Қазіргі заманғы Қазақстан жастарының этикалық құндылықтары
Автор: Zhaksygali • Март 28, 2021 • Доклад • 828 Слов (4 Страниц) • 1,185 Просмотры
Қазіргі заманғы Қазақстан жастарының этикалық құндылықтары
Еліміз қазіргі кезеңде экономиканың және технологияның жоғарғы деңгейге жетіп, қарыштап, қанат жайған шағында деуге болады.Осыған сай өркениетте дамыған шақта. Адам санасымен дүниетанымы кең ауқым алып жоғарылаған сайын қоғам мен заманда соған сай өзгереді. Қазіргі заман жастары, Тәуелсіз мемлекетте, өркениет кезеңінде өмір сүріп жатқандығы аян.Соған сай, жастардың этикалық, эстетикалық санасы жоғары деп көрсетуге болады әрине, бәрі бірдей саналы немесе санасыз деп көпке топырақ шаша алмаймыз.Білім деңгейі жағынан қазіргі жастардың мүддесі аса жоғары. Жалпы алғанда этика қарапайым адамзаттық құбылыс,мінез-құлық ұғымдарының жиынтығы. Қазіргі заман жастарының басым көпшілігі рухани байлығы жағынан көрсем, білсем деген ұмтылысы зор. Талабы мен шығармашылық қабілеті, технологияны игеруі жақсы дамыған, ұмтылысы жоғары жалпы алғанда туған жер, отан, отбасы сыңды баға жетпес рухани құндылықты сүюге жетелейтін төте жол деуге болады. Қазіргі жастарды тарихи жетістіктердің мирасқоры және халық бірлігін құраушы ретінде сендіру маңызды рөл атқарады. Осы тұрғыдан қарастырғанда рухани бай, кеудесі алтын сандық жастардың дүниеге деген көзқарасы кең әрі қырақты келеді. Қазіргі жастардың ертеңгі ел болашағының тізгін иесі, ел ертеңі екендігі ескеретін болсақ, олардың этикалық құндылықтарды бойына сіңіруіне баса ден қою қажет. Дүниеге танымы зор жастардың кемел келешекке ұмтылысы,білім, ғылымға деген құштарлығы биік болуы керек.Ұлы белестер мен мақсаттарды бағындыруда жастардың бойындағы асыл қасиеттердің болуы басты қаруымыз.
Құндылықтар мәселесі-ғылымда бұрыннан зерттелген мәселелердің бірі. Құндылық ұғымы объективті және субъективті факторлардың бірлігімен анықталатын күрделі сипатқа ие. Біздің түсінігіміздегі құндылықтар кез – келген материалдық немесе идеалды құбылыстар болып табылады, олар үшін жеке адам, әлеуметтік топ, қоғам оларды алуға, сақтауға және иеленуге күш салады, яғни құндылықтар-бұл адамдар өмір сүретін және бағалайтын нәрсе. Әлеуметтанулық тұрғыдан алғанда, адамның, атап айтқанда жас ұрпақтың құндылық санасы әлеуметтену процесінде қоғамда құндылықтарды игерген кезде анықталады және дамиды. Олардың қалыптасуына жеке, жас, мәдени факторлар әсер етеді. Басқаша айтқанда, жас ұрпақтың құндылық бағдарларын қалыптастырудың келесі факторларға үлкен тәуелділігі бар: туған жері, тұрғылықты жері (қала немесе ауыл), аймақ, отбасының материалдық жағдайы және тағы басқалар. Жастардың құндылық бағдарларының қалыптасуы мен дамуына: отбасының әлеуметтік-экономикалық жағдайы, қоғамдағы әлеуметтік-саяси жағдайлар, Қоршаған орта, географиялық жағдай әсер етеді. Жеке және топтық жастар санасының қозғалғыштығы әлеуметтік жағдайдың тұрақсыздығымен, әлеуметтік мәртебенің қалыптаспауымен, осы әлеуметтік топқа тән рөлдік құрылымдардың белгісіздігімен анықталады. Бұл көбінесе жастардың рухани өмірінде туындайтын проблемаларды түсіндіреді: руханият, құндылықтардың деформациясы, моральдық нормалардың бұзылуы, агрессивтілік, қоғамға қарсы және мәдениетке қарсы көріністер. Сондай-ақ, жастармен проблемалар әртүрлі күштердің оның санасын басқаруға, жастарды өз мүдделеріне пайдалануға деген ұмтылысына байланысты туындайды.
...