүрбелеңі мен күштеп ұжымдастыру кезіндегі тартыстар батыл айтылып, Кеңес өкіметі қалыптасуының алғашқы жылдары кеңінен қамтылған.
Бауыржан Момышұлы – Кеңес Одағының Батыры, халық қаһарманы, әскери шенді қызметкер, даңқты қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы. Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24-желтоқсан күні Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында қарапайым, мал бағатын шаруа отбасында дүниеге келген. Қазақ халқының біртуар батыр ұлы Бауыржанның Кеңес үкіметі мен қазақ халқы үшін жасаған ерліктері мен еңбектері өте зор болды. Ол тек қана әскери адам ретінде ғана емес, сонымен бірге жазушы ретінде де танылды. Оның еңбектерін оқыған жас буын өкілдері Отанға деген сүйіспеншілікті бойларына сіңіріп өсті. Ол өскелең ұрпақ алдында өзінің ерлігі мен тікмінез қайсарлығын көрсете білген батыр.
Шығармадағы басты кейіпкерлер: Имаш- Бауыржан Момышұлының атасы, шығармада от жанарлы, шымыр шал болып танылады. Имаш 1911 жылы 92 жасында дүниеден өткен. Қызтумас – әжесі, ертегіші, салт жоралғыны көп білетін, ел анасы. Момыналы – Бауыржанның әкесі, жұрт Момыш деп кеткен. Жасынан өлеңге жақын, еті тірі,орысша хат таныған.ағаш ұста, зергер, етікші, аймаққа әйгілі сыйлы адам. Рәзия – Бауыржан Момышұлының анасы,Байтана руынан Әбдірахманның қызы, Бауыржанның үш жасында қайтыс болыпты. Момынқұл – әкесінің кенже інісі, қыңыр мінезді, епті, алаңғасар, әжесінің айтуынша Серкебай нағашысына тартқан деседі. Төлебай – Момыштың ағасы, тәмпіш мұрын шал, артынан Құрмангүл деген қызы қалған. Үбіш – Рәзияның тұңғышы, Үбиан, Сәлима, Әлима– Бауыржан Момышұлының әпкелері. Серкебай – әжесінің інісі, нағашысы, алпысқа келіп қалған, күрт мінезді қатал кісі.
«Жазушы бұл шығармасында балалық шағында, көрген, куә болған оқиғалар арқылы жалпы сол тұстағы қоғамдық өмірді суреттейді. Қаламгер өзінің ес біле бастаған кезінен мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі өмірін еркін әңгімелейді. Бұл шығармада Бауыржан әлемнің пайда болуы, тірлік, өмір туралы алғашқы мағлұматтарды,азаматтық тұрғыдағы аңыз-әңгімелерді әжесінен естігенін үлкен сүйіспеншілік сезімен есіне алған,сондай-ақ ненің жақсы, ненің жаман екенін, нені сүйіп, неден аулақ жүруді әжесінен үйренгенін мақтан етеді. Әкесі Момыш өз бетімен сауат ашқан, сол кездегі көзі қарақты адамдардың бірі болған. Бауыржан 3 жасқа келген соң анасы Рәзия қайтыс болады да, әжесі Қызтумастың қолында өседі. Шығармадағы негізгі мәселе – Адам , оның кемелдену жолдары болса, шығарма сюжеті осы адамдардың өзара әңгімелесуі, кеңесуі арқылы дамиды. Шығармадағы әр жолдың айтар ойы айқын: адалдық, мейірімділік, жомарттық, ұстамдылық, ұят – намысшылдық, ел қамын ойлау.
...