Қарағанды станциясы стансасы туралы жалпы мәлімет
Автор: zhakibjj • Октябрь 17, 2018 • Реферат • 784 Слов (4 Страниц) • 1,817 Просмотры
1 Қарағанды станциясы стансасы туралы жалпы мәлімет
Қарағанды тасымалдау бөлімшесінде орналасқан «Қарағанды» станциясы сипаты бойынша жүк және жолаушы станциясы болып табылады және бірінші классқа жатады. «Қарағанды» станциясы Анар – Мойынты екі жолды телімінде орналасқан және келесі аралықтармен шектеледі: тақ бағытта ст. Қарағанды – Майқұдық, жұп бағытта – ст. Қарағанды – Қарағанөзек. Тақ бағытта қозғалыс дұрыс және дұрыс емес бағыттар бойынша АЛСН кодтар бойынша жүзеге асырылады. Жұп дұрыс бағытта қозғалыс бағдаршам мен АЛСН кодтары ал дұрыс емес жолда - АЛСН кодтары бойынша.
Сурет 1.1-де станцияның жолдық дамуы келтірілген.
[pic 1]
Сурет 1.1 – Қарағанды станциясының жолдық дамуының сұлбасы
Станцияда «НЕМАН» орталықтандырылған бақылау жүйесі қолданылады, бұл СЦБ құрылғылары мен ДСП ның әрекеттерін бақылауға мүмкіндік береді. Станция электрлік орталықтандырылған бұрмалар мен сигналдармен жабдықталған.
«Қарағанды» станциясы қабылдау-жөнелту жолдары мен жүк құрылғыларының орналасуы бойынша көлденең типтегі станция болып саналады.
Станцияда екі жүк аудандары мен үш парк бар:
- «А» - жолаушы паркі;
- «Б» - жүк паркі
- «В» - ранжирлік.
«А» және «Б» парктері қабылдау-жөнелту парктеріне жатады.
Станцияға өнеркәсіп пен сауда кәсіпорындарынан тоғыз кірме жол қосылады. «А» жолаушы паркі қос бағытта жолаушы электропоездарын қабылдап-жөнелтуге арналған, жолдық дамуы бес жолдан тұрады: 4, 6, 8, 10, 12 жолдар. Осы жолдармен жұп және тақ жолаушы поездары мен электропоездары қабылдап-жөнелтіледі.
18 жол – тартым жолы, жолаушы поездарын құрастыруға арналған.
33 жол – почта-багажды вагондарды тиеп-түсіруге және жолаушы вагондарын электродомкратқа даярлауға лайықталған тұйық жол.
«В» ранжир паркі жолаушы құрамдары мен вагондарын құрастыруға арналған. Жолдық дамуы 8 өтпелі, 8 тұйық жолдардан және 1 тартым жолынан тұрады: 1, 2, 2а, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13,37,38.
Жолдардың мамандандырылуы.
1, 2, 2а, 5, 6, 7, 8, 9 жолдары жолаушы құрамдары мен вагондарын құрастыруға арналған.
37, 38 жолдар біріктірілген, «А» жолаушы паркімен қатынасуға лайықталған.
3 жол – тұйық жол.
4 жол – жолаушы вагондары мен құрамдарын жуып-тазалау үшін қажет.
13 жол – арнайы вагондарды шегіндіретін тұйық жол.
10 жол – жолаушы вагондары мен құрамдарын шегіндіретін және жүк түсіруге арналған жол.
12 жол – жолаушы поездары құрастырылатын тартым жол.
Ранжирлік парк станцияның тақ алқымының оңтүстік-батыс жағында Қарағанды – Қарағанөзек аралығының басты жолдарына параллель орналасқан.
Парк жолаушы құрамдарын рейске дайындауға, шегіндіруге, құрастыруға, жабдықтау мен жөндеуге дайындауға арналған. Парктің жолдық дамуы 7 өтпелі, 4 тұйық жолдан және бір тартым жолынан тұрады. Тақ жағынан парк жолаушы қабылдау-жөнелту паркімен біріктірілген екі жол – 37, 38 жолдар арқылы жалғанған.
2 Қарағанды стансасының пайдалану жұмысын сараптау
Жүк жұмысы жалпы пайдалану және жеке пайдалану орындарында атқарылады. Жалпы пайдалану орындарында тиеу-түсіру операциялары жинақталған темір жол станциясының жүк аулалары және темір жол қарамағындағы басқа да тиеу-түсіру қосындары жатады. Жеке пайдалану орындарында мекеме мен кәсіпорын қарамағындағы қоймалар, жүк алаңдары және қосындар жатады.
Жүк тасымалдау жөнелтушінің қаржысы есебінен дайындалады. Жүк кеңсесінде кіре ақысы анықталып, оны жүк қағазына жазады (кірме ақысы арнайы тарифпен анықталады). Бұл ақыны басқа теміржол жүкті тиеу, түсіру, салмағын өлшеу және кірме жолға вагондарды жеткізу үшін үстем ақы алады. Жүк қағазы негізінде жүк кеңсесінде кіре ақы қағазын толтырады. Жүк кеңсесінде тасымалдауға берілетін ақы алынып, бұл жөнінде жүк жөнелтушіге құлақ қағазы беріледі.
...