Ғылыми таным. Ғылыми зерттеудің эмпирикалық және теориялық деңгейлері мен олардың әдістері
Автор: 020625600487 • Октябрь 10, 2021 • Реферат • 2,399 Слов (10 Страниц) • 2,007 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
[pic 1] | Коммерциялық емес акционерлік қоғам «М.ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» |
«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАСЫ» ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Ғылыми таным. Ғылыми зерттеудің эмпирикалық және теориялық деңгейлері мен олардың әдістері.
Студент: Сидикова Г
Тобы: ЕП 20-16К
Оқытушы: Тұмашбай Т
Шымкент, 2021ж
Жоспар
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1. Ғылыми танымның деңгейлері
2.2. Ғылыми танымның әдістері
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Ақыл-парасат, сана – сезім иесі ретінде адамның ең басты қасиеттерінің бірі — өзін қоршаған ортаны танып – білуге деген ерекше ұмтылыс. Адам айналасындағы әлеуметтік дүниені, табиғи әлемді танып білу барысында олардың ішкі құпиясына үңілуді, қасиеттерін анықтайды, даму заңдылықтарын біледі, өзінің орнын, басқа адамдармен қарым – қатынасын белгілейді.
Басқаша айтқанда, таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білім кеңейіп, тереңдей түседі; адамның заттар мен құбылыстар туралы жалпы мәлімет ішкі мәнге қарай ұмтылып, жүйелі, шынайы білімге айналады. Ендеше, танымды адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы деп есептеуге болады.
Философиядағы тиянақты идеалистік ағым жалпы алғанда дүниені танып – білуге болатындығын мойындайды.
Таным өте күрделі, қайшылыққа толы, ұзаққа созылған процесс болғандықтан, оны іске асыру барысында тұрлі әдістер мен тәсілдер қолданыланына өзінен — өзі түсінікті. Кең мағынада әдіс дегеніміз белгілі бір мәселені шешу үшін таңдап алынған жол, қолданылатын айла мен әрететтер жиынтығы. Ғылыми таным әдістерін қолданудың басты мақсаты шынайы, ақиқат білімге қол жеткізу.
Ғылыми танымның әдістері өте көп, әрі сан салалы, себебі танып білудің объектісі болып табылатын материалдық және рухани дүниенің өзі көп түрлі, сан салалы. Дегенмен, ғылыми танымның барлық әдістердің шартты түрде үш топқа бөлуге болады: 1) жалпылама диалектикалық әдіс. Ол болмыстың барлық жақтарын зерттеуге және таным процесінің барлық кезеңдерінде қолданылады; 2)жалпы ғылыми әдістер. Олар ғылымның барлық саласындапайдаланылғанымен, таным процесінің барлық кезеңінде қолданыла бермейді; 3) жекеше әдістер. Олар нақты құбылыстарды бір ғылымның шеңберінде зерттеуге қолданылады.
Ғылыми танымның жалпы әдістері мен түрлерін қарастыру үшін танымның эмпириалық және теориялық деңгейлерін ажыратқан дұрыс, себебі әр деңгейдің өзіндік ерекшеліктерімен әдістері бар.
2.1. Ғылыми танымның деңгейлері
Ғылыми танымның екі деңгейі бар: эмпирикалық және теориялық.. «Бұл айырмашылық өзінің негізі бірдей емес, біріншіден, ең танымдық белсенділіктің тәсілдері (әдістері), екіншіден, қол жеткізілетін ғылыми нәтижелердің сипаты бар». Бір жалпы ғылыми әдістер тек эмпирикалық деңгейде (бақылау, эксперимент, өлшеу), басқалары — тек теориялық (идеализация, формализация), ал кейбіреулері (мысалы, моделдеу) эмпирикалық және теориялық деңгейде қолданылады.
...